Сказка Алдар косе на казахском языке?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Сказка Алдар косе на казахском языке.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Kissssssa 14 авг. 2021 г., 15:42:44

Алдар көсенің ауылына бір сараң көшіп келеді.

Ешкімге ештеңе бермейді.

Ал өзі алса, ешқашан қайырмайды.

Сараң болғанда да өзінен өзі аяйтын сараң.

Тіптен тамақ ішпейді деуге де болады.

Сөйтіп жүріп әлгі сараң ханның қызын көргісі келеді.

Көрсет деп Алдар көсеге жалынады.

Әрі ойланып, бері ойланып, Алдар көсе көнеді.

Екеуі жолға шығады.

Жолай қой жайып жүрген шопанға жолығады.

— Қайтар жолда қайырамын, сен маған қарызға екі теңге бере тұр, — дейді.

Сараң қинала - қинала әрең береді.

Айналайын, — дейді Алдар қойшы балаға, — менде екі теңге бар, ең жаман деген бір қотыр лағыңды сат!

— Шопан сатады.

— Рақмет!

Енді сен маған осы лаққа және екі теңгеме дұрыстау бір қозы бер.

Бір лақ және екі теңге деген әжептәуір дүние ғой!

Береді.

— Бауырым!

Енді сен мына лақты да, қозыны да, тіпті екі теңгені де ал.

Алда бір үлкен ешкі бер!

— Шопан бұл жолы да ойланбай - ақ келісе салады.

Өстіп, қайта - қайта ауыстырып отырып, Алдар Көсе не бары екі теңгеге бір үлкен семіз қой сатып алады… Алдар көсенің ауылына бір сараң көшіп келеді.

Ешкімге ештеңе бермейді.

Ал өзі алса, ешқашан қайырмайды.

Сараң болғанда да өзінен өзі аяйтын сараң.

Тіптен тамақ ішпейді деуге де болады.

Сөйтіп жүріп әлгі сараң ханның қызын көргісі келеді.

Көрсет деп Алдар көсеге жалынады.

Әрі ойланып, бері ойланып, Алдар көсе көнеді.

Екеуі жолға шығады.

Жолай қой жайып жүрген шопанға жолығады.

— Қайтар жолда қайырамын, сен маған қарызға екі теңге бере тұр, — дейді.

Сараң қинала - қинала әрең береді.

Айналайын, — дейді Алдар қойшы балаға, — менде екі теңге бар, ең жаман деген бір қотыр лағыңды сат!

— Шопан сатады.

— Рақмет!

Енді сен маған осы лаққа және екі теңгеме дұрыстау бір қозы бер.

Бір лақ және екі теңге деген әжептәуір дүние ғой!

Береді.

— Бауырым!

Енді сен мына лақты да, қозыны да, тіпті екі теңгені де ал.

Алда бір үлкен ешкі бер!

— Шопан бұл жолы да ойланбай - ақ келісе салады.

Өстіп, қайта - қайта ауыстырып отырып, Алдар Көсе не бары екі теңгеге бір үлкен семіз қой сатып алады

Хан сарайы дарияның қақ ортасындағы шағын арада орналасқан екен.

Сарай мен жағалаудың ортасында ағаш көпір.

Жолаушылар сол көпірге таяу жерге жетіп, шатыр тігеді.

Сол кезде су алуға келген хан сарайының бір күңі :

— Сіздер кім боласыздар?

— деп сұрайды.

- Біз Аспан адамдарымыз!

— дейді Алдар.

Асығып - үсігіп әрең жеткен қыз осының бәрін ханның қызына айтып барады.

Аспан адамдары қандай болады екен деп жақындап келеді де, ханның қызы тез кетіп қалады.

Пәлендей айырмашылық таппайды.

Хан қызын көруге құштар боп келген сараң оған қарамай, оның үстіндегі асыл әшекейлерге қараймын деп, қыздың қандай екенін дұрыстап көрмей де қалады.

Көп кешікпей әлгі күң су алуға тағы да келеді.

Келсе, әлгі аспандықтар қойды союдың орнына балтамен шауып жатыр екен, оралған бойда осының бәрін ханның қызына жеткізеді.

— Бұлар тіпті мал соя білмейтін көрінеді!

Мұны естіген ханшайым өз кұлағына өзі сенбей, жаңағы жерге тағы келеді.

Ханшайымды көруге құмар сорлы сараң оның киім - кешегін қызықтап, онын өзін тағы да жөндеп көре алмайды.

Аспан адамдарының ақымақтықтарына таңқалған хан қызы тыныш жата алмай, “бұлар тағы не бүлдіріп қойды екен” деп мазасыздана береді.

“Барып біліп келші” деп, күңін үшінші рет жібереді.

