Нан адамга не ушин керек?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Нан адамга не ушин керек.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
SadKitty 6 апр. 2021 г., 01:14:55

Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан.

Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып - ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді.

Нан қасиетті.

Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады.

Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды.

Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді.

Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан - ақ көрінеді.

Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар.

Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады.

Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар.

Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған.

Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан - ақ білуге болады.

«Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді.

Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар.

Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар.

Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ.

Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың.

Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді.

Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады.

Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір - біріне деген жақсы қарым - қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген.

Нанын берген адамға жамандық ойламаған.

Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.

Bilykvladislav 2 июл. 2021 г., 14:37:45 | 5 - 9 классы

Сочинение на казахском языке на тему галамтор не ушин керек?

Сочинение на казахском языке на тему галамтор не ушин керек.

Vikamartinchuk 12 апр. 2021 г., 09:22:30 | 10 - 11 классы

Помогите ответить на вопросы плизз срочно надо?

Помогите ответить на вопросы плизз срочно надо!

1) Билимди болу ушин адамга кунине канша уакыт оку керек деп ойлайсындар?

2) Окушыга косымша билим алу керек пе?

Не ушин?

Диванчоус 9 апр. 2021 г., 13:38:15 | 5 - 9 классы

Изложение Галамтор маган не ушин керек?

Изложение Галамтор маган не ушин керек.

Ann2021 19 апр. 2021 г., 00:32:12 | 10 - 11 классы

1)аккапаны неден жасайды?

1)аккапаны неден жасайды?

2)Аккла жасау ушин кандай заттар керек?

3)ол заттар не ушин керек?

4)аккала жасау ушин канша кар керек?

5)оларды калай койды?

Ololoshka02 26 июн. 2021 г., 18:45:04 | 1 - 4 классы

Адамга футболдын пайдасы матин жазу керек?

Адамга футболдын пайдасы матин жазу керек!

Jami0202 23 янв. 2021 г., 08:00:26 | 1 - 4 классы

Авторы ким осы олен жолдарынын?

Авторы ким осы олен жолдарынын?

Инабаттылык керек адамга,

Илану керек устазга, Ибалык керек балага,

Имандык керек барине.

Olgakoval2001r 21 мая 2021 г., 02:51:42 | 1 - 4 классы

Сурака жауап жаз сулги не ушин керек?

Сурака жауап жаз сулги не ушин керек.

Сангита 3 мая 2021 г., 09:20:43 | 1 - 4 классы

Сурака жауап жаз сулги не ушин керек?

Сурака жауап жаз сулги не ушин керек.

Nikitalaiscev2 19 мая 2021 г., 18:41:47 | 1 - 4 классы

Суракка жауап жаз сабын не ушин керек?

Суракка жауап жаз сабын не ушин керек.

Laura101 3 мая 2021 г., 10:12:58 | 5 - 9 классы

Казак тили 5сынып журек не ушин керек?

Казак тили 5сынып журек не ушин керек?

На этой странице находится вопрос Нан адамга не ушин керек?. Здесь же – ответы на него, и похожие вопросы в категории Қазақ тiлi, которые можно найти с помощью простой в использовании поисковой системы. Уровень сложности вопроса соответствует уровню подготовки учащихся 1 - 4 классов. В комментариях, оставленных ниже, ознакомьтесь с вариантами ответов посетителей страницы. С ними можно обсудить тему вопроса в режиме on-line. Если ни один из предложенных ответов не устраивает, сформулируйте новый вопрос в поисковой строке, расположенной вверху, и нажмите кнопку.