Жан - жануарлардың төлдерінің , аналық , аталықтарынның атаулары?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Жан - жануарлардың төлдерінің , аналық , аталықтарынның атаулары.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Aitaborisova 26 июн. 2022 г., 04:23:10

Сиырдың жалпы атауы – қарамалБұзау – сиырдың алты айға толмаған төлі.

Баспақ – жасы алты айдан асқан төл.

Торпақ – алты ай бір жылға дейінгі төл.

Тайынша – бір жастан асқан төл, Тана – бір жас пен екі жас аралығындағы қара мал.

Қашар – екі жасар ұрғашы мал.

Құнажын – үш жасар ұрғашы мал.

Дөнежін – төрт жасар ұрғашы мал.

Тайөгіз – бір жасар піштірілген мал.

Өгізше – екі жастан асқан піштірілген мал.

Құнан өгіз – үш жасар піштірілген мал.

Дөнен өгіз – төрт жасар піштірілген мал.

Атан өгіз – улкен, ірі денелі, қартаң, піштірілген мал.

Құр өгіз – піштірілгеннен кейін шаруаға, күш - көлікке пайдаланылмай семірген соғымдық ірі мал.

Өгіз – күш – көлікке пайдаланылатын піштірілген, бес жастан асқан ірі қара.

Бұқа – аталық мал.

Бұқашық – бір жастан асқан, піштірілмеген еркек мал.

Сиыр – аналық мал.

Мөшке – сауын сиыр.

Құсақ – тұмса бұзаулаған сиыр.

Қызыл бұзау – буаз сиырдың ішіндегі тумаған бұзау.

Қойдың бір атауы–жандықҚозы – жасы төрт айға толмаған төл, қой төлінің жалпы атауы.

Күйек қозы – сәуір, мамыр айларында яғни мезгілінде туған қозы.

Көбеген, Көбдік – ерте туған қозы.

Мәйікті қозы – енесінің ащы және жай уызын тоя еміп, тез өсіп жетілген төл.

Арамза – күйек айынан бұрын қашқан саулықтың мезгілінен ерте туған қозысы.

Көпей - өте кеш, маусымның соңында туған қозы.

Бөдене қозы – кенже туған, дене тұрпаты жетілмеген, жатаған кішкене қозы.

Торым – қозы, тоқты.

Марқа – ерте туған, күйек қозыларынан үлкен, тоқтыдан кіші қозы.

Бағлан - өз енесі мен теліген енесін тел еміп, сүбеленіп семірген қозы.

Тоқты – жасы алты айдан асқан қой төлі.

Тұсақ – бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашы қой.

Ісек – екі жастағы піштірілген қой.

Шар қой – ірі, кексе қартамыс қой, қысыр қалып не қозысы өліп, бірақ өзге қозы телінбей семірген кәрі саулық.

Азбан (ақ ауыз қой) – аурулығына немесе тұқымсыздығына байланысты піштірілген қошқар.

Саулық – аналық қой.

Тел қой – енесі сүтіне жарытпаған төл телінген, қозысы өлген саулық.

Қошқар – аталық қой.

Қортық қошқар – тұқымы нашар, қошқарлық қасиеті болымсыз аталық.

Құтпан, келепан - отардағы таңдаулы құт - береке көзі болған киелі қой.

Лақ – ешкінің алты айға дейінгі төлі, төлдің жалпы атауы.

Шікірә - еркек лақ.

Туша – бір жасар ұрғашы ешкі.

Шыбыш – бір жас пен екі жас аралығындағы лақтаған ешкі.

Серкешік – бір жас пен екі жас аралығындағы ешкі.

Серке – бес - алты жастағы тартылған, қой бастар ешкі.

Теке – екі жастан асқан аталық.

Ешкі – аналық.

Ту ешкі – бірер жыл қашпай, қысыр қалған семіз ешкі.

Түйенің жалпы атауы–шалқұйрықАйыр түйе – екі өркешті түйелердің жалпы атауы.

Нар түйе – жалғыз өркешті түйелердің жалпы атауы.

Бота, көшек – түйе төлінің жалпы атауы, інгеннің жасқа толмаған төлі.

Нарбота – аруананың жасқа толмаған төлі.

Тайлақ – екі жасқа дейінгі төл.

Сүттайлақ – қысыр қалған інгендердің емізіп жүрген былтырғы ботасы не енесі боталауға бірер ай қалғанша емген тайлақ.

Бүлдіршгін – үш жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.

Құнанша – үш жасар ұрғашы түйе.

Дөненше – төрт жасар ұрғашы түйе.

Тығыршын – төрт жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.

Соқтан – төрт жасқа шығар еркек пішпе түйе.

Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар жас бура, інген бұзар.

Атан – ақталған, кексе ірі айыр түйе.

Атанша – айыр түйенің бес жасқа дейінгі ақтасы.

Інгенше – бес жасқа жетпеген, боталамаған ұрғашы айыр түйе.

