Напишите сочинение по теме Жеті қазына?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Напишите сочинение по теме Жеті қазына.

10 строчик.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Настя22226 18 мар. 2021 г., 21:39:05

Қазақтың «жеті қазына» деген ұғымы бар екенін елдің бәрі біледі.

Шамасы, бұл халқымыздың сандық ұғымдарынан туындаған болса керек.

Бір қызығы осы «жеті қазына» ұғымын жақсы түсінемін деп жүретін едім.

Сөйтсем, қателескен сыңайлымын.

Әдетте, интернеттен осы мәселені іздеп көрдім.

Жарытып ештеңе таба алмадым.

Бірақ, «жеті қазына» ұғымының ең танымал екі нұсқасы бар екендігін білеміз.

Жеті қазынаның бірінші нұсқасы : ер жігіт, сұлу жар, ілім - білім, жүйірік ат, құмай тазы, түзу мылтық.

Екінші нұсқа : жүйірік ат, алғыр бүркіт, қаққыр тазы, алмас кездік, қандыауыз қақпан, берен мылтық, майланғыш ау немесе қыл тұзақ.

Қазақ радиосындағы «Мен - қазақпын!

» бағдарламасының жұма күнгі сандарын осы жеті қазына ұғымына арнадық.

Қазына саналған жеті затты жіктеп, жіліктеп көрейік дескенбіз.

Дінтанушы Омар Жәлелұлы «ер жігіт еліне олжа салады» деген мақалға сүйене отырып, дәл сондай жігіттер халықтың қазынасы дейді.

«Жеті қазынаның» бірінші нұсқасы халықтың қазынасы, екіншісі азаматтың қазынасы деп тұспалдадық.

Ал, сұлу әйел мәселесіне келер болсақ, қазақ сұлу әйелден ақылды бала дүниеге келеді деп ойлайтын болса керек.

Ақтамбердінің

Елден елді аралап,

Тектіден текті саралап,

Беглердің қызын айттырсам,

Нұсқасын байқап шамалап -

Сынға толса сияғы,

Әлбеті шамның шырағы,

Мұхиттан сүзіп шығарған

Қымбатты гауһар бағасы.

Жүз нарға кілем жаптырып,

Қазақтан сәнін арттырып,

Ұзатып алсам сәнменен,

Көңлімді хош таптырып!

Бала берсе тезінен, -

Пірлердің бітсе демінен,

Шілтеннің тиіп шылауы,

Артылып туса өзімнен!

Осындай берген дәулетті

Көтеріп түра алар ма екеміз!

–деуі содан шығар Ал, ілім - білім мен жылқының қазына болатыны онсыз да белгілі.

Құмай тазыға келсек, бұл өзі жалпы ит атаулыға қатысты тәрізді.

Құмай тазы саятшылықтың көркі әрине.

Бірақ, иттің бойында қазақ ұнатқан екі қасиет бар екен.

Олар–адалдық пен қанағатшылдық.

Ит иесіне адал келеді.

Әрі не берсең де қанағатшыл.

Қыран бүркіт болса шынымен аңшылықтың сәні.

Екіншіден қырандар маңғаз, таза келеді.

Қазақтың кейбір мінезі сияқты.

Мылтық болса бес қарудың бірі болған садақтың «баласы».

Елдің қорғанысына қажет құрал.

Қазына саналатыны содан дейді.

Әрине, бұлардың жетеуін жеке - жеке талдауға болады.

Радиодағы «Мен қазақпын!

» бағдарламасында олардың әрқайсысын жеке талдадық.

Бірақ, әзірге берен мылтық жөнінде сөз қозғап үлгермедік.

Айтпақшы, біздің бір жазбамызға пікір жазған оқырман «Мен - қазақпын!

» бағдарламасын Қазақ радиосының сайтына салып қоюды ұсынған екен, болашақта ол да жүзеге асар деген үмітіміз бар.

Бірақ, әзірге осы блогтағыны қанағат етуге мәжбүрміз.

Айыпқа бұйырмассыздар деп ойлаймын.

Валя510 1 апр. 2021 г., 07:06:39 | 10 - 11 классы

Қарттарым асыл қазынам шығарма?

Қарттарым асыл қазынам шығарма.

Ledyanka 7 апр. 2021 г., 04:27:36 | 5 - 9 классы

Что такое Жеті ата , Жеті Жарғы, Жеті құт ?

Что такое Жеті ата , Жеті Жарғы, Жеті құт .

Напишите на казахском с переводом.

TheAlina85 29 мар. 2021 г., 18:15:56 | 1 - 4 классы

Переведите стихКиелі сан жеті дегенБайланысты жетімененКөп ұғамы халқымыздыңБілгісіндей салтымыздыңЖеті Жарғы - заң жетіҚазынамыз бар жетіЖеті атамыз - жеті жұртАғайынды жеті құт,?

Переведите стих

Киелі сан жеті деген

Байланысты жетіменен

Көп ұғамы халқымыздың

Білгісіндей салтымыздың

Жеті Жарғы - заң жеті

Қазынамыз бар жеті

Жеті атамыз - жеті жұрт

Ағайынды жеті құт,.

Мила2056 21 апр. 2021 г., 09:08:11 | 5 - 9 классы

ИНФОРМАЦИЯЖЕТІ ҚАЗЫНА(20 БАЛЛОВ)?

ИНФОРМАЦИЯ

ЖЕТІ ҚАЗЫНА

(20 БАЛЛОВ).

Анякордонана 10 мар. 2021 г., 11:34:32 | 5 - 9 классы

Люди прошу умоляю помогите очень срочно нужно напишите пожалуйста эссе на тему жеті қазына дам 42 балла?

Люди прошу умоляю помогите очень срочно нужно напишите пожалуйста эссе на тему жеті қазына дам 42 балла.

Lyubasha15 20 июн. 2021 г., 20:31:55 | 5 - 9 классы

Сочинение на тему жеті қазына?

Сочинение на тему жеті қазына.

КотяБР 3 янв. 2021 г., 07:43:09 | 5 - 9 классы

Сочинение на тему "Жеті киелі сан" с переводом на русский язык?

Сочинение на тему "Жеті киелі сан" с переводом на русский язык.

Angelysek 19 мая 2021 г., 10:40:40 | 5 - 9 классы

Ана тілім асыл қазынам Сочинение на казахском?

Ана тілім асыл қазынам Сочинение на казахском.

Mauipova2012 21 авг. 2021 г., 15:13:53 | 5 - 9 классы

Написать сочинение Уақыт - қазына?

Написать сочинение Уақыт - қазына.

Срочно пж.

Epishindmitrij 5 окт. 2021 г., 22:44:39 | 5 - 9 классы

Текст на тему уақыт - қазына?

Текст на тему уақыт - қазына.

На этой странице сайта, в категории Қазақ тiлi размещен ответ на вопрос Напишите сочинение по теме Жеті қазына?. По уровню сложности вопрос рассчитан на учащихся 5 - 9 классов. Чтобы получить дополнительную информацию по интересующей теме, воспользуйтесь автоматическим поиском в этой же категории, чтобы ознакомиться с ответами на похожие вопросы. В верхней части страницы расположена кнопка, с помощью которой можно сформулировать новый вопрос, который наиболее полно отвечает критериям поиска. Удобный интерфейс позволяет обсудить интересующую тему с посетителями в комментариях.