СРОЧНОО эссе экология города алматы на казахском?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

СРОЧНОО эссе экология города алматы на казахском.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Delivery6 13 апр. 2022 г., 22:48:04

Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады.

Қазіргі танда Алматы еліміздің экономика, қаржы, мәдени және білім беру орталығы екені бәрімізге мәлім.

Мегаполистің дамуы мен әлеуметтiк - экономикалық тұрғыда тұрақты iлгерi жылжуы, республикалық бюджеттiң төрттен бiр бөлiгiн қамтамасыз етуi осының айқын белгісі.

Сондай - ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл - ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде.

Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан - жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

Осы жағдайды ұшықтыруға қомақты үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы - бері ағылған көлік екені де барлығымызға белгілі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес Алматыда автокөлітің саны 521 мыңнан астам бірлікті құраса, халықтың автомобильдерге ие болу деңгейі әрбір 1000 адамға 350 - ден астам жеңіл көлікке жетті.

Сонымен қатар, соңғы жылдары экологиялық жағдай жақсаруға бет алғанын айта кету керек.

Мысалы, Қазгидрометтің Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының ақпаратына сәйкес Алматыда атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2008 жылы 13, 3 құраса, ағымдағы 2013 жылы бұл көрсеткіш 11, 3 құрады.

Экологиялық проблемалардың қоғам үшін жоғарғы маңыздылығын ескере отырып, «М.

Әсер» қоғамдық қоры қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарға қысқа талдау жүргізді.

Талдау барысында Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді жұмыс атқарып жатқаны белгілі болды.

Осы бағытта атқарылған оң шаралар тізімінде ТЭЦ - 1 - ді толықтай сығымдалған газға көшіру, кәсіпорындар мен жекеменшік секторларға газ тарту жұмыстарын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда жеке үйлерді газбен қамтамасыз ету мақсатында 63, 6 км газ құбыры салынған екен.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясына реконструкция жұмыстары жасалып, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады.

Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда.

Қалада көлікті газға көшіру барысында да оң істер атқарылуда, мұнда республика бойынша тұңғыш рет муниципалды автобус паркі пайда болды.

Алматы қалалық жолаушылар көлігібасқармасының мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсанында екінші коммуналдық автобус паркінің құрылысы аяқталады және 2014 жылы үшіншісінің құрылысы басталады.

Бұл үшін қала әкімдігімен Еуропалық даму және қайта құру банкінің кредиттік қаржысы есебінен 200 автобус және жергілікті бюджет есебінен 400 автобус пен 200 такси сатып алынады.

Бұл парк газбен жұмыс істейтін болады.

Ал 200 автобус пен 200 такси жеке тасымалдаушыларға қызмет көрсетуге беріледі екен.

Ағымдағы жылы тролейбус паркінің тозуына байланысты Алматы әкімдігімен оның жылжымалы құрамын жаңарту бойынша шешім қабылданып, Еуропалық даму және қайта құру банкі ұсынған кредиттік қаржы есебінен 195 жаңа тролейбус сатып алынған болатын.

Қазіргі уақытта жеңіл рельсті көлік желісі құрылысының техникалық - экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Аталған жобаның құрылысын қаржыландыру үшін қала әкімдігі мен Еуропалық даму және қайта құру банкі арасындағы меморандумға қол қойылды.

Сондай - ақ қалалық автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасы аясында қала шекарасында үш бекет пен 2 автостансаның құрылысын салу қарастырылған.

Олардың әрқайсысында кемінде 5 мың көлікке арналған автотұрақ салынады.

Бұл кешенді шаралар тысқары жерден келетін көліктер легін төмендетіп, қаланың орталық бөлігінде жеке көлікті пайдалануды қысқартып, Алматының экологиялық ахуалын жақсарта түсетіндігі сөзсіз.

Evelina91132 2 янв. 2022 г., 15:54:32 | 5 - 9 классы

Эссе про газету на казахском языке?

Эссе про газету на казахском языке.

87713549350 1 янв. 2022 г., 14:15:51 | 1 - 4 классы

Эссе на казахском языке про ветеранов?

Эссе на казахском языке про ветеранов.

Adilkarim 26 февр. 2022 г., 08:51:58 | 5 - 9 классы

Эссе на тему : "Казахские национальные игры"?

Эссе на тему : "Казахские национальные игры".

На казахском.

Katrin1111111111111 24 янв. 2022 г., 00:27:54 | 1 - 4 классы

Эссе о дружбе на казахском языке?

Эссе о дружбе на казахском языке.

Kharkovamasha 17 мая 2022 г., 13:47:56 | 1 - 4 классы

Эссе на тему Экология города Алматы на казахском языке?

Эссе на тему Экология города Алматы на казахском языке.

MonkeyKing228 29 янв. 2022 г., 16:00:09 | 5 - 9 классы

Мини сочинение на тему экология на казахском языке?

Мини сочинение на тему экология на казахском языке.

Iren061 2 февр. 2022 г., 00:09:07 | 5 - 9 классы

Письмо другу на казахском языке на тему экология?

Письмо другу на казахском языке на тему экология.

Syraevasamira 11 апр. 2022 г., 06:48:55 | 5 - 9 классы

Составьте 5 предложений со словом экология на казахском пожалуйста?

Составьте 5 предложений со словом экология на казахском пожалуйста.

Xp07 10 мая 2022 г., 20:38:41 | 5 - 9 классы

5 предложений на тему экология на казахском?

5 предложений на тему экология на казахском.

Pinchuk1971 2 апр. 2022 г., 08:37:39 | 5 - 9 классы

Напишите Эссе на казахском языке?

Напишите Эссе на казахском языке.

Вы находитесь на странице вопроса СРОЧНОО эссе экология города алматы на казахском? из категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса рассчитан на учащихся 1 - 4 классов. На странице можно узнать правильный ответ, сверить его со своим вариантом и обсудить возможные версии с другими пользователями сайта посредством обратной связи. Если ответ вызывает сомнения или покажется вам неполным, для проверки найдите ответы на аналогичные вопросы по теме в этой же категории, или создайте новый вопрос, используя ключевые слова: введите вопрос в поисковую строку, нажав кнопку в верхней части страницы.