Боз көрпе сөзінің мағынасыъшәйі сөзінің мағынасықара өлең сөзінің мағынасыаңыз сөзінің мағынасықұс жолы сөзінің мағынасыкүпі сөзінің мағынасышекпен сөзінің мағынасы?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Боз көрпе сөзінің мағынасыъ

шәйі сөзінің мағынасы

қара өлең сөзінің мағынасы

аңыз сөзінің мағынасы

құс жолы сөзінің мағынасы

күпі сөзінің мағынасы

шекпен сөзінің мағынасы.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Idrismusaev99 5 нояб. 2020 г., 23:35:34

Берілген сөздердің мағыналары : Боз көрпе - түннің таңмен астасқан кезі.

Шәйі - қазақша мата атауы (жібек матаға жатады).

Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі.

Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады.

Қара өлең әнге салып айтуға ыңғайлы.

Әннің ырғақ ерекшеліктеріне қарай өлең жолдарындағы бунақтар орнын ауыстырып отырады.

Әр шумақта жеке ой жатады.

Мұндай ой жеңіл әзіл - оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды.

Өлеңнің алғашқы екі жолындағы ой соңғы жолдардағы негізгі ойға қызмет етеді.

Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр байлаған.

Оның үлгілері "Оғызнамада" (9 ғ.

), Ж.

Баласағұнидің "Құтадғу білігінде" (11 ғ.

), М.

Қашқаридың "Диуани лұғат ат - түркінде" (11 ғ.

), А.

Иүгінекидің "Ақиқат сыйында" (12 ғ.

) кездеседі.

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры.

Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.

Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс - әрекетіне байланысты туады.

Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс - әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен.

Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады.

Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз - әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.

Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика.

Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай - ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған.

Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк.

Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк.

Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.

Күпі – қазақтың ертеден киіп келе жатқан киімдерінің бірі.

Ол – ішіне қойдың, түйенің жабағы жүнін салып, бидай шүберекке сырып, сыртына берік бір түсті матадан тігілетін жылы әрі қарапайым киім.

Күпі жеңіл әрі ыңғайлы болады.

Қажетті бұйымдар мен тігілуі оңай болғандықтан, мұны бұрынғы қазақтардың бәрі де киген.

Киімнің бұл түрі көктем мен күзде киіледі.

Шекпен – тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім.

Шекпендік матаны иіріп, оны өрмекпен тоқып, шапан үлгісіне пішеді.

Оған мақпалдан немесе басқа қалың матадан қайырма жаға, тік жаға салады.

Шекпеннен су да, жел де өтпейді.

Су тигенде түйе жүні ширығып, тығыздала түседі.

Ол матадай емес, өте берік әрі жеңіл болады, тез тозбайды.

Ботаның немесе тайлақтың жүнінен тоқылған шекпен өте әдемі болады.

Оны шидем шекпен, кей өңірде боз шекпен дейді.

Жастар мұны сәндікке киген.

Қазақта шен - шекпен деген сөз бар.

Оның мағынасы тереңде жатыр.

Өткен ғасырларда қазақ елін отарлаған орыс жымысқылары елді, жерді бөліп, болыстар тағайындап, оларға шен тағайындап, белгі беріп, шекпен (шапан) кигізген.

Осыдан барып шен - шекпен киген деген теріс ұғым пайда болған.

Оған ұлы Абайдың «Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға.

Шелтірейтіп орысың шенді шекпен жапқанға» деген сөзі куә.

Сатана666 27 апр. 2020 г., 16:52:43 | 1 - 4 классы

Алғырлық сөзінің мағынасы?

Алғырлық сөзінің мағынасы.

Oksana1777 13 окт. 2020 г., 22:28:46 | 5 - 9 классы

Ет сөзінің мағынасы?

Ет сөзінің мағынасы.

Fynfy 27 февр. 2020 г., 11:11:43 | 1 - 4 классы

"Жолы болмады" сөзінің мағынасы?

"Жолы болмады" сөзінің мағынасы?

Zauczvania2015 13 дек. 2020 г., 09:46:00 | 5 - 9 классы

Бірегей сөзінің мағынасы?

Бірегей сөзінің мағынасы.

Kristina982 21 дек. 2020 г., 22:48:03 | 5 - 9 классы

Зерек сөзінің мағынасы?

Зерек сөзінің мағынасы.

Юлька1412 12 дек. 2020 г., 09:21:53 | 5 - 9 классы

Зердені сөзінің мағынасы?

Зердені сөзінің мағынасы.

76543202 22 нояб. 2020 г., 04:55:51 | 5 - 9 классы

Ұғымталдық сөзінің мағынасы?

Ұғымталдық сөзінің мағынасы.

Gusarovich 14 нояб. 2020 г., 12:46:23 | 5 - 9 классы

Дəрмен сөзінің мағынасы?

Дəрмен сөзінің мағынасы?

Mahon001 25 окт. 2020 г., 15:51:23 | 5 - 9 классы

Кеуіл сөзінің мағынасы?

Кеуіл сөзінің мағынасы?

Марина866 14 сент. 2020 г., 01:00:11 | 5 - 9 классы

Тайынша сөзінің мағынасы?

Тайынша сөзінің мағынасы.

На странице вопроса Боз көрпе сөзінің мағынасыъшәйі сөзінің мағынасықара өлең сөзінің мағынасыаңыз сөзінің мағынасықұс жолы сөзінің мағынасыкүпі сөзінің мағынасышекпен сөзінің мағынасы? из категории Қазақ тiлi вы найдете ответ для уровня учащихся 5 - 9 классов. Если полученный ответ не устраивает и нужно расшить круг поиска, используйте удобную поисковую систему сайта. Можно также ознакомиться с похожими вопросами и ответами других пользователей в этой же категории или создать новый вопрос. Возможно, вам будет полезной информация, оставленная пользователями в комментариях, где можно обсудить тему с помощью обратной связи.