Информация о игре асық ату на казахском языке?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Информация о игре асық ату на казахском языке.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Monika2024 11 янв. 2021 г., 00:14:24

Асық ойыны—қазақхалқының дәстүрлі ойыны.

Асықойыны күндіз де, түнде де ойналады.

Күндізгісі –мергендікке, түнгісі –ептіліккебаулиды.

Иіргенде түскен қалпына қарай асық –алшы, тәйке, бүк, шікдеп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны –сақа, жақсылары –оңқыаталады.

Асық ойынының мынадай түрлері бар : құмар, тәйке, омпы, алшы, хан(хан ату), қақпақыл, т.

Б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады.

Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек.

Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек - кезек төрт асықты иіреді.

Егер иіруші : төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйкетүсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады.

Осылайша ойын жалғаса береді.

Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызудыомпыдейді.

Омпыойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді.

Ойыншысаны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді.

Мақсат – көп асық ұтып алу.

Ойнаушылар арасы20 қадамекі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді.

Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады.

Балалар кезек - кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі.

Егер атушыомпығабірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады.

Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.

Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.

[1]

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.

Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады.

Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.

Асық ойынының мынадай түрлері бар : құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.

Б. [2]

Кеңес өкіметі кезеңінде, ұлттық ойындар оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді деп есептелді.

"Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар - деп мақалдап та жүрдік.

Коммунистік партия еңбекке тәрбиеледі, әсіресе қара жұмысшының еңбегін жоғары бағалады.

Содан болар ауырдың үсті, жеңілдің асты деген сөз тіркестері тәрбие барысында жиі қолданатын.

Ерікті ел боған кезде, Қазақстанның жетістіктерін шет ел мойындай бастаған уақытта, ұлттық құндылықтарымызды жаңарту кезеңі келді.

Асық ойыны туралы қазіргі қарттардан сұрастырып көрсек.

Нақтылы талдап айтып беретін адамдар аз.

Қытайдан келген азаматтардан сұрастырып көгенде де мардымды жауап ала алмай жүрмін.

Ол жақта тұрмыс ауыр болды асық ойнап қызық куатын уақыт болған жоқ дейді.

Орыс тілді азаматтар "Алчики" деп асық ойнадық деп еске алады.

Шеңберге асық тіземіз де, сақамызға сым орап ауырлатып алып көздеп ататынбыз дейді.

Онысы рас қала балалары ойлап тапқан "Алматинка" немесе "Шымкент" деген ойын түрлері 1970 жылдары пайда болды.

Кейбір жерлерде осы ойынды қазақшалап "Табан" деп те атайды.

Бұған келісе қойған жөн болмас.

Тар жерде ойналатын.

Шеңберге тігіп ойнайтын қаланың кеңес дәуіріндегі шығарған асық ойындары.

Сақа арқардың асығы болуы шарт.

Ертеде бай қуаттының балалары ұстайтын, "Қоңқар" немесе "Құлжа" арқардың еркегінің асығы.

Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда мерейің жоғары болып жүреді.

Тиген асықтар быт - шыт болып жан - жаққа бытырай ұшады.

Мықты ойнайтын кедей кепшіктің балалары "қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз ақылы асса аға тұт" - деп қулана мақалдап та қоятын.

60 - 70 жылдары ойнаған ойынымыз "Өріс" деп аталатын еді.

Кең далада ұзындығы 20 метрден кем болмайтын.

Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнағанға не жетсін.

Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнасаң да болады.

Үлкен мен кіші бір - біріне қамқор болып келісіп ойнасаң да, құрдас пен - құрдас бір - біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір біріңді сынай ойнасаң да әбден болады.

Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың.

Таза бәсеке, таза тәрбие.

Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ.

Болмайды да.

Ұлттық тәрбие.

Ұлттық ойын.

Спорт ойыны, спорттық бәсеке.

Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа - тәрбиелейді.

Міне асық ойынының кереметі деп осыны айт!

Қабден Дүйсенбайұлы.

Семей қаласы.

Yanusiksmirnova 23 янв. 2021 г., 20:19:26 | 5 - 9 классы

Информация о интернете на казахском языке?

Информация о интернете на казахском языке.

Ankosummer 21 июл. 2021 г., 09:19:59 | 5 - 9 классы

Напишите пожалуйста на казахском об казахской игре "асық" срочно?

Напишите пожалуйста на казахском об казахской игре "асық" срочно!

Алиса73482836379 8 февр. 2021 г., 18:06:45 | 5 - 9 классы

Информация о автобусе на казахском языке?

Информация о автобусе на казахском языке.

Данька2005 3 авг. 2021 г., 11:34:40 | 5 - 9 классы

Информация о автобусе на казахском языке?

Информация о автобусе на казахском языке.

LogDogGamer 25 мар. 2021 г., 15:50:17 | 5 - 9 классы

Информация о казахской игре аркан тарту?

Информация о казахской игре аркан тарту.

Dmitrijgrigorev 13 сент. 2021 г., 15:39:02 | 1 - 4 классы

Информация о игре асық ату на казахском языке 100 б?

Информация о игре асық ату на казахском языке 100 б.

VAKULENKOOLGA8 7 нояб. 2021 г., 01:38:39 | 1 - 4 классы

Как поделить казахское слово асық?

Как поделить казахское слово асық.

Matveifadeeff455 11 дек. 2021 г., 02:49:15 | 1 - 4 классы

Напишите казахские игры на казахском языке ?

Напишите казахские игры на казахском языке !

ЗАРАНЕЕ СПАСИБО !

Alisasimson 25 февр. 2021 г., 16:17:47 | 5 - 9 классы

Изложение на какую нибудь казахскую национальную игру на казахском языке?

Изложение на какую нибудь казахскую национальную игру на казахском языке.

Denys1661 13 апр. 2021 г., 15:23:51 | 1 - 4 классы

Игра на казахский язык про лето?

Игра на казахский язык про лето.

На этой странице находится ответ на вопрос Информация о игре асық ату на казахском языке?, из категории Қазақ тiлi, соответствующий программе для 1 - 4 классов. Чтобы посмотреть другие ответы воспользуйтесь «умным поиском»: с помощью ключевых слов подберите похожие вопросы и ответы в категории Қазақ тiлi. Ответ, полностью соответствующий критериям вашего поиска, можно найти с помощью простого интерфейса: нажмите кнопку вверху страницы и сформулируйте вопрос иначе. Обратите внимание на варианты ответов других пользователей, которые можно не только просмотреть, но и прокомментировать.