Ел намысы ер намысы шыгарма?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Ел намысы ер намысы шыгарма.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Annaost82 26 мар. 2020 г., 23:10:22

Төл тарихымыздың жадымыздан ешқашан өшпейтін зұлмат бір кезеңі – жоңғар шапқыншылары тудырған, халқымызға алапат қырғын әкелген «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қасіретті жылдары.

Ел басына күн туған осынау заманда ұлт намысын аяққа таптатпауды серт еткен ерлер бес қаруын асынып, атқа қонды.

Атамекенімізді қасық қаны қалғанша қорғаған сол батырларымыздың есімдері қазақ тарихында мәңгілікке алтын әріппен жазылып қалды.

Ел - жұрты ардақтап, көзі тірісінде - ақ ерлікпен өрілген өнегелі істерін аңызға айналдырған алыптар шоғырынан әсіресе, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар тұлғалары айрықша асқақтап көрінеді.

Бұқар жырау «ошақтың үш бұтына» теңеген бұл үш батыр Абылай ханның ту ұстаушы бас батырлары, сенімді серіктері болған.

Тәуба, қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіндегі қазақ батырларының тарихи рөлі тәуелсіздігімізді алғалы бері біршама айқындалып, бүгінгі таңда зор тағылымдық мәнге ие болып келеді.

Осынау игі іске қал - қадерімізше үлес қосу мақсатында біз де «АҢЫЗ АДАМ» журналының алдыңғы екі нөмірін Қабанбай һәм Бөгенбай сынды асылдарға және олармен шайқас даласында үзеңгі түйістіре қатар найза сілтескен ер замандастарына арнаған болатынбыз.

Ал бұл жолғы нөміріміз үшем батырдың жас жағынан кішісі болғанымен, атақ - даңқы жағынан ағаларынан еш кем түспейтін жампоз ер Шапырашты Наурызбай батырға, сондай - ақ Наурызбаймен бірге жау қолын қазақ жерінен түре қуған Ұлы жүздің жаужүрек батырларына арналып отыр.

Алайда, нөмірді дайындау барысында қынжылтқан жайт : Наурызбай батыр туралы деректер аса көп емес екен.

Тарихшыларымыз негізінен, сол аз дереккөздер қатарындағы Бұқар жыраудың толғауларына, Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп - тұқианнан өзіме шейін» деген кітабындағы мәліметтерге, Шәді төре Жәңгірұлының «Тарихат» дастанына сүйенетінін байқадық.

Сондай - ақ, Наурызбай батырмен жүзбе - жүз кездесіп, әңгімелескен Ресей патшасының жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенге жіберген елшісі Карл Миллердің күнделігі де құнды дереккөзіне жатады.

Тарихшыларымыздың баяндау­ларын саралай отырып тағы бір байқағанымыз – осыған дейінгі зерттеулердің өзінде бірізділіктің жоқтығы.

Соның бір мысалы, Наурызбай батырдың әкесінің аты әр жерде әртүрлі жазылады.

Қазыбек бек Тауасарұлының кітабында Наурызбай Құттымбетұлы болып жазылса, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында Наурызбай Құтпанбетұлы делінген.

Дұрысы қайсы?

Бұл орайда белгілі тарихшы Талас Омарбеков : «Біздің ойымызша, тарихи шындық Наурызбайдың әрі замандасы, әрі туған әкесіндей болған Қазыбек бек Тауасарұлының жағында деп білеміз.

Олай болса, Наурызбай тарихымызда Құттымбетұлы болып жазылуы керек», – депті.

Жалпы, тарихшыларымыздың сұхбаттары мен қолда бар әдеби - тарихи деректер арқылы көз жеткізгеніміз : Наурызбай – ең алдымен, батыр.

Бас батыр.

Талай ұрыста қол бастаған, қазақ жасағын жеңіске жеткізген көреген қолбасшы, шебер ұйымдастырушы.

Ғалым З.

Ғайыповтың жазғанына сүйенсек, «Аңырақай» шайқасында «.

Көрсеткен ерлігі үшін батырға ата - бабаларымыздан бері келе жатқан «соқман» лауазымы берілген.

Бұл лауазым жаудың іргесін ыдырата сөгуде ерекше ерлікке ие болған батырларға ғана берілген».

