Ертегі қасқыр мен түлкі?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Ертегі қасқыр мен түлкі.

Ответить на вопрос
Ответы (2)
Vikadariy01 8 мая 2020 г., 06:37:30

Ртеде шал мен кемпір болыпты.

Балалары жоқ, екеуі ғана өмір сүріпті.

Бір күні шал : – Кемпір, бүгін бәліш пісір, ал мен біраз балық аулап келейін, – деп киіне бастайды.

Сыртқа шығып, шананы атқа ерттеп, балық аулауға кетеді.

Түс қайта аулаған балықтарын шанаға тиеп, үйіне қайтады.

Жолда өтірік өліп жатқан қу түлкіні көреді.

Қуанып кеткен шал : – Міне, олжа!

Кемпіріме апарып берейін, тонына жаға болар, – деп ойлайды.

Жерге түсіп, түлкіні балық толы шанаға көтеріп жатқызып, өзі атын жетектеп, үйіне қарай аяңдайды.

Ал бұл кезде түлкі уақытын босқа жоғалтпай, балықтарды біртіндеп, жол - жөнекей шанадан тастап отырады.

Қулықпен тапқан олжасын түгел лақтырып болған соң, өзі де түсіп қалады.

Үйіне жеткен шал : – Кемпір - ау, бері келші.

Саған әкелген сыйлығым бар, – дейді.

– Қане, ол қандай сыйлық?

– деп сұрайды кемпір.

– Әне, үйілген балықтардың үстінде тоныңа әдемі жаға жатыр.

Бос шананы көрген кемпір ашуланып : – Қу шал, мені алдамақшы болдың ба?

– деп шалдың жер - жебіріне жетіп, айқайға басады.

Балықтың да, түлкінің де жоқ екенін көрген шал алданғанын біледі.

Өкініштен санын ұрғылып қалады.

Бұл кезде қу түлкі балықтарды бір жерге жинап, рахаттанып жеп отырған.

Оны аш қасқыр көріп, қасына келеді.

– Амансың ба, түлкіжан!

– Аман, аман, қасқыр аға.

– Балығыңнан маған да берсеңші.

– Жоқ, бере алмаймын.

Өзің аула да, жей бер!

– Мен аулауды білмеймін.

– Оның еш қиындығы жоқ.

Өзеннің ортасына барып, мұзды ойып ал.

Сол жерге құйрығыңды сал да : «Қармаққа ілінші, үлкені мен кішісі» десең болды, балықтар өздігінен құйрығыңа жармасады.

Міне, осылай құйрығыңды балықтармен бірге суырып аласың.

Тек ол үшін ұзақ отыру керек, – дей - ді түлкі қуланып.

Аңқау қасқыр түлкінің айтқанын екі етпей орындайды.

Өзенге барып, мұзды ояды.

Құйрығын суға салып : – Қармаққа ілінші, үлкені, кішісі, Қармаққа ілінші, үлкені, кішісі, – деп қайта - қайта қайталап отыра береді.

Қасқырдың соңынан өзенге түлкі де жетеді.

Сыртынан бақылап отырған ол : – Отыр, отыр, құйрығың Мұз боп қатсын, бұйрығым!

– дейді.

Түлкінің сөзін шала естіген қасқыр : – Түлкіжан, бірдеңе дедің бе?

– деп сұрайды.

– Жо - жоқ.

Мен жәй саған көмектесіп жатырмын да, – дейді де, қайтадан : – Отыр, отыр, құйрығың Мұз боп қатсын, бұйрығым!

– дейді түлкі қулана күліп.

Осылайша қасқыр түні бойы тапжылмай, балық аулап отыра береді.

Судағы құйрығы қатып, ауырлаған сайын «балықтар екен» деп ойлайды.

Не де болса шыдап, құйрығын мол балықпен шығармақшы.

Таң бозарып ата бастаған кезде қасқыр олжасын суырып алып, үйіне қайтпақшы еді.

Бірақ әбден мұз боп қатқан құйрығы судан шықпайды.

Ары - бері тартқылап көреді.

«Ұзақ отырғаным дұрыс болды.

Жақсылап бір тоярмын» дейді өзін жұбатып.

Бұл кездеөзенге су алуғакелгенқыз - келіншектероныкөріп : – Қасқыр, ұры қасқыр!

Ұстаңдар оны, ұрыңдар!

– деп айқайға басады.

Қолдарына түскен заттарымен қасқырды соққылай бастайды.

Тоқпақтың астында қалған қасқыр ары жұлқынып, бері жұлқынып, ақырында құйрығы жұлынып мұзда қалады.

