Дауысты дауыссыз дыбыстар бір бірінен қалай ажыратылады?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Дауысты дауыссыз дыбыстар бір бірінен қалай ажыратылады.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Yu6liablonatashygh 9 дек. 2021 г., 04:21:39

Дауысты, дауыссыз дыбысар қалай ажыратылады?

Дауысты дыбыстар - дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар.

Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады.

Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында.

Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған : а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү.

Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай : ашық - қысаң, еріндік - езулік, жуан - жіңішке болып бөлінеді.

Дауыссыз дыбыстар - тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді.

Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады.

Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар : б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді.

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір - бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.

Дауыссыздардың басты ерекшеліктері : - дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары ; - дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады ; - дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір - біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды ; - дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады ; - дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды ; - дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Nankasalo 19 янв. 2021 г., 21:50:51 | 5 - 9 классы

Создать таблицу по казахскому языку дауысты и дауыссыз дыбыстар?

Создать таблицу по казахскому языку дауысты и дауыссыз дыбыстар.

Tanakotovskaa 15 июл. 2021 г., 08:23:42 | 1 - 4 классы

Дауысты дыбыстар жуан катан?

Дауысты дыбыстар жуан катан.

Ksyushanaharova 12 янв. 2021 г., 13:54:26 | 5 - 9 классы

Бір дауысты, бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жаз?

Бір дауысты, бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жаз.

Мысалы : белес, өрік.

Croft 19 авг. 2021 г., 15:24:36 | 5 - 9 классы

Бір дауысты бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жазыңдар?

Бір дауысты бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жазыңдар.

Срочно помогите.

Crytoupacan 4 окт. 2021 г., 16:29:30 | 5 - 9 классы

Бір дауысты бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жазыңдар?

Бір дауысты бір дауыссыз дыбыстан алмасып келіп отыратын бірнеше сөз тауып жазыңдар.

Ryzhovzhakoroshka 11 окт. 2021 г., 19:55:57 | 1 - 4 классы

Дауыссыз дыбыстар қатары?

Дауыссыз дыбыстар қатары.

Liudmilanadych 14 окт. 2021 г., 07:43:49 | 1 - 4 классы

Дауысты дауыссыз дыбыстар бір бірінен қалай ажыратылады?

Дауысты дауыссыз дыбыстар бір бірінен қалай ажыратылады.

Sevaleva12 3 сент. 2021 г., 13:22:45 | 5 - 9 классы

10 слов Жуан Дауысты дыбыстар, 10 слов жінішке дауысты дыбыстар (разбор слова по буквам)?

10 слов Жуан Дауысты дыбыстар, 10 слов жінішке дауысты дыбыстар (разбор слова по буквам).

RomanFitorosov 16 июл. 2021 г., 10:37:01 | 5 - 9 классы

Дауыссыз дыбыстар деген не ?

Дауыссыз дыбыстар деген не ?

2000sergo 18 сент. 2021 г., 19:26:13 | 5 - 9 классы

Фонетика?

Фонетика.

Дыбыстар классификациясы.

Дауыссыз дыбыстар.

Вы находитесь на странице вопроса Дауысты дауыссыз дыбыстар бір бірінен қалай ажыратылады? из категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса рассчитан на учащихся 1 - 4 классов. На странице можно узнать правильный ответ, сверить его со своим вариантом и обсудить возможные версии с другими пользователями сайта посредством обратной связи. Если ответ вызывает сомнения или покажется вам неполным, для проверки найдите ответы на аналогичные вопросы по теме в этой же категории, или создайте новый вопрос, используя ключевые слова: введите вопрос в поисковую строку, нажав кнопку в верхней части страницы.