— Ойбой, мал союды білмегендерін былай қойғанда, бұлар тіпті дұрыстап тамақ та пісіре алмайды екен.

Шұңқыр қазып, соған су құйып, сол суға ет салып, үстіне қазан төңкеріп, соның үстіне от жағып жатыр.

Сұмдық - ай!

— деп келеді бұл жолы әлгі күң.

Шыдамай кеткен ханшайымның өзі барып, қалай тамақ пісіру керегін үйреткен болады.

Содан кейін өзен жағасында тоңып қалар деген жақсы ниетпен сарайға әкеліп, төсек салып, жатқызып кетсе, барлауға барған күң тағы бір қызық хабар жеткізеді :

Бұлар төсектің де не екенін білмейтін болып шықты!

Өздерін өздері аяқтарыннан асып қойып, салбыраған қүйлерінде демалып жатыр…

Ханшайымның өзі тағы барып, тағы түсіндіріп, төсекке жайғастырып қайтады.

Қысқасы, Алдар көсенің ауылдас сараң айлакер көршісінің арқасында ханның қызын бір емес, бірнеше мәрте көріп үлгерді.

Бір көрген үшін мың теңге төлеуге тиіс сараңның сараңы бір түгіл, бірнеше мәрте көрсеткен Алдар көсеге рақымет те айтпайды.

Ұялмай - кызармай, қойға деп берген екі теңгесін сұрайды.

Сараң екенін білсе де, тап осындай сараң шығар деп ойламаған Алдар көсе қатты ашуланды.

Тіпті ауырып қалады.

Дүниеқоңыз көршісі көңілін сұраған болып, тағы да әлгі екі теңгені есіне салады.

Сол кезде Алдар көсе өтірік өліп қалады.

Жақындары мен туыстары ауыл болып оны соңғы жолға шығарып салады.

Сараң да келеді.

Көзінен жасы сорғалап жылайды.

Қайғырғаннан емес, әрине.

“Қарызымды қайырмай кетті” деп қапа болғаннан еңірейді.

Еңірегенде етегі жасқа толады.

Зират басындағы ел тарағаннан кейін Алдар көсе ақырын басып үйіне оралады.

Kjli 25 янв. 2021 г., 17:59:09 | 5 - 9 классы

Описание Алдара Косе на казахском языке 7 - 10 предложений пожалуйста?

Описание Алдара Косе на казахском языке 7 - 10 предложений пожалуйста!

AnastasiaPavlova1 23 авг. 2021 г., 18:45:06 | 1 - 4 классы

Моя любимая сказка Алдар косе ?

Моя любимая сказка Алдар косе .

Эта сказка о хитром бае.

Она учит быть честным.

Перевод на казахский.

555Умничка555 7 февр. 2021 г., 03:42:08 | 5 - 9 классы

Помогите перевести?

Помогите перевести.

С казахского на русски алдар косе.

Taras2002 2 янв. 2021 г., 11:57:34 | 5 - 9 классы

Кто напишет сочинение на казахском языке на тему : Мой любимый казахский фильм(Алдар Косе) даю 15 баллов?

Кто напишет сочинение на казахском языке на тему : Мой любимый казахский фильм(Алдар Косе) даю 15 баллов.

Заранее спасибо ; ).

Kittv 7 мая 2021 г., 11:47:54 | 5 - 9 классы

Сочинение "алдар косе" на казахском языке?

Сочинение "алдар косе" на казахском языке.

Aseel4 5 июл. 2021 г., 03:36:23 | 5 - 9 классы

Сочинение про алдар косе на казахском?

Сочинение про алдар косе на казахском.

Flashann 19 окт. 2021 г., 15:01:07 | 1 - 4 классы

Сочинение про алдара косе на казахском языке?

Сочинение про алдара косе на казахском языке.

Burosep 25 февр. 2021 г., 06:30:21 | 1 - 4 классы

Диалог на казахском про алдар косе ?

Диалог на казахском про алдар косе .

Грамотно плиз.

Оооооо223 23 окт. 2021 г., 10:11:09 | 1 - 4 классы

4 предложения с Алдаром косе на казахском языке?

4 предложения с Алдаром косе на казахском языке.

Федя2281 31 июл. 2021 г., 09:59:35 | 5 - 9 классы

Эссе Алдар Косе ?

Эссе Алдар Косе !

Срч !

На странице вопроса Сказка Алдар косе на казахском языке? из категории Қазақ тiлi вы найдете ответ для уровня учащихся 5 - 9 классов. Если полученный ответ не устраивает и нужно расшить круг поиска, используйте удобную поисковую систему сайта. Можно также ознакомиться с похожими вопросами и ответами других пользователей в этой же категории или создать новый вопрос. Возможно, вам будет полезной информация, оставленная пользователями в комментариях, где можно обсудить тему с помощью обратной связи.