Мәтіндегі негізгі ой бойынша өзіңіздің ертегіңізді құрастырыңыз?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Мәтіндегі негізгі ой бойынша өзіңіздің ертегіңізді құрастырыңыз.

Көлемі 100 - 120 сөз болу тиіс.

Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі ескі, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті.

Ана өте өнерлі, ісмер болыпты.

Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас - суға айырбастап, күндерін көріпті.

Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.

Балалар да ер жетеді.

Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын.

Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді.

Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді.

Суреттегі әдемі бау - бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады.

Суретке әлсін - әлсін қарап таңданады.

Суретшінің қиялына дән риза болады.

Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады.

Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды.

Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.

- Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?

— деп балаларына күрсіне қарады.

- Егер бәріміз бірлесіп жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас, - деп балалары аналарын жұбатқандай болды.

Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды.

Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды.

Оқып, білім алады.

Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады.

Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады.

Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Ана балаларына, өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады.

Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады.

Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Karakoily05 19 нояб. 2020 г., 05:10:30

Маған атамосы ертегіні қанша рет айтса да мен алғаш рет естіп отырғандай, қызыға тыңдаушы едім.

Бұл ертегі сіздерге де ұнайтынына сенімдімін.

Бір жас жігіт өз бақытын іздеп, ата - анасының ақ батасын алып, жолға шығыпты.

Жүре - жүре шаршағаннан үлкен бір ағаштың жанына демалғалы отырса көзі ілініп кетіпті.

Көзін ашқанда айдай сұлу, әдемі қыз алдында тұр.

Қыз ауылы жақын жерде екенін айтып, үйіне қонаққа шақырады.

Осы ауылдан жігіт өз бақытын табады.

Үйленіп, отбасын құрады.

Екі ұлы дүниеге келеді.

Елге бір күні кездейсоқ, күтпеген жерден жау шабады.

Осы шайқаста жігіт қайтыс болады.

Жары екі баласымен қайғыдан қан жұтып, еңіреп қалады.

Дегенмен, қолының өнері бар болғандықтан, екі ұлына жетімдік көрсетпей, тапқан табысымен қатардан қалмай өсуіне мүмкіндік жасайды.

Ол тоқыған кілем өз аулының ғана емес, бүкіл аймақтың қыздарының жасауының көркі болады.

Анасы іспен айналысқанда, балалары үй шаруасына көмектеседі.

Уақыты өте екі ұл есейіп, ер жетеді.

Олардың біреуі анасына алыс қалада білім алып, оқығысы келетінін айтады, анасы қиналса да рұқсатын береді.

Екінші ұл анасын алақанға салып, аялап, сөзін екі етпей бәйек болады.

Елде елеулі азамат болады, сырттай оқып білім алады.

Елдің өтінішімен аулынан үлкен тоқу цехын ашады.

Анасы талабы бар жастарға өз өнерін үйретеді.

Қаладағы ұлы да білімді азамат болып шығады, ол ұлымен тек ауылы ғана ел, бүкіл ел мақтанады.

Адал еңбегінің бүгін рахатын көріп отырған ананың Аллаға айтар алғысы шексіз.

Larafan 9 дек. 2020 г., 13:08:38 | 10 - 11 классы

Исправьте ошибки Мен ата - анаға көмектесуге жақсы көремін?

Исправьте ошибки Мен ата - анаға көмектесуге жақсы көремін.

Біздің үйде өте таза, өйткені мен анама үй жинауға көмектісемін.

Менің анам ырза болды үшін мен жылдам жинаймын.

Егер біздің үйге қонақ келеді, онда менің ата анама көмектесуім керек.

Мен үйді жинаймын, шаңды сүртемін, жуынатын бөлмемді тазаламын, еденді жуамын.

Егер менің анам жұмысбасты, онда мен өзім үйде жинаймын.

Ibra25658106 2 мар. 2020 г., 13:00:57 | 5 - 9 классы

Переведите пожалуйста?

Переведите пожалуйста!

Қыстың қақаған суық күні болатын.

Асан наубайханадан нан алып үйіне келе жатқан еді.

Кенет көзі сүйектері арсиған қараусыз жүрген бір итке түсіп еді, оның жалынғандай қыңсылап, себетіндегі нандарына қарап тұрғанын байқады.

Асанның бейшара итке жаны ашыды.

"Нанның біреуін итке берсем, анам ашуланатын шығар", - деп күбірлеп, сөйлеп қалды.

Бірақ аш итке қарап аяп кетті, себетіндегі нанның біреуін алды да, иттің алдына бөліп - бөліп тастады.

Наубайханадан Асанның соңынан келе жатқан бір кісі оларға қарап, күлімсіреп өтіп кетті.

Ол кісі Асанның күбірін естіп, оған білдірмей себетіне бір нанын салып жіберді.

Асан оны байқамады, өйткені ол иттің нанды тоқтамай жеп жатқанына мәз болып отырған болатын.

Асан үйіне қарай асыға басып жүріп кетті.

Үйіне келгенінде, себетіндегі нандардың кемімегенін көріп, таң - тамаша болды.

Nice123474 30 июн. 2020 г., 02:16:37 | 1 - 4 классы

Көп нүктені орнына бірнеше бастауыш және баяндауын ойлап жаз?

Көп нүктені орнына бірнеше бастауыш және баяндауын ойлап жаз.

. , .

, . гүлдер көздің жауын алады.

