Суасты әлемнің құпиялары?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Суасты әлемнің құпиялары.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Shpak9808 5 июл. 2020 г., 06:07:55

Боларсыз.

Мұхиттардың түбін жайлаған тіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланың соңында жүр.

Кейбір ғалымдар мұхит түбінен көне өркениет іздерін, су асты пирамидаларын тапқан.

Десек те, олардың мүмкіндіктері шектеулі.

Мысалы ерттеушілер әлі күнге Бермуд үштағанының сыры мен Атлантиданың орнын таба алмай жүр.

Олар сонымен бірге ескі аңыздарда жиі аты аталатын су құбыжықтарының бар - жоғын да анықтай алмай отыр.

Солардың бірі Лох - несс құбыжығы

Шотландияның шағын көлі Лох - несстен бірінші болып құбыжықты көрген Рим легионерлері болса керек.

Судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талай адамдардың жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан - мыс.

Аңыздың кең тарала бастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шыға бастайды.

Содан бастап оның атағы жер - жаһанға жайылып, көпке танымал құбыжыққа жұрт «Несси» есімін береді.

Сол жылдары айналдырған бір айдың ішінде Несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… Ал 1943 жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланның сұлбасын көріп суретке түсіріп алады.

Құбыжықтың бар - жоғын білгісі келген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген.

Олар көл түбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенін анықтаған.

Бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек.

Бірі мұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтың бар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек.

Вирджиния университетінің профессоры Хенри Бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған бір түрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан.

Осындай адам сенгісіз әңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көруге алыс - жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен.

Дәл осылайша таңғажайып аңыздармен аты шыққан көл — Бросно.

Бұл көлде төменгі Новгородты бетке алған татар - моңғол әскерінің күл - талқанын шығарған алып құбыжық мекен еткен - мыс.

Бұл жердің адамдары да кезінде айдын бетінен аузынан от шашқан айдаһарды көрген.

Алайда бұл оқиғаларға айдаһардың еш қатысы жоқ екен.

Мәселенің мән - жайы кейін белгілі болды.

Аталмыш көл түбінде қысымы өте жоғары газдар жинақталатын көрінеді.

Газ су түбіндегі тербелістер кезінде алапат күшпен көкке атылады.

Міне, балықшылардың із - түссіз жоғалуына, шағын қайықтардың су түбіне кетуіне осы жайттар себепші болған.

Ал егер сол уақытта балықшылар темекі тартып отырған болса, айдын беті бір сәт қызыл отқа оранады.

Көл айдаһары жайлы аңыз осыдан шықса керек.

Норвегияның Ремшен көлі де құбыжығы көп айдынның бірі.

Бұл көлден де бірталай куәгерлер ұзындығы 15 метрге жететін жыландарды, алып айдаһарларды көрген.

Ремшенді зерттеген мамандардың құрылғылары да су түбінен шыққан беймәлім дыбысты жазып алған.

Алайда құрылғыдағы бұл дыбыстар ғалымдардың нақты шешім қабылдауы үшін жеткіліксіз болып отыр.

Мариан шұңғымасы

Сонау 1700 - 1800 жылдар аралығында мұхитта себепсізден себепсіз жоғалып отырған кемелердің күйреуінің сыры ашылды.

Мұхиттардың құпиясын іздеген мамандар күн сайын жаңа жетістіктерге қол жеткізуде.

Олардың заманауи зерттеу құралдарына ірілі - ұсақты түрлі жануарлардың сұлбасы түсіп жатады.

Олардың ешкімге түсініксіз суреттерін көрген адам ежелгі аңыздардың шындығына бір мысқал сенгендей болады.

Сондай - ақ кейде теңіз жағалауына адам естіп білмеген, өмірінде көрмеген жануарлардың қаңқасы мен денесінің шығып қалатыны да өтірік емес.

Осындай ерекшеліктерді ескерген зерттеушілер суда әлі де толық зерттеліп болмаған тіршлік иелері бар деген ойда.

Мысалы, жердің ең терең нүктесі саналатын Мариан шұңғымасы әлі де толық зерттеліп болған жоқ.

