Рассказ про Барса на казахского языке?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Рассказ про Барса на казахского языке.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Настюша20042 30 июл. 2021 г., 15:04:48

Ответ : Қар барысы, ірбіс - Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық.

Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба.

Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан Республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.

Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан.

Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы.

Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.

Барлық жерде саны өте аз ; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі.

Іле Алатауында 30 - 35, Теріскей Алатауында – 2 - 3, Кетпенде – 2 - 3 барыс тіршілік етеді.

XX ғ.

60 - 80 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін.

Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді.

Батыс Тянь - Шаньда сирек, Ақсу - Жабағылы қорығында 2 - 3 барыс өмір сүреді.

XX ғ.

70 - 80 жылдары Қазақстанда барлығы 180 - 200 - дей барыс бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120 - 130 - дай ғана.

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде.

Осы күні Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды ; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы.

1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар бағында өсіп - өнген.

Ақсу - Жабағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады.

Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет.

Барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң.

Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай.

Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың.

Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м - ден астам) кездеседі.

Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар.

Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі.

Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді.

Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды.

Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей.

Олар негізінен Ақсу - Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді.

Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.

Alinashidlovska 20 июл. 2021 г., 01:12:35 | 5 - 9 классы

Рассказ о шахмате на казахском языке?

Рассказ о шахмате на казахском языке.

Укрпкуррку 11 апр. 2021 г., 11:36:22 | 5 - 9 классы

Рассказ о пингвине на казахском языке?

Рассказ о пингвине на казахском языке.

Maria344 2 апр. 2021 г., 16:04:13 | 5 - 9 классы

Рассказ на казахском языке про капусту?

Рассказ на казахском языке про капусту.

Frien95 26 янв. 2021 г., 01:15:17 | 5 - 9 классы

Рассказ про футбол на казахском языке?

Рассказ про футбол на казахском языке.

Sweets3 4 сент. 2021 г., 22:18:50 | 1 - 4 классы

Рассказ на казахском языке про инелык?

Рассказ на казахском языке про инелык.

Bazutina 18 мар. 2021 г., 12:38:21 | 1 - 4 классы

Рассказ про тигра на казахском языке?

Рассказ про тигра на казахском языке.

Kittirina1 1 окт. 2021 г., 18:26:04 | 1 - 4 классы

Сочинение на казахском языке по рассказу Амандасу салты сочинение на казахском языке по рассказу амандасу салты?

Сочинение на казахском языке по рассказу Амандасу салты сочинение на казахском языке по рассказу амандасу салты.

Egoryna 11 мар. 2021 г., 11:57:11 | 5 - 9 классы

Как переводится снежный барс на казахский язык?

Как переводится снежный барс на казахский язык.

Bogdan14rus 23 дек. 2021 г., 14:21:23 | 5 - 9 классы

Помогите пожалуйста написать сочинение на казахского языке про снежного барса?

Помогите пожалуйста написать сочинение на казахского языке про снежного барса.

Aglayanelepa 21 сент. 2021 г., 06:52:17 | 1 - 4 классы

Рассказ про учительницу по казахскому языку на казахском?

Рассказ про учительницу по казахскому языку на казахском.

На этой странице находится вопрос Рассказ про Барса на казахского языке?, относящийся к категории Қазақ тiлi. По уровню сложности данный вопрос соответствует знаниям учащихся 5 - 9 классов. Здесь вы найдете правильный ответ, сможете обсудить и сверить свой вариант ответа с мнениями пользователями сайта. С помощью автоматического поиска на этой же странице можно найти похожие вопросы и ответы на них в категории Қазақ тiлi. Если ответы вызывают сомнение, сформулируйте вопрос иначе. Для этого нажмите кнопку вверху.