Срочно нужен рассказ или сказка на казахском языке на тему өнер?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Срочно нужен рассказ или сказка на казахском языке на тему өнер.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
ВеронГубка 9 апр. 2021 г., 07:41:07

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен.

Бағдатта оның әр түрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады.

Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты.

Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен.

Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен.

Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып : - Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен.

Осыны уәзір етсек қайтеді?

- дейді.

Уәзір патшадан бұл сөзді есіткен соң : «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», - деген ойға келеді де : - Ей, патшам!

Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей алады.

Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, - дейді.

Патша кенет ойға қалады да қапа болып : - Мұндай ақылды адам патшаларға зиянды болады екен ғой!

Енді бұл Ғылманды не қыламыз, тез көзін жойып өлтіреміз бе?

- дейді.

Уәзір қуанып : - Ей, патшам!

Әуелі одан үш түрлі ғылым сұрап алып, сол ғылымды біліп алайық, сонан соң өлтіреміз, - дейді.

- Олай болса, Ғылманды не қылсаң да өзің біл, сенің қолыңа бердім, - дейді патша.

Сол күннен бастап, Ғылманды патшаның алдына келгізбейтін болды.

Ғылман уәзірден : - Патша неге мені кіргізбейтін болды?

- деп сұрағанда уәзір оған : - Патшаның уақыты болмай жүр, - дейді.

Ғылман ақылға салып, ойлайды да патшаның жаратпағандығын біледі.

Уәзір : - Ей, Ғылман!

Патшамыздың сізден сұрайтын бір сауалдары бар, сол сауалдарға жауап беріңіз, - дейді.

- Мен әрқашан да қызметтеріңізге даярмын, - деп жауап береді Ғылман.

Уәзір : - Бірінші сауалы : қол астындағы дұшпанды ұстауға, өлтіруге жетік болу үшін қандай ғылымды оқу керек.

Екінші сауалы : патша қол астындағы халқын қайтсе байыта алады.

Осы екі түрлі істің амалын бізге жазып беріңіз, - дейді.

Ғылман : Мұндай ғылымдарды жазып беруге екі жыл уақыт беріңіздер, - дейді.

- Екі жыл тұрсын, екі ай бермейміз, екі жұмада жазып бітіресіз, - дейді уәзір.

Ғылман екі жұмадан кейін өзін өлтіретінін біледі де : - Менің бұл істер туралы бар ақылымды сарп қылып, неше жыл жазған кітабым бар, енді мен соны бір жұма қарап, қатесін түзетіп берейін, - дейді.

Уәзір қуанып, шығып кетіпті.

Бір жұмадан соң, Ғылман уәзірге келіп : - Кітапты түзетіп болдым, бірақ патшаға өзім тапсырсам екен, - дейді.

Уәзір Ғылманды патшаның алдына алып барған соң, Ғылман кітапты патшаға береді.

Патша уәзірге : - Ғылманды сыйлаңыз, қазір бір кесе шарап құйып беріңіз, - дейді.

Уәзір у салынған шараптан бір кесе құйып береді.

Ғылман шарапта у барын сезеді де уәзір мен ханға сездірмей, қалтасынан бір кішкене түйіршік тұз секілді нәрсені кесеге салып жіберіп, біраздан кейін шарапты ішіп салады ; аздан соң ол у ішкен адам секілденіп, қиналып тұрады да кесенің түбіне ұйыған уға саусағын малып уәзірге : - Ай, уәзір, шырағым!

Кітапты бердім, көп пайдалы кітап, әсіресе сіздерге керегі мына беттері, не істейтінін мынау арада жаздым, - деп, саусағындағы уды кітаптың беттеріне жағып жібереді де патшадан рұқсат сұрап, шығып кетеді.

Уәзір мен патша Ғылман шыққан соң кітапты алып, жазуды қараса : «Кімде - кім осы кітаптың қағазын он ретке дейін жаласа, ол кісінің қуаты тіпті кемімейді», - депті.

Патша мен уәзір бұған қуанып, кітаптың жазуындағы айтқан бетке шейін қағазды жалайды, сөйтіп, өз уынан өздері өледі.

Сол кітапта : «Патша қол астындағы халық тыныш болсын десе, әркімді ақ көңіл, әдепті қылып үйретсін!

». «Патша қол астындағы халық бай болсын десе, әркімді еңбекке тәрбиелейтін болсын!

» «Патша қол астында зұлымдықты тыямын десе, әуелі өзі зұлымдықтан тыйылсын!

» - деген екен.

Atrostianko11 8 мая 2021 г., 15:33:06 | 5 - 9 классы

Казахский язык нужен перевод срочно?

Казахский язык нужен перевод срочно.

44dima55 10 июн. 2021 г., 20:49:47 | 5 - 9 классы

Нужен рецепт Бешбармака на казахском языке?

Нужен рецепт Бешбармака на казахском языке.

Срочно.

ZhuravlevaAU 19 янв. 2021 г., 21:35:42 | 1 - 4 классы

Помогите?

Помогите!

Срочно нужен маленький рассказ максимум 6 предложений на казахском языке про любого казахского спортсмена.

Раилек 5 июл. 2021 г., 11:11:10 | 1 - 4 классы

ПОМОГИТЕЕ ?

ПОМОГИТЕЕ !

Срочно нужен диалог на казахском языке с переводом на тему сказка репка.

Fedotoval52 14 февр. 2021 г., 07:42:44 | 5 - 9 классы

СРОЧНО НУЖЕН СТИХ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ ПО ТЕМЕ ЖАЗ ДЕМАЛЫС?

СРОЧНО НУЖЕН СТИХ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ ПО ТЕМЕ ЖАЗ ДЕМАЛЫС.

SomniumVitam 25 мая 2021 г., 10:11:10 | 1 - 4 классы

Нужен рассказ "Моя улица" на казахском языке?

Нужен рассказ "Моя улица" на казахском языке.

Kateltinarita 19 авг. 2021 г., 00:16:48 | 5 - 9 классы

Срочно?

Срочно!

Нужен рассказ на казахском языке на тему купюры и монеты Казахстана.

Anzhelezna22 14 окт. 2021 г., 23:54:17 | 5 - 9 классы

Диалог на казахском на тему өнер тарландары?

Диалог на казахском на тему өнер тарландары.

Платанчик 23 апр. 2021 г., 19:22:40 | 1 - 4 классы

Нужен рассказ на казахском языке, на тему спорт полезен для жизни?

Нужен рассказ на казахском языке, на тему спорт полезен для жизни.

Romawka 13 авг. 2021 г., 10:01:06 | 10 - 11 классы

Срочно нужен рассказ из 6 - 7 предложений про город Лисаковск на казахском языке?

Срочно нужен рассказ из 6 - 7 предложений про город Лисаковск на казахском языке.

Вы открыли страницу вопроса Срочно нужен рассказ или сказка на казахском языке на тему өнер?. Он относится к категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса – для учащихся 10 - 11 классов. Удобный и простой интерфейс сайта поможет найти максимально исчерпывающие ответы по интересующей теме. Чтобы получить наиболее развернутый ответ, можно просмотреть другие, похожие вопросы в категории Қазақ тiлi, воспользовавшись поисковой системой, или ознакомиться с ответами других пользователей. Для расширения границ поиска создайте новый вопрос, используя ключевые слова. Введите его в строку, нажав кнопку вверху.