Бұл шұңғыманың түбіне 2012 жылға дейін ешбір елдің ғалымдары жетіп көрмеген болатын.

Ал 2012 жылы оның түбіне режиссер Джеймс Кэмерон «Челенджер» атты бір орындық су асты кемесінің арқасында жеткен болатын.

«Титаник» фильмінің режиссері бұл сапарында талай ғасырлар бойы ғалымдарымыз қол жеткізе алмай жүрген деректерге қаныққан.

Өзімен бірге ала кеткен 3D форматындағы камерасына ол тұрпаты адамзатқа беймәлім су жануарларын түсіріп үлгеріпті.

Бұл ғалымдардың «су тереңдігі 6000 метрден асқан соң, қысымы жоғары, температурасы 0 градусқа дейін жететін ортада ешбір тіршілік иесі өмір сүре алмайды» деген тұжырымын жоққа шығарды.

Ал оған дейінгі зерттеушілердің құрылғылары беймәлім жануарлардың сұлбасын түсіріп, су түбінен әртүрлі дыбыстарды жазған.

Америка ғалымдары бір жылдары шұңқырға «Кірпі» аталатын құрылғысын түсіріп, оның камерасына түскен бірнеше басты айдаһарға ұқсайтын жануарды байқап қалған.

Құрылғыны су бетіне қайта шығарғанда мамандар зерттеу аппаратының себепсізден себепсіз майысқанын және оны кемемен байланыстырып тұрған тростың мүжілгенін байқаған.

Шұңғыманың «иелері» дәл осылайша неміс ғалымдарының да үрейін алыпты.

Германия зертеушілері «Хайфиш» зерттеу құрылғысын 7 шықырым тереңдікке дейін түсірген.

Алайда сол деңгейге жеткенде не төмен түспей, не жоғары көтерілмей қойған «Хайфиш» мамандарды біраз әбігерге салған.

Неміс ғалымдары да сол аралықта өздерінің құрылғысына ұмтылған алып ж құбыжықтар бар шығар….

HelpmePLEASE1337 19 февр. 2020 г., 08:32:21 | 10 - 11 классы

СОСТАВЬТЕ ПОЖАЛУЙСТА 4 ВОПРОСА К ТЕКСТУ Германияда оқу үшін орынды негіздер Германия өзінің тарихи қалаларымен және әр алуан ландшафтымен ғана әйгілі емес, ол сондай - ақ бүкіл әлемге танылған мәдение?

СОСТАВЬТЕ ПОЖАЛУЙСТА 4 ВОПРОСА К ТЕКСТУ Германияда оқу үшін орынды негіздер Германия өзінің тарихи қалаларымен және әр алуан ландшафтымен ғана әйгілі емес, ол сондай - ақ бүкіл әлемге танылған мәдениет және өнер орталығы болып табылады.

Германия әлемнің жетекші жоғары дамыған индустриалды мемлекеттердің қатарына жатады, бұл жоғары дәрежелі университеттер мен ғылыми - зерттеу орталықтардың елі.

Mercedes автокөліктері және «Siemens» фирмасының телефондары, MP3 - формат, аспирин таблеткалары – осының бәрі Германияны бүкіл әлемге әйгілі еткен аз ғана жетістіктер.

Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ, 2010 жылы Германиядан бір миллиард АҚШ долларынан астам сомаға өнім импортталды.

Экономикалық табыс неміс жоғары оқу орындарының және зерттеу зертханаларының жетістіктерімен тығыз байланысты.

Соңғы 19 жылда 20 неміс ғалымы Нобель сыйлығын алды.

Көп ғасырлық дәстүрі бар университеттер, мәселен, Хайдельберг қаласының университеті, жас әрі инновациялық жоғары оқу орындарымен және жоғары санатты алдыңғы қатарлы зерттеу орталықтарымен қатар бүкіл әлемнің студенттері мен ғалымдарына оқу және ғылыми қызмет үшін мүмкіндіктердің кең аясын ұсынады.

Германияда оқудың төмендегідей жақсы жақтары бар : Ең алғашқы неміс университеті 1386 жылы Хайдлбергте құрылды.

