Коркыт - абыз аулие такырыбына ой толгау керек?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Коркыт - абыз аулие такырыбына ой толгау керек!

Ишинде жалгаулык шылаулар болу керек.

20 - 30 соз.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Лерониβ 24 февр. 2021 г., 13:28:41

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті.

Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен.

Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады.

Сұрапыл қара дауыл соғып, ел - жұртты қорқыныш сезімі билеген.

Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді.

“Қорқыт” сөзінің этимол - сын Ә.

Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.

Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды.

Е. Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді.

В. Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады.

Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”).

Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді.

Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі.

Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі - бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді.

Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан.

Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді.

Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!

” дейді.

Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!

” дейді.

Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі.

Ел - жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді.

Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады.

“Кімнің көрі?

” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді.

“Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған.

Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады.

Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады.

Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен.

Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді.

Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді.

Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді.

Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос.

Тұжырымның негізін көреміз.

Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.

Katya30015s 1 авг. 2021 г., 14:14:52 | 5 - 9 классы

Менин досым деген такырыпка шыгарма керек ишинде сын есимдер болу керек?

Менин досым деген такырыпка шыгарма керек ишинде сын есимдер болу керек.

Alexptyza 27 мар. 2021 г., 11:12:40 | 5 - 9 классы

Жұмбақта конерген соз болу керек?

Жұмбақта конерген соз болу керек.

Yasminalove25 23 мар. 2021 г., 18:44:04 | 5 - 9 классы

Менин отбасым деген шыгарма ишинде табу создер болу керек?

Менин отбасым деген шыгарма ишинде табу создер болу керек.

Sona2006 13 июл. 2021 г., 04:38:42 | 1 - 4 классы

Аққу суретине әңгіме құрау ишинде шығыс септігіндеги соз болу керек?

Аққу суретине әңгіме құрау ишинде шығыс септігіндеги соз болу керек.

Tessa22 17 сент. 2021 г., 16:50:39 | 1 - 4 классы

Калада сойлем курау ишинде етистикте жиктик жалгауы болу керек?

Калада сойлем курау ишинде етистикте жиктик жалгауы болу керек.

Anastasiakott 10 мар. 2021 г., 13:39:25 | 5 - 9 классы

Дене шыныктыру сабагы калай отеди туралы матин керек ишинде бейнелеуиш создер болу керек пж комектесинисши?

Дене шыныктыру сабагы калай отеди туралы матин керек ишинде бейнелеуиш создер болу керек пж комектесинисши.

Опррст 22 июл. 2021 г., 02:01:44 | 5 - 9 классы

3 сойлем ишинде еликтеу соз боду керек?

3 сойлем ишинде еликтеу соз боду керек.

Tile22 4 апр. 2021 г., 06:03:36 | 5 - 9 классы

Коркыт абыз аулие такырыбына ой корытындысы?

Коркыт абыз аулие такырыбына ой корытындысы.

Aminka05532 27 янв. 2021 г., 03:34:58 | 5 - 9 классы

Маган коркыт абыз аулие такырыбына шагын эссе курап бериниздерши отиниш?

Маган коркыт абыз аулие такырыбына шагын эссе курап бериниздерши отиниш.

4ebypaIIIka 5 июл. 2021 г., 21:30:11 | 5 - 9 классы

Коркыт - абыз аулие такырыбына ой корытынды 20 - 30 соз болу керек жалгаулык шылаулар болу керек?

Коркыт - абыз аулие такырыбына ой корытынды 20 - 30 соз болу керек жалгаулык шылаулар болу керек.

На этой странице находится ответ на вопрос Коркыт - абыз аулие такырыбына ой толгау керек?, из категории Қазақ тiлi, соответствующий программе для 5 - 9 классов. Чтобы посмотреть другие ответы воспользуйтесь «умным поиском»: с помощью ключевых слов подберите похожие вопросы и ответы в категории Қазақ тiлi. Ответ, полностью соответствующий критериям вашего поиска, можно найти с помощью простого интерфейса: нажмите кнопку вверху страницы и сформулируйте вопрос иначе. Обратите внимание на варианты ответов других пользователей, которые можно не только просмотреть, но и прокомментировать.