Спорт түрі волейбол туралы хабарлама жасаңдар?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Спорт түрі волейбол туралы хабарлама жасаңдар.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Bogdandog2001 19 дек. 2020 г., 00:27:47

1995жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады.

Бұл ойынның ресми күні1985жыл деп есептелінеді.

АҚШ - тыңМассачусетсштатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж.

1897жылы волейболдың 10 шартын ұсынған.

Оның басты қағидалары төмендегідей :

Волейбол.

Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.

Алаң аумағы : 25х50 фут (7, 6х15, 1 метр).

Себеттің көлемі 2х27 фут (0, 61х8, 2 метр).

Биіктігі : 6, 5 фут (198 сантиметр).

Доп резіңке теріден жасалуы керек.

Оның салмағы - 340 граммУильям Дж.

Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен.

Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады.

Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, ОрталықжәнеОңтүстік Америкахалықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді.

Ежелгі Римжылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған.

Олар әр командада 3 - 6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан.

Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған.

Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.

Десе де, волейболдың ресми күні1895жыл деп белгіленді.

Оны алғаш ойлап тапқан - У.

Дж. Морган.

Арада бір жыл өткен соң, яғни1896жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды.

Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.

Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады.

1897жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.

1900жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ - тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады.

Ойынға алғашындаКанада, кейінҮндістанжәнеАзияелдерін қызығушылық танытқан.

1905 жылыКуба, 1906 жылыҚытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды.

1909жылдан бастапПуэрто - Рикодабұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады.

Мысалы, 1910жылыПеруменФилиппинде, 1912жылыУругвайда, 1914жылыАнглияда, 1917жылыМексикаменФранцияда, 1918жылыИталияда, 1919жылыЧехословакияда, 1923жылыАфрикақұрлығындағыМысыр, Тунис, Марокко, ал1924жылыИспанияменОгославияда, 1925жылыГолландиядаЖастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.

1900жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды.

Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық "Mikasa" корпорациясы мен ағылшындық "Molten" "Wilson" фирмасы жауапкершілікке алып отыр.

1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған.

Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді.

Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын.

1913жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті.

Оған Қытай мен Филиппин қатысты.

1913 жылы МанилдаҚиыр Шығыселдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді.

І - дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.

1921жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионатАзияменЖапониядаерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.

Ал, 1922жылы Канада мен АҚШ - та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.

Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды.

1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасынКубадаөтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты.

Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті.

Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция менПольшакомандалары өзара бәсекелесті.

Бірте - бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті.

1922 жылы АҚШ - та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.

1932жылы әйелдерден құралған волейбол командасыСальвадордаөткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.

Ал, 1936жылыСтокгольмдагандболданхалықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген.

Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды.

1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды.

Алайда, Берлиндеөтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады.

Әскери іс - қимыл аяқталған кезде, 1944пен1946жылдары волейболдан әлем чемпионатыБразилиядаөткізілді.

1947жылдың 18 мен 20 сәуір аралығындаПарижде14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия жәнеЮгославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB - ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды.

Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.

80 жылдары ФИВБ - ға мүше болған елдер қатарын 156 - ға өсті.

1984жылы жаттықтыру курсының 100 жылдық мерейтойы.

Kairat079 18 апр. 2020 г., 08:59:21 | 10 - 11 классы

Помогите составить диалог на казахском "Маған ұнайтың спорт түрі"?

Помогите составить диалог на казахском "Маған ұнайтың спорт түрі".

Alina8000 5 нояб. 2020 г., 23:28:01 | 5 - 9 классы

Менің ең сүйікті спорт волейбол?

Менің ең сүйікті спорт волейбол.

Antoghgn 31 янв. 2020 г., 19:08:02 | 5 - 9 классы

Напишите пожалуйста сообщение на казахском языке"Спорт түрі волейбол"?

Напишите пожалуйста сообщение на казахском языке"Спорт түрі волейбол".

Belenkaya123 23 февр. 2020 г., 23:40:39 | 5 - 9 классы

Люди напишите мне эссе на казахском языке на тему мой любимый вид спорта (менің сүйікті спорт түрі)?

Люди напишите мне эссе на казахском языке на тему мой любимый вид спорта (менің сүйікті спорт түрі).

DiaAlone69 9 мар. 2020 г., 18:15:38 | 1 - 4 классы

Помогите перевести на русский язык?

Помогите перевести на русский язык.

Только не переводчиком!

Волейбол – мектеп оқушыларында шыдамдылық, сұлулық пен тұрақтылықтың қалыптасуына жол ашатын спорт түрі.

Бұл – балалардың өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділігін жақсартатын ойын.

Волейбол ойыны үшін спорт залы, спорт кешендері таза болуы керек.

ДевочкаКипиш 4 нояб. 2020 г., 10:08:24 | 5 - 9 классы

Анамнын мамадыгы туралы шагын хабарлама жазу мамандыгы бухгалтер экономист аудист?

Анамнын мамадыгы туралы шагын хабарлама жазу мамандыгы бухгалтер экономист аудист.

Olgafdv 1 дек. 2020 г., 00:01:49 | 10 - 11 классы

Спорт туралы шыгарма?

Спорт туралы шыгарма.

LeonidVelikiy 10 дек. 2020 г., 07:14:27 | 10 - 11 классы

Спорт туралы шыгарма?

Спорт туралы шыгарма.

Krisinaaaa 10 нояб. 2020 г., 13:37:12 | 5 - 9 классы

Бір спорт түрі, УНИВЕРСИА́ДА туралы ЭССЕ / шығарма?

Бір спорт түрі, УНИВЕРСИА́ДА туралы ЭССЕ / шығарма.

Vinalena1010 16 дек. 2020 г., 09:43:03 | 1 - 4 классы

Саған қандай спорт түрі ұнайды?

Саған қандай спорт түрі ұнайды?

Берілген есімдіктерден сөйлемдер құрандар.

Вы открыли страницу вопроса Спорт түрі волейбол туралы хабарлама жасаңдар?. Он относится к категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса – для учащихся 5 - 9 классов. Удобный и простой интерфейс сайта поможет найти максимально исчерпывающие ответы по интересующей теме. Чтобы получить наиболее развернутый ответ, можно просмотреть другие, похожие вопросы в категории Қазақ тiлi, воспользовавшись поисковой системой, или ознакомиться с ответами других пользователей. Для расширения границ поиска создайте новый вопрос, используя ключевые слова. Введите его в строку, нажав кнопку вверху.