Эссе "Ел бақыты - тәуелсiздiк"?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Эссе "Ел бақыты - тәуелсiздiк".

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Superbars22071 22 апр. 2021 г., 07:44:45

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата - бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан - ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері.

«Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат.

Сонда енді не бар!

» деп тұрсыңдар ғой.

Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді - жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған.

«Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған.

Олардың қатарына : қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата - қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын ; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын ; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл - кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін ; ата - бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата - қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата - бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген.

Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт - азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр - дастандар біздің ұлттық сана - сезімімізді көтереді.

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді.

Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді.

Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды.

Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді.

Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті.

Ханның басы қанжығада кете барды.

Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім.

Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі.

Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды.

Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын - жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.

Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан - Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екні сөзсіз.

Дереккөзі : https : / / www.

Zharar.

Com / kz / shygarma / 6554 - el.

Html#read

© www.

ZHARAR.

Com.

Romanovmihail 2 июн. 2021 г., 02:54:59 | 5 - 9 классы

Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан етеді деген сөз өз пікірлерінді айтындаршы?

Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан етеді деген сөз өз пікірлерінді айтындаршы.

Kazerog06010601 26 июн. 2021 г., 07:04:11 | 1 - 4 классы

Менің бақытым шығарма?

Менің бақытым шығарма.

Piopiopio1 19 мая 2021 г., 13:43:26 | 1 - 4 классы

Еңбек бақыты сөзіне əңгіме құра?

Еңбек бақыты сөзіне əңгіме құра.

Akoo11 17 апр. 2021 г., 15:06:06 | 1 - 4 классы

Багдаршам эссе багдаршам эссе помагите срочно по казакскому?

Багдаршам эссе багдаршам эссе помагите срочно по казакскому.

Pavel1234Way 3 июл. 2021 г., 19:28:55 | 5 - 9 классы

Перевод на русский уш бақытым?

Перевод на русский уш бақытым.

Ella123456789 11 апр. 2021 г., 09:38:33 | 5 - 9 классы

Сочинение на тему "бала бақыты" с переводом?

Сочинение на тему "бала бақыты" с переводом.

_______даю 25балов__.

Bdfy967bdfysx 17 дек. 2021 г., 16:52:43 | 5 - 9 классы

Адам бақыты деген не?

Адам бақыты деген не?

Эссе.

Dashamilash 29 июл. 2021 г., 06:46:46 | 5 - 9 классы

Перевод пожалуйста на русский, без переводчикаБақыт деген - мен үшін жақын адамдарым мен олардың дендерінің саулығы?

Перевод пожалуйста на русский, без переводчика

Бақыт деген - мен үшін жақын адамдарым мен олардың дендерінің саулығы.

Отбасындағы жылулық, берек, денсаулық.

Қайсыбірін айтайын, бақыттың да түр түрі бар : отбасы бақыты, ана болу бақыты, денсаулық бақыты, мына жарық дүниеге келуіміздің өзі бақыт қой.

Қайтер едік өмірге келмегенде.

Mikale 24 авг. 2021 г., 08:59:54 | 1 - 4 классы

Смысл стиха * үш бақытым *смысл написать на казахскомЕң бірінші бақытым – Халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін?

Смысл стиха * үш бақытым *

смысл написать на казахском

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

. Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

8484734 21 окт. 2021 г., 21:00:29 | 5 - 9 классы

Доброго времени суток?

Доброго времени суток.

Помогите пожалуйста дословно перевести стихотворение :

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

. Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Если вам необходимо получить ответ на вопрос Эссе "Ел бақыты - тәуелсiздiк"?, относящийся к уровню подготовки учащихся 10 - 11 классов, вы открыли нужную страницу. В категории Қазақ тiлi вы также найдете ответы на похожие вопросы по интересующей теме, с помощью автоматического «умного» поиска. Если после ознакомления со всеми вариантами ответа у вас остались сомнения, или полученная информация не полностью освещает тематику, создайте свой вопрос с помощью кнопки, которая находится вверху страницы, или обсудите вопрос с посетителями этой страницы.