2 сынып оқушысына "Ана туралы" шығарма керек еды?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

2 сынып оқушысына "Ана туралы" шығарма керек еды.

Шығарма екі бет болу керек.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Alyabakal 17 мар. 2021 г., 15:01:13

АНА - қасиетті де киелі ЕСІМ!

Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес.

Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз.

Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.

Ана! Ана!

Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ.

Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр.

Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.

Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді.

Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана».

Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.

Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын.

Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді.

Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.

«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.

Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана.

Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.

Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың.

Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін!

Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында.

Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.

Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам.

Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Егор4288651 24 авг. 2021 г., 22:18:31 | 5 - 9 классы

Шортанбай Шығармашылығы туралы шығарма керек?

Шортанбай Шығармашылығы туралы шығарма керек.

Kozakova16 28 июл. 2021 г., 06:01:22 | 1 - 4 классы

Менің асыл анам шығарма керек?

Менің асыл анам шығарма керек.

Greenbv 7 февр. 2021 г., 09:06:53 | 1 - 4 классы

Аққу туралы шығарма керек өтінемін?

Аққу туралы шығарма керек өтінемін.

Zzzlolo 4 сент. 2021 г., 17:11:26 | 1 - 4 классы

Ана туралы шығарма керек еди?

Ана туралы шығарма керек еди.

Vipglebka111 29 июн. 2021 г., 08:32:24 | 1 - 4 классы

Сембілік туралы шығарма керек?

Сембілік туралы шығарма керек!

WOOOOOOOOOOOW 27 июн. 2021 г., 15:43:12 | 1 - 4 классы

Тіл туралы шығарма керек еді?

Тіл туралы шығарма керек еді.

Андрей7536 1 янв. 2021 г., 14:39:32 | 1 - 4 классы

Көктем туралы шығарма керек?

Көктем туралы шығарма керек.

Oleg166 16 нояб. 2021 г., 19:57:39 | 5 - 9 классы

Ұстаз туралы шығарма , 200 сөз болу керек ?

Ұстаз туралы шығарма , 200 сөз болу керек .

Nastyaasokolova 22 янв. 2021 г., 05:02:42 | 5 - 9 классы

Еңбек туралы шығарма керек?

Еңбек туралы шығарма керек.

3 сынып.

ЮнитКА 23 авг. 2021 г., 14:10:55 | 5 - 9 классы

Ата ана құдіреті шығарма керек?

Ата ана құдіреті шығарма керек.

Вы находитесь на странице вопроса 2 сынып оқушысына "Ана туралы" шығарма керек еды? из категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса рассчитан на учащихся 10 - 11 классов. На странице можно узнать правильный ответ, сверить его со своим вариантом и обсудить возможные версии с другими пользователями сайта посредством обратной связи. Если ответ вызывает сомнения или покажется вам неполным, для проверки найдите ответы на аналогичные вопросы по теме в этой же категории, или создайте новый вопрос, используя ключевые слова: введите вопрос в поисковую строку, нажав кнопку в верхней части страницы.