Сондай - ақ, ол – елшілік қатынастарға да араласқан мәмілегер, ел қамын, ер тағдырын ойлаған саясаткер.

Кей тарихшылардың айтуынша, Алла тағала бабамызды тіпті әншілік, күйшілік, сазгерлік, ақындық қасиеттен де құр қалдырмаған көрінеді.

Сұхбаттарды оқи отырып, әсіресе, рухың еріксіз атойлап шыға келетін тұстар – Наурызбай сынды азулы батырдың жоңғар батырларымен жекпе - жекте таудай алып тұлғасымен жаудың зәре - құтын алып қана қоймай, ересен күш - қайраты мен жете меңгерген айла - әдістерінің арқасында қарсыластарынан алапатын асыратын жеңісті сәттері.

Ұрыс даласының жекпе - жек дейтін қатал заңы бойынша тілеулес жұрты додаға үкілі үмітпен шығарып салатын, қос батыр ел намысы үшін арпалысатын осындай сын шақтарда Наурызбай батыр көксүңгісін Қаскелеңнің жауырынына бойлай қадаса, Шамал ханды шоқпарымен бір ұрғанда - ақ жер жастандырған.

EVpopova 30 мар. 2020 г., 23:20:42 | 5 - 9 классы

Ер намысы ел намысы деген тақырыпқа шығарма жазып беріндерші?

Ер намысы ел намысы деген тақырыпқа шығарма жазып беріндерші!

Ilnur2000 2 дек. 2020 г., 00:21:49 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйстасрочноСоздерды дыбыс санына карай багандарга топтап жаз : отан, ар, Ана, акыл, дана, уят, намыс, ес, жер, ер, коян, фильм, ою?

Помогите пожалуйстасрочноСоздерды дыбыс санына карай багандарга топтап жаз : отан, ар, Ана, акыл, дана, уят, намыс, ес, жер, ер, коян, фильм, ою.

Tiko20 21 апр. 2020 г., 12:07:44 | 1 - 4 классы

Перевести пословицы на русский?

Перевести пословицы на русский.

Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

, ердің туы - намыс.

Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.

Адал ұл ер боп туса - ел тірегі.

Sherbakovs 4 авг. 2020 г., 15:24:28 | 10 - 11 классы

Шыгарма ан кудырети?

Шыгарма ан кудырети.

Liza02020220 2 апр. 2020 г., 22:48:26 | 5 - 9 классы

Жұмбқтар женіс ер ерлік намыс туралы?

Жұмбқтар женіс ер ерлік намыс туралы.

Кристинамаро 8 февр. 2020 г., 14:58:22 | 1 - 4 классы

Закончите пословицы на казаском туған жердей жер болмас?

Закончите пословицы на казаском туған жердей жер болмас.

Ерді намыс өлтірер.

Жеті жұрттың тілің біл оқусыз білім жок дос жылатып айтады.

Green640tea 15 нояб. 2020 г., 20:26:43 | 1 - 4 классы

Ар намыс дегеніміз не?

Ар намыс дегеніміз не.

Dart228Vader 12 нояб. 2020 г., 06:41:51 | 5 - 9 классы

Просклонять по падежам слово намыс, əдептілік?

Просклонять по падежам слово намыс, əдептілік.

Anelyakasenova 13 нояб. 2020 г., 21:03:30 | 5 - 9 классы

Как переводится шыгарма?

Как переводится шыгарма?

Monctar 9 нояб. 2020 г., 12:37:26 | 5 - 9 классы

Бірыңғай түбір создер катарын табыныз?

Бірыңғай түбір создер катарын табыныз.

А)табыс, кайтпа, дәрігер.

Б)улт, намыс, кітап.

С)оқыдық, сен, кеше.

Д)ертен, кел, малшы.

Е)каламгер, алты, аспан.

Перед вами страница с вопросом Ел намысы ер намысы шыгарма?, который относится к категории Қазақ тiлi. Уровень сложности соответствует учебной программе для учащихся 10 - 11 классов. Здесь вы найдете не только правильный ответ, но и сможете ознакомиться с вариантами пользователей, а также обсудить тему и выбрать подходящую версию. Если среди найденных ответов не окажется варианта, полностью раскрывающего тему, воспользуйтесь «умным поиском», который откроет все похожие ответы, или создайте собственный вопрос, нажав кнопку в верхней части страницы.