Менин елим дегенге ангиме курау керек?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Менин елим дегенге ангиме курау керек!

Ответить на вопрос
Ответы (1)
CHOSHEI 30 мая 2020 г., 18:16:15

Отан десем оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім - құт мекенім, дариям,

Егеменді елім, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,

Ар - намысты батыр туған жеріміз.

Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,

Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.

Ата - бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін.

Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.

Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.

Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.

Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты.

Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары.

Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата - баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды.

Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті.

Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.

Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда.

Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады.

Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.

«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен.

Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.

Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.

ЭЛЬВИНЧИК 15 мар. 2020 г., 17:55:55 | 1 - 4 классы

Менин Казакстаным ангиме курау комек бериндерши?

Менин Казакстаным ангиме курау комек бериндерши.

Sshaaaa 5 нояб. 2020 г., 13:59:46 | 10 - 11 классы

Окулык ангиме курау керек?

Окулык ангиме курау керек.

Npocnekt 22 авг. 2020 г., 09:09:20 | 1 - 4 классы

Менин оку куралдарым ангиме курау?

Менин оку куралдарым ангиме курау.

Magnoliya1502 17 мар. 2020 г., 13:15:06 | 5 - 9 классы

Эстафета дегенге сойлем курау керек?

Эстафета дегенге сойлем курау керек.

Arseniy008 31 июл. 2020 г., 22:39:19 | 1 - 4 классы

Цифр дегенге ангиме курау?

Цифр дегенге ангиме курау.

AnnaVasya 8 февр. 2020 г., 06:08:31 | 1 - 4 классы

Ангиме курау керек 441 - жаттыгу?

Ангиме курау керек 441 - жаттыгу.

Барашкинпук 1 мар. 2020 г., 22:55:00 | 1 - 4 классы

Менин отаным казакстан ангиме курау?

Менин отаным казакстан ангиме курау.

Анита178904 31 мар. 2020 г., 02:13:35 | 5 - 9 классы

"Айт" созине ангиме курау керек?

"Айт" созине ангиме курау керек.

SATAHNST 22 дек. 2020 г., 12:50:07 | 1 - 4 классы

Менин суйикти жабайы андарым такырыбына ангиме курау?

Менин суйикти жабайы андарым такырыбына ангиме курау.

Попкадрил 8 дек. 2020 г., 05:29:12 | 1 - 4 классы

Менин кушигим ангиме курау?

Менин кушигим ангиме курау.

Вы открыли страницу вопроса Менин елим дегенге ангиме курау керек?. Он относится к категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса – для учащихся 10 - 11 классов. Удобный и простой интерфейс сайта поможет найти максимально исчерпывающие ответы по интересующей теме. Чтобы получить наиболее развернутый ответ, можно просмотреть другие, похожие вопросы в категории Қазақ тiлi, воспользовавшись поисковой системой, или ознакомиться с ответами других пользователей. Для расширения границ поиска создайте новый вопрос, используя ключевые слова. Введите его в строку, нажав кнопку вверху.