Помогите пожалуйста упр 6?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста упр 6.

Ответить на вопрос
Ответы (2)
Sasha0963385046 4 июн. 2021 г., 00:55:04

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан.

Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.

Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.

Биік - биік асқар тау, мөп - мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.

Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Сол жерде біздің ата - бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

«Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық» - деп дана халқымыз бекер айтпаған.

Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын.

Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата - бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.

Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған.

Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.

Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Туған жер Беу, Туған жер!

Сен ыстықсың біздерге.

Мың - мың дастан жатыр

Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй - тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Жырды шашу болды оған бір арман.

Менің кіндік қаным тамған жер .

Облысындағы .

Ауданы.

Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім.

Табиғаты тамашалауыма жазғы демалыста барып тұрамыз.

Бойды сергітер таза ауасы мен мөп - мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа» - деп атам көп айтады.

Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.

Iralitosh 4 июн. 2021 г., 00:55:10

Туған жер - әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекен.

Оның күні де, түні де, тау - тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан - жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын.

Қайда жүрсең де өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу - беулетіп, жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, алыстасаң сағынбау мүмкін емес.

Себебі, туған жер - Сахарада да туған жер.

Жерінде жеміс - жидек бітік өсіп, көк желегі жайқалмаса да, қу шөптің басы қылтимайтын туған топырағың бәрі - бір де қасиетті, бәрі - бір де өзге жер, өңге мекенмен салыстыруға да келмейді.

Деде 6 апр. 2021 г., 13:44:00 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста упр 5?

Помогите пожалуйста упр 5.

Madridista9 16 мая 2021 г., 10:16:59 | 1 - 4 классы

Помогите по казахскому пожалуйста упр?

Помогите по казахскому пожалуйста упр.

6.

Ann19032001 24 авг. 2021 г., 07:44:58 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста с казахский упр 4вставить слова, упр 5 составить предложения?

Помогите пожалуйста с казахский упр 4вставить слова, упр 5 составить предложения.

BufyliayLanSalina 2 янв. 2021 г., 11:32:34 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста 4 упр?

Помогите пожалуйста 4 упр.

Дарьяна25 18 янв. 2021 г., 06:05:56 | 5 - 9 классы

Помогите, упр?

Помогите, упр.

5 с переводом!

Пожалуйста!

1111миша1111 5 апр. 2021 г., 15:32:15 | 1 - 4 классы

Помоги?

Помоги.

Пожалуйста.

Упр 5.

Vikav0000 30 мая 2021 г., 16:38:40 | 5 - 9 классы

Упр 249 помогите пожалуйста?

Упр 249 помогите пожалуйста.

Янка98 2 мая 2021 г., 07:50:01 | 1 - 4 классы

Помогите по казахском пожалуйста упр?

Помогите по казахском пожалуйста упр.

5.

Азнифат 27 июл. 2021 г., 16:32:42 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста упр 5?

Помогите пожалуйста упр 5.

Katrinanikishok 17 дек. 2021 г., 21:56:39 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста упр 2?

Помогите пожалуйста упр 2.

Вы зашли на страницу вопроса Помогите пожалуйста упр 6?, который относится к категории Қазақ тiлi. По уровню сложности вопрос соответствует учебной программе для учащихся 1 - 4 классов. В этой же категории вы найдете ответ и на другие, похожие вопросы по теме, найти который можно с помощью автоматической системы «умный поиск». Интересную информацию можно найти в комментариях-ответах пользователей, с которыми есть обратная связь для обсуждения темы. Если предложенные варианты ответов не удовлетворяют, создайте свой вариант запроса в верхней строке.