Өзі алды - артына қарамай безеді.

Қашып келе жатып : «Қап, бәлем, түлкі!

Қолыма түссең оңдырмаймын!

» деп ойлайды.

Ал қу түлкі уақытын босқа өткізген жоқ.

Айқай - шуды пайдаланып, ауылдағы бір үйге ұрлыққа түседі.

Қорасына кіріп, тапқан тамақты жеп, тұмсығын ұнға малып шығады.

Содан соң қулығын асырмақ болып тағы да өтірік өлгенсіп, жолға жата кетеді.

Оны тілі салақтап, шаршап келе жатқан қасқыр көреді де : – Ал, түлкім, иманыңды үйіре бер!

– дейді ашу ша қырып.

– Балық аулауды үй реткенің осы ма?

Мені соқ қыға жықтырдың!

Түлкі болса : – Сабыр, сабыр, қасқыр аға.

Сенен қан ақса, менің миымды шашты, қарасаңшы?

– деп, ұн жағылған тұмсығын көрсетіп мүләйімсиді.

– Саған менен де қиын болған екен ғой, – дейді қасқыр тағы да алданып.

– Кел, арқама мін, үйіңе жеткізіп салайын.

Айласын асырған қу түлкі қасқырдың үстінде отырып : – Соғылған соғылмағ анды арқалап келеді, – деп өлең айтады.

– Не деп келесің, түлкіжан?

– дейді қасқыр.

– Мен, аға, соғылған соғылмағанды арқалап келеді деймін де.

– Солай де, түлкіжан, солай де, – деп түлкіні арқалағанаңқауқасқыр кете барады.

TatianaT 8 мая 2020 г., 06:37:37

Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты.

Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты : — Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, — дейді.

Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады : — Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай - бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын!

— дейді.

Сонда қасқыр олай - бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойып еді, көк мұзға жабысып қалады, сонымен қасқыр сол жерде қалады.

Tamaraivanova1 11 авг. 2020 г., 09:31:41 | 10 - 11 классы

Қасқыр мен тиін əнгіме қурау керек?

Қасқыр мен тиін əнгіме қурау керек.

Ждексон228 7 июл. 2020 г., 11:03:05 | 1 - 4 классы

Қасқыр мен тиін такырыбына ангиме?

Қасқыр мен тиін такырыбына ангиме.

Sulamif70 4 окт. 2020 г., 00:58:04 | 1 - 4 классы

Сауысқан мен көкек ертегі?

Сауысқан мен көкек ертегі.

Рита12345678 25 февр. 2020 г., 20:06:53 | 1 - 4 классы

Қасқыр мен тиін туралы əңгіме?

Қасқыр мен тиін туралы əңгіме.

Mont36 27 июн. 2020 г., 18:37:05 | 1 - 4 классы

Қасқыр мен тиын туралы энгиме?

Қасқыр мен тиын туралы энгиме.

Kirill12072002 22 нояб. 2020 г., 06:03:38 | 5 - 9 классы

Тулки мен шаян ертегі аяктау?

Тулки мен шаян ертегі аяктау.

FinnDatShet 15 окт. 2020 г., 02:48:50 | 5 - 9 классы

Перевод сказки түлкі мен ешкі?

Перевод сказки түлкі мен ешкі.

Reee3 15 сент. 2020 г., 08:30:04 | 1 - 4 классы

Қырғауыл мен түлкі туралы ертегі?

Қырғауыл мен түлкі туралы ертегі.

Ксеня192 26 нояб. 2020 г., 01:20:26 | 5 - 9 классы

Перевод сказки Арыстан мен түлкі?

Перевод сказки Арыстан мен түлкі.

Zorinalerochka 20 нояб. 2020 г., 00:00:42 | 10 - 11 классы

У кого нибудь есть изложение "Қасқыр мен бала"?

У кого нибудь есть изложение "Қасқыр мен бала"?

На этой странице вы найдете ответ на вопрос Ертегі қасқыр мен түлкі?. Вопрос соответствует категории Қазақ тiлi и уровню подготовки учащихся 1 - 4 классов классов. Если ответ полностью не удовлетворяет критериям поиска, ниже можно ознакомиться с вариантами ответов других посетителей страницы или обсудить с ними интересующую тему. Здесь также можно воспользоваться «умным поиском», который покажет аналогичные вопросы в этой категории. Если ни один из предложенных ответов не подходит, попробуйте самостоятельно сформулировать вопрос иначе, нажав кнопку вверху страницы.