Ежелгі дәуірлердің алыптары : Туралы шығарма керек?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Ежелгі дәуірлердің алыптары : Туралы шығарма керек.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Teristimaha 13 июл. 2021 г., 03:21:38

Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды.

Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек.

Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі.

Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы.

Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.

Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру - тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен.

Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру - тайпалармен аралас өмір кешкен.

Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір - бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды.

Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс - тіршілігі, арман - қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген.

Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі - елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған.

Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді.

Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық * , Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.

Б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.

Ру - тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды.

Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек.

Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз.

Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес.

Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", – деп көрсетеді ғалым Б.

Кенжебаев.

Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру - тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.

"Ежелгі әдебиет" (VII - XIV ғғ.

) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес.

Олардың алғашқылары деп түркі ру - тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.

), "Қорқыт" (VIII ғ.

) және "Оғыз - наманы" (IX ғ.

) атаймыз.

Wwwurgaru 20 мар. 2021 г., 05:10:16 | 5 - 9 классы

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы шығарма, жоспармен заранее спасибо (срочно нужно)?

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы шығарма, жоспармен заранее спасибо (срочно нужно).

Егор4288651 24 авг. 2021 г., 22:18:31 | 5 - 9 классы

Шортанбай Шығармашылығы туралы шығарма керек?

Шортанбай Шығармашылығы туралы шығарма керек.

Greenbv 7 февр. 2021 г., 09:06:53 | 1 - 4 классы

Аққу туралы шығарма керек өтінемін?

Аққу туралы шығарма керек өтінемін.

Dentalyans 30 апр. 2021 г., 00:00:55 | 5 - 9 классы

Мағжан жұмабаев туралы шығарма керек эпиграфпен?

Мағжан жұмабаев туралы шығарма керек эпиграфпен.

Zzzlolo 4 сент. 2021 г., 17:11:26 | 1 - 4 классы

Ана туралы шығарма керек еди?

Ана туралы шығарма керек еди.

GGVPGIBDD 27 авг. 2021 г., 20:49:46 | 1 - 4 классы

"Əжем айтқан ертегі" туралы шығарма керек?

"Əжем айтқан ертегі" туралы шығарма керек.

Vipglebka111 29 июн. 2021 г., 08:32:24 | 1 - 4 классы

Сембілік туралы шығарма керек?

Сембілік туралы шығарма керек!

WOOOOOOOOOOOW 27 июн. 2021 г., 15:43:12 | 1 - 4 классы

Тіл туралы шығарма керек еді?

Тіл туралы шығарма керек еді.

Андрей7536 1 янв. 2021 г., 14:39:32 | 1 - 4 классы

Көктем туралы шығарма керек?

Көктем туралы шығарма керек.

Nastyaasokolova 22 янв. 2021 г., 05:02:42 | 5 - 9 классы

Еңбек туралы шығарма керек?

Еңбек туралы шығарма керек.

3 сынып.

На странице вопроса Ежелгі дәуірлердің алыптары : Туралы шығарма керек? из категории Қазақ тiлi вы найдете ответ для уровня учащихся 5 - 9 классов. Если полученный ответ не устраивает и нужно расшить круг поиска, используйте удобную поисковую систему сайта. Можно также ознакомиться с похожими вопросами и ответами других пользователей в этой же категории или создать новый вопрос. Возможно, вам будет полезной информация, оставленная пользователями в комментариях, где можно обсудить тему с помощью обратной связи.