Амандасу салты дегенеміз не?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Амандасу салты дегенеміз не?

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Алекса1979 1 мая 2021 г., 06:06:26

Амандасу(Сәлемдесу) - инабаттылықпенәдепкеқатысты қатынас нормасы.

Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған.

Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған.

Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады.

Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген.

Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған.

Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт.

Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!

» деп сәлем берген.

Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды.

Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір - бірінің бір қолын алып қана амандасқан ; ал таныстар (ер адамдар) бір - біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір - бірін кеуделеріне қысып құшақтайды.

Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады.

Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс.

Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді), тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі.

Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі.

Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек.

Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады.

Қазақтар бір - бірімен жолыққанда бір - бірімен мал - жан аман ба?

- деп сұрасқан.

Мал аман ба?

- деп сұрауы олардың тұрмыс - тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған.

Осылай сәлемдескенінен кейінризашылықпенкішіден : «Мал - жаның аман ба?

», - деп сәлем береді.

Оған қалыптасқан дағдылы жауап : «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал - жаныңыз аман ба?

» — деп жауап береді.

Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген.

Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?

», — деп амандасады.

Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды.

«Уағалейкүмсалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады.

Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдіңжанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман - саулық сұрайды.

Осы кезде әйел адамдар үй - ішін реттеп, кілем - сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді.

Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлем беріп кіреді.

Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңырққа сәлем беру әдет қалыптасқан.

Smokotinaalina 7 июл. 2021 г., 22:05:10 | 5 - 9 классы

Как переводиться слова : дегенеміз, ерекшелігі , мынадай, ақпырат, түрлерін?

Как переводиться слова : дегенеміз, ерекшелігі , мынадай, ақпырат, түрлерін.

Vania1324 18 июн. 2021 г., 06:05:41 | 5 - 9 классы

Ответьте на вопросы?

Ответьте на вопросы!

- Киелі сандар дегенеміз не?

- Қандай киелі сандарды білесіңдер?

- Қазақ салт - дәстүрінде сандар қалай қолданылады?

- Өздерің қандай сандарды ұнатасыңдар?

- Жеті аталарыңды білесіңдер ме?

- Жеті қызынаға нелер жатады?

Kittirina1 1 окт. 2021 г., 18:26:04 | 1 - 4 классы

Сочинение на казахском языке по рассказу Амандасу салты сочинение на казахском языке по рассказу амандасу салты?

Сочинение на казахском языке по рассказу Амандасу салты сочинение на казахском языке по рассказу амандасу салты.

Opopo90 1 янв. 2021 г., 10:38:19 | 1 - 4 классы

Əр тілде амандасу тезірек керек?

Əр тілде амандасу тезірек керек.

Лунтик145 5 окт. 2021 г., 13:04:49 | 5 - 9 классы

10 слов Салт ; сабакты?

10 слов Салт ; сабакты.

Vika11111 25 авг. 2021 г., 23:05:11 | 1 - 4 классы

Қазақтың салт - дәстүрлі?

Қазақтың салт - дәстүрлі.

Ivandavidov41 15 апр. 2021 г., 02:22:39 | 5 - 9 классы

Салт - дастурге тойлардын тури?

Салт - дастурге тойлардын тури.

Sowi 17 нояб. 2021 г., 02:33:31 | 1 - 4 классы

Қазақ ертегілерінде амандасу алғыс білдіру туралы уш сойлем жазу?

Қазақ ертегілерінде амандасу алғыс білдіру туралы уш сойлем жазу.

Veduniya67 19 мая 2021 г., 23:17:37 | 1 - 4 классы

Помагите перевести с казахского на русский Амандасу?

Помагите перевести с казахского на русский Амандасу.

ЯгодаТыгода 22 июн. 2021 г., 01:53:46 | 1 - 4 классы

Тұрмыс - салт жырлары дегеніміз не?

Тұрмыс - салт жырлары дегеніміз не?

На этой странице сайта вы найдете ответы на вопрос Амандасу салты дегенеміз не?, относящийся к категории Қазақ тiлi. Сложность вопроса соответствует базовым знаниям учеников 10 - 11 классов. Для получения дополнительной информации найдите другие вопросы, относящимися к данной тематике, с помощью поисковой системы. Или сформулируйте новый вопрос: нажмите кнопку вверху страницы, и задайте нужный запрос с помощью ключевых слов, отвечающих вашим критериям. Общайтесь с посетителями страницы, обсуждайте тему. Возможно, их ответы помогут найти нужную информацию.