Маншук Маметова туралы мәлімет керек?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Маншук Маметова туралы мәлімет керек.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Dddjs 12 дек. 2020 г., 09:53:48

Мәншүк Мәметова1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туылған.

Азан шақырып қойған аты Мәнсия.

Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған.

Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады.

Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген.

Солай аты Мәншүк боп қала берді.

1937 жылдың қуғын - сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.

Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды.

Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі : «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта».

Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды.

Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады.

Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын.

Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады.

Өтінішінде : «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған.

1939 жылдан бері комсомолмын.

1941 жылдың 7 - ші тамызы».

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді.

1942 жылдың 13 - ші тамызында Алматыдан 100 - ші атқыштар бригадасы майданға аттанды.

Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен.

Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді - жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді.

21 - ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды.

Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан.

1943 жылдың 15 - ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173, 7 биіктігінде өте қатал соғыс болды.

Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады.

Мәншүктің басына оқ тиді.

Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан.

Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған.

Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1 - ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды.

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.

Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.

Б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.

Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады.

Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А.

Михалков - Кончаловский, режиссері М.

Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Well5 2 мая 2020 г., 22:36:05 | 1 - 4 классы

Астана мәлімет туралы?

Астана мәлімет туралы.

Ksenia07062004 15 дек. 2020 г., 00:26:03 | 1 - 4 классы

Нұрсұлтан Назарбаев туралы мәлімет?

Нұрсұлтан Назарбаев туралы мәлімет.

Bil99 5 апр. 2020 г., 20:32:50 | 10 - 11 классы

Шаналар туралы мәлімет?

Шаналар туралы мәлімет.

Allafudrg 6 нояб. 2020 г., 16:51:31 | 1 - 4 классы

Шұбат туралы мәлімет?

Шұбат туралы мәлімет.

Saurons744 9 янв. 2020 г., 09:37:01 | 1 - 4 классы

Қысқы ойындар туралы мәлімет жинаңдар?

Қысқы ойындар туралы мәлімет жинаңдар.

Shkrudneva 6 сент. 2020 г., 14:42:19 | 10 - 11 классы

Сөздің ауыспалы мағынасы туралы мәлімет?

Сөздің ауыспалы мағынасы туралы мәлімет.

Даша054 27 апр. 2020 г., 07:19:29 | 1 - 4 классы

Сырбай мәуленов туралы мәлімет?

Сырбай мәуленов туралы мәлімет.

Irischa1111 2 дек. 2020 г., 16:55:46 | 5 - 9 классы

Кактус туралы мәлімет?

Кактус туралы мәлімет.

Ludoed3 24 окт. 2020 г., 18:46:15 | 1 - 4 классы

Тауқозы туралы мәлімет?

Тауқозы туралы мәлімет.

Мурлыся14 1 сент. 2020 г., 04:07:16 | 1 - 4 классы

Аңдардың қысқы тіршілігі туралы мәлімет?

Аңдардың қысқы тіршілігі туралы мәлімет.

На этой странице находится ответ на вопрос Маншук Маметова туралы мәлімет керек?, из категории Қазақ тiлi, соответствующий программе для 1 - 4 классов. Чтобы посмотреть другие ответы воспользуйтесь «умным поиском»: с помощью ключевых слов подберите похожие вопросы и ответы в категории Қазақ тiлi. Ответ, полностью соответствующий критериям вашего поиска, можно найти с помощью простого интерфейса: нажмите кнопку вверху страницы и сформулируйте вопрос иначе. Обратите внимание на варианты ответов других пользователей, которые можно не только просмотреть, но и прокомментировать.