Ал бүгінгі таңда 300 - ден астам неміс жоғары оқу орындары жоғарғы дәрежелі білім береді.

100 млн - дай адамның ана тілі боп табылатын неміс тілі –Еуропадағы ең көп қолданылатын тіл.

Үздіксіз өсіп отырған неміс экономикасы мен оның бүкіл әлемдік қатысы неміс тілінің әлем нарығындағы құнын уақыт озған сайын жоғарылатып отыр.

Студенттердің тіршілік шығындары алуан түрлі жәрдем көрсету қорлары мен қолдаулар арқылы қысқаруда.

Жоғары оқу орындарының бос уақытты көңілді өткізуге арналған әр түрлі спорттық, мәдени және басқалай ұсыныстары университет территориясынан тыс жерлерде де орын алады.

Vchvshbvnj 10 окт. 2020 г., 22:44:04 | 5 - 9 классы

ПЕреведите с казахского на русский : Жак - Ив Кусто - белгілі француз ғалымы, мұхит зерттеушісі?

ПЕреведите с казахского на русский : Жак - Ив Кусто - белгілі француз ғалымы, мұхит зерттеушісі.

Ол көптеген ғылыми кітаптар жазған.

Мұхит астындағы өмір туралы ондаған фильм түсірген.

Оның бұл фильмдері әлемнің барлық елдерінде көрсетіледі.

Ғалым өзінің бүкіл өмірін табиғат тіршілігіне, оны зерттеуге арнаған.

Turezhan0207 9 авг. 2020 г., 09:48:41 | 5 - 9 классы

ПЕРЕВЕСТИ НА РУССКИЙ ЯЗЫК СЛЕДУЮЩЕЕ "Ежелден даналар артық ішілген ас пен судың пайдасы аз екенін айтып келді?

ПЕРЕВЕСТИ НА РУССКИЙ ЯЗЫК СЛЕДУЮЩЕЕ "Ежелден даналар артық ішілген ас пен судың пайдасы аз екенін айтып келді.

Грек философы Сократ : "Біз жеу үшін өмір сүрмейміз , өмір сүру үшін жейміз"деп те айтқан болатын.

Шынында , біз не жеп , не ішіп , қалай жеп жүргенімізге көп мән бермейміз.

Мамандардың айтуынша , егер біз тамақтану тәртібін сақтап , асымызды түрлендіріп дұрыс тамақтансақ , өміріміз жеңіл әрі ұзақ болады дейді.

Ең дұрысы , тамақтанғанда асқазанға , 60 - 70 пайыз ғана күш түсіруге болады екен.

Дастарқан басынан сәл тоймай тұрғаныңыз жөн.

Яғни , тәбетіңіз келіп тұрса да , тоқтау қажет екенін ұмытпаңыз.

Нанды азырақ жеген дұрыс , соның ішінде, ашытқы қосылмаған нанды жеген пайдалы екен.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде ашытқысыз пісірілген нан , тоқаштар жейді.

Содан кейін крахмалы көп тағамдарды азайту керек.

Мүмкіндігінше буға піскен тамақты көбірек жеу керек.

Ас тұзының да зияны көп.

, қазір оның орнына теңіз салаттар , тағамдар дайындайды.

Dtytnuioioop 26 нояб. 2020 г., 07:39:36 | 1 - 4 классы

Суасты әлемінің құпиялары тақырыбында әңгіме қурау?

Суасты әлемінің құпиялары тақырыбында әңгіме қурау.

Polinanicolaychuck 19 окт. 2020 г., 21:30:37 | 5 - 9 классы

Помогите написать сочинение на тему : "Әлемнің әміршісі - еңбек"?

Помогите написать сочинение на тему : "Әлемнің әміршісі - еңбек".

Лапушочек 19 нояб. 2020 г., 05:10:28 | 5 - 9 классы

Мәтіндегі негізгі ой бойынша өзіңіздің ертегіңізді құрастырыңыз?

Мәтіндегі негізгі ой бойынша өзіңіздің ертегіңізді құрастырыңыз.