Мая – жалғыз өркешті түйенің аналығы.

Аруана – жалғыз өркешті таза тұқымды аналық.

Нар – 1.

Жалғыз өркешті түйенің жалпы атауы.

2. Жалғыз өркешті піштірілген еркек түйе, Нарша – жас нар.

Үлек – жалғыз өркешті түйенің таза тұқымды аталығы.

Бура – айыр түйенің таза тұқымды аталығы.

Алаша – інген мен жабайы бураның тұқымы.

Жампоз – інген мен бураның асыл тұқымды таза ұрпағы.

Біртума – таза тұқымды үлек пен інгеннің не таза тұқымды бура мен аруананың бірінші ұрпағы.

Түс айыр – таза тұқымды бура мен інгеннің бірінші ұрпағы.

Ләкір – таза қанды бура мен аруанадан туған ұрпақ.

Әле нар – таза қанды үлек пен аруананың ұрпағы.

Қоспақ – інген мен үлектен туған будан.

Балқоспақ – мая мен бурадан туған будан.

Айыр түйеге ұқсас.

Нар қоспақ – аруана мен бураның буданы.

Жылқының жалпы атауы–ҚылқұйрықҚұлын – жылқының алты айға дейінгі төлі.

Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.

Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.

Арда – енесін екі жасқа дейін емген жылқы төлі.

Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.

Құнажын – екі жас пен үш жас аралығындағы ұрғашы жылқы.

Байтал – үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.

Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.

Сойтал – төрт жасқа шығар ұрғашы жылқы.

Бесті – бес жасар еркек жылқы.

Айғыр – үйірге түсетін аталық жылқы.

Сәурік – жаңадан үйір алған жас айғыр.

Қысырық – үйірге жаңадан қосылған, әлі құлындамаған жас бие.

Қулық – тұмаса құлындаған жас бие.

Бие – аналық жылқы.

Қасаба – көп жасаған мама бие.

Мама бие – үйірдегі кексе, өрбіген ұрпағы көп сақа бие.

Саба бие – қарны «жер сызған», көп құлындаған бие.

Бедеу бие – құлындамаған бие.

Сәйгүлік – шашасына шаң жұқпаған жүйрік жылқы.

Саңлақ – ұшқыр, жүйрік ат.

Арғымақ – дене бітімі аса келісті, сұлу, сымбатты, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.

Arrrinkus 12 янв. 2022 г., 02:18:11 | 5 - 9 классы

Биригу аркылы жасалган осимдик атаулары?

Биригу аркылы жасалган осимдик атаулары.

Crowley1 15 февр. 2022 г., 17:39:10 | 5 - 9 классы

Түркінің қырық жаны деген не?

Түркінің қырық жаны деген не?

Ilshat20011nativus 12 мар. 2022 г., 04:19:03 | 5 - 9 классы

Лиро эпостық жырлардың басқа қандай атаулары бар?

Лиро эпостық жырлардың басқа қандай атаулары бар?

2002Angelok2002 17 мар. 2022 г., 01:13:00 | 5 - 9 классы

Астанада өсетін гүлдер дің атаулары ?

Астанада өсетін гүлдер дің атаулары .

Срочноо !

! .

Фаркрай3 4 февр. 2022 г., 23:00:10 | 5 - 9 классы

Адамнын жаксы жане жаман кассиеттеры?

Адамнын жаксы жане жаман кассиеттеры.

0XYz9 20 янв. 2022 г., 17:38:03 | 5 - 9 классы

Мен жане менын алемым эссе?

Мен жане менын алемым эссе.

Расказпропрострел 3 февр. 2022 г., 04:22:14 | 1 - 4 классы

Кыскы уйкыга кететин жан - жануарлар?

Кыскы уйкыга кететин жан - жануарлар.

Varenov159 12 янв. 2022 г., 15:59:52 | 1 - 4 классы

Жан жануарлардың төлдерінің аналық аталық атауы?

Жан жануарлардың төлдерінің аналық аталық атауы.

Мваавмав 28 мая 2022 г., 21:58:47 | 1 - 4 классы

Жан жануарлардың төлдерінің аналық аталық атауы?

Жан жануарлардың төлдерінің аналық аталық атауы.

Eanufrieva 28 февр. 2022 г., 11:30:34 | 5 - 9 классы

ЖАН - ЖАНУАРЛАРҒА ЖАРНАМА?

ЖАН - ЖАНУАРЛАРҒА ЖАРНАМА.

Вопрос Жан - жануарлардың төлдерінің , аналық , аталықтарынның атаулары?, расположенный на этой странице сайта, относится к категории Қазақ тiлi и соответствует программе для 5 - 9 классов. Если ответ не удовлетворяет в полной мере, найдите с помощью автоматического поиска похожие вопросы, из этой же категории, или сформулируйте вопрос по-своему. Для этого ключевые фразы введите в строку поиска, нажав на кнопку, расположенную вверху страницы. Воспользуйтесь также подсказками посетителей, оставившими комментарии под вопросом.