Irynamel 28 мая 2020 г., 00:51:22 | 5 - 9 классы

Бір кісінің екі баласы болыпты?

Бір кісінің екі баласы болыпты.

(берілген сөйлемгі синтаксистік талдау жаса).

Mogianna 20 мая 2020 г., 04:16:27 | 5 - 9 классы

Озаглавить текст и задать к нему 3 вопроса?

Озаглавить текст и задать к нему 3 вопроса.

Помогите, пожалуйста~ : с 1.

Оқыңыз.

Мәтінге ат қойыңыз.

Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Әке мен ана ұл - қыздарын «әдепті бол» деп тәрбиелейді.

Қазақ отбасында балаларын мейірімділікке, имандылыққа баулыған.

Отбасында үнемі осындай тәрбие алған бала өздігінен тіл алғыш, адал, ұқыпты, тиянақты болып өседі.

Әке мен ананың балаларына қоятын ең басты талап - тілектері – баласының әдепті, мәдениетті болып өсуі.

2. Берілген сөзгетолық фонетикалық талдау жасаңыз : отбасында.

Sonic134 5 авг. 2020 г., 19:02:10 | 5 - 9 классы

Мне ещё нужен перевод , не дословный Ата Айбергенге батасын беріп, көп рақмет деп?

Мне ещё нужен перевод , не дословный Ата Айбергенге батасын беріп, көп рақмет деп.

Әрі қарай кетті.

Айберген үлкен кісіге көмектескеніне риза болып, мектебіне қарай жүгіре жөнелді.

Deniska2330 29 апр. 2020 г., 03:14:21 | 5 - 9 классы

Помогите пожалуйста с переводом?

Помогите пожалуйста с переводом.

Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе!

Па, шіркін, ананың айналып - толғанғаны кімнің есінен кетеді!

Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар.

Ол - Ана!

Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, шырмысым бауырына жармасатының, шырылдап уанбай жылап іздейтінің — ана!

Сен жан болып дүниеге келдің, сенің іздейтінің бір - ақ жан.

Ол — Ана!

Ол саған бәрінен қымбат.

Сен үшін ол жалпақ дүниеде үлкен.

Сондықтан да сен бір - ақ жанды білесің.

Ол - Ана!

Міне, сенің анаға деген махаббатың құндақта жатқан күніңнен - ақ басталады.

Ананың жолы басқа.

Ана деген сөздің өзі де ыстық.

Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.

Варюшка325 19 окт. 2020 г., 04:25:47 | 5 - 9 классы

Ақтөре жаңа шыққан ?

Ақтөре жаңа шыққан .

Алып қарады.

Ол осы .

Өзінің .

Жіберген болатын.

Оның мақаласы екінші .

Шығыпты.

Достары Ақтөренің .

Қызығып оқыды.

Көп нүктенің орнына толықтауыштарды қойындар.

Maksimdorofeev 12 авг. 2020 г., 06:01:12 | 5 - 9 классы

Переведите текстБіздің отбасымыз шағын?

Переведите текст

Біздің отбасымыз шағын.

Жекеменшік үйде тұрамыз.

Ауламыз үлкен, есіктің алдында гүлзар мен субұрқақ бар.

Айнала көк шөп, өте әдемі.

Менің анам тазалықты, әдемілікті қатты бағалайды.

Ол кісі бізге : "Айналаң, отырған жерің, тұратын үйің - бәрі таза, әдемі болуы керек", - деп үретеді.

Marinahf1964 20 дек. 2020 г., 09:45:30 | 5 - 9 классы

Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі ескі, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті?

Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі ескі, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті.

Ана өте өнерлі, ісмер болыпты.

Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас - суға айырбастап, күндерін көріпті.

Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.

Балалар да ер жетеді.

Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын.

Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді.

Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді.

Суреттегі әдемі бау - бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады.

Суретке әлсін - әлсін қарап таңданады.

Суретшінің қиялына дән риза болады.

Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады.

Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды.

Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.

- Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?

— деп балаларына күрсіне қарады.

- Егер бәріміз бірлесіп жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас, - деп балалары аналарын жұбатқандай болды.

Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды.

Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды.

Оқып, білім алады.

Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады.

Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады.

Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Ана балаларына, өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады.

Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады.

Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.

39 - сұрақ.

Мәтінге ат қойыңыз.

А. Суреттегі әлем B.

Балалардың арманы С.

Арманның орындалуы D.

Суретші қиялы [1] 40 - сұрақ.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А. Арманның шындыққа айналуы B.

Үлкен шеберхана салу С.

Балалардың білім алуы D.

Өмірге риза болу [2] 41 - сұрақ.

Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А. Балалар анасына не сыйлады?

B. Суретті қаншаға сатып алды?

С. Анаға не қатты әсер етті?

D. Шеберханада кімдер жұмыс істеді?

На этой странице сайта вы найдете ответы на вопрос Мәтіндегі негізгі ой бойынша өзіңіздің ертегіңізді құрастырыңыз?, относящийся к категории Қазақ тiлi. Сложность вопроса соответствует базовым знаниям учеников 5 - 9 классов. Для получения дополнительной информации найдите другие вопросы, относящимися к данной тематике, с помощью поисковой системы. Или сформулируйте новый вопрос: нажмите кнопку вверху страницы, и задайте нужный запрос с помощью ключевых слов, отвечающих вашим критериям. Общайтесь с посетителями страницы, обсуждайте тему. Возможно, их ответы помогут найти нужную информацию.