Көлемі 100 - 120 сөз болу тиіс.

Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі ескі, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті.

Ана өте өнерлі, ісмер болыпты.

Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас - суға айырбастап, күндерін көріпті.

Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.

Балалар да ер жетеді.

Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын.

Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді.

Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді.

Суреттегі әдемі бау - бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады.

Суретке әлсін - әлсін қарап таңданады.

Суретшінің қиялына дән риза болады.

Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады.

Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды.

Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.

- Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?

— деп балаларына күрсіне қарады.

- Егер бәріміз бірлесіп жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас, - деп балалары аналарын жұбатқандай болды.

Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды.

Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды.

Оқып, білім алады.

Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады.

Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады.

Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Ана балаларына, өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады.

Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады.

Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.

17021995 2 нояб. 2020 г., 05:56:20 | 5 - 9 классы

Напишите вопросы - ?

Напишите вопросы - ?

- Ең әйгілі веложарыстар - "Тур де Франс" және Әлемдік веложарыс.

- ? - "Тұр де Франс", жолбағыты жыл сайын өзгеріп отырады.

- ? - Жолбағыттын ұзақтығы 4000 км болады.

- ? - Сары майканың иегері - осы веложарыстың топ бастау.

- ? - Ол әлемнің ең жақсы велосипедшісі деп саналады.

Нипик 12 окт. 2020 г., 10:43:42 | 5 - 9 классы

Сөйлемдерге сұрақтар дайындаңдар?

Сөйлемдерге сұрақтар дайындаңдар.

1)теледидар пайда болғанша қаншама физиктер, ғалымдар еңбектеніп ізденді.

2)алғашқы электронды теледидар 1949 жылы пайда болды.

3)теледидар бүкіл әлемнің, бүкіл адамзаттың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналд.

Gaggarin2001 23 нояб. 2020 г., 15:55:58 | 5 - 9 классы

Нужно из второго столбика подставить слова в первый столбик?

Нужно из второго столбика подставить слова в первый столбик.

Күні түні .

Демалмайды.

Төрт маусым

Әлемнің .

Құраушысы бар.

Он екі ай

Жылды .

Бөлеміз.

Ай мен күн

Адамның .

Болады.

Қасиетті

Бір жылда .

Бар. алты парыздың

Төрт саны - .

Жұп сан.

Төрт

Сәлем беру - .

Бірі.

Он екі мүшесі.

Кисель228епт 7 дек. 2020 г., 02:05:33 | 10 - 11 классы

Помогите перевести пожалуйста?

Помогите перевести пожалуйста!

И составьте 5 - 10 вопросов!

Даю 75 баллов !

Музейлердің есептік - сақтау және жаңалау жұмыстарының жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлемнің барлық музейлеріндегі ереже, талаптар мен жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған «Музей құндылықтарын есепке алу мен сақтау бойынша нұсқау» жасалды.

Республика музейлерінің қызметкерлерінде жинақтау қызметінің, экспонаттарды ғылыми өңдеудің, сақтаудың, жөндеудің зор тәжірибесі жинақталып үлгердң.

Музейлерде суреттердің, сызбалардың, мүсіндердің, металлдар мен жұмсақ металлдардың, қор сақтау және фотозертханалары жаңа техникалық құралдармен жабдықталуда.

Бұл музейлерде жаңғыртуға (реставрацияға) жататын жәдігерлер қарастырылып, оның нәтижелері қабылданатын Жаңғырту Кеңестері жұмыс істейді.

На этой странице сайта вы найдете ответы на вопрос Суасты әлемнің құпиялары?, относящийся к категории Қазақ тiлi. Сложность вопроса соответствует базовым знаниям учеников 5 - 9 классов. Для получения дополнительной информации найдите другие вопросы, относящимися к данной тематике, с помощью поисковой системы. Или сформулируйте новый вопрос: нажмите кнопку вверху страницы, и задайте нужный запрос с помощью ключевых слов, отвечающих вашим критериям. Общайтесь с посетителями страницы, обсуждайте тему. Возможно, их ответы помогут найти нужную информацию.