Помогите составить рассказ со словом " татулык"?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Помогите составить рассказ со словом " татулык".

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Женя12211221 26 нояб. 2020 г., 01:38:20

Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі.

Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді.

Ұмтылу жолы өте ауыр.

Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс.

Осы тұрғыда мемлекеттің бірден - бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.

Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз.

Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан.

Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130 - дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді.

Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау - дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген.

Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба», - деп қоямыз.

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған.

Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады.

Елбасы Н.

Ә. Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған.

Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі - өнеге бола білді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс - шаралар өткізу болып табылады.

Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек.

Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді.

Қиын - қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді.

Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады.

Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар.

Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.

2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.

Ә. Назарбаев : «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі.

Бұл – әлемдік үрдіс.

Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты.

Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ.

Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату - тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.

», - деп айтып өткен.

Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды.

Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.

9Динка9 26 апр. 2020 г., 03:46:25 | 10 - 11 классы

Татулык туралы ангиме?

Татулык туралы ангиме.

Жека1990 9 дек. 2020 г., 22:49:28 | 1 - 4 классы

Татулык созине ангме керек?

Татулык созине ангме керек.

Ddoop 14 мая 2020 г., 07:09:06 | 1 - 4 классы

Татулык такырыбына ангме?

Татулык такырыбына ангме.

Aleksandq 8 дек. 2020 г., 20:40:18 | 10 - 11 классы

Татулык туралы ангиме?

Татулык туралы ангиме.

Даша324 25 сент. 2020 г., 07:40:25 | 1 - 4 классы

Татулыка бес сойлем курау?

Татулыка бес сойлем курау.

Ianenko 19 авг. 2020 г., 01:36:42 | 10 - 11 классы

Орманшы татулык жумыскер сойлем курау?

Орманшы татулык жумыскер сойлем курау.

Kristina697715 2 авг. 2020 г., 11:14:00 | 5 - 9 классы

Падежи казахского слова татулык?

Падежи казахского слова татулык.

Юля3245 12 мар. 2020 г., 16:00:02 | 5 - 9 классы

Помогите рассказ составить по картинке?

Помогите рассказ составить по картинке.

Amana11 18 окт. 2020 г., 12:50:54 | 5 - 9 классы

Помогите составить рассказ по картинкам?

Помогите составить рассказ по картинкам.

Проролд 26 нояб. 2020 г., 03:33:45 | 5 - 9 классы

Ынтымак ок отпес сауыт, татулык тамаша сауык магынасы калай?

Ынтымак ок отпес сауыт, татулык тамаша сауык магынасы калай.

На этой странице находится вопрос Помогите составить рассказ со словом " татулык"?. Здесь же – ответы на него, и похожие вопросы в категории Қазақ тiлi, которые можно найти с помощью простой в использовании поисковой системы. Уровень сложности вопроса соответствует уровню подготовки учащихся 1 - 4 классов. В комментариях, оставленных ниже, ознакомьтесь с вариантами ответов посетителей страницы. С ними можно обсудить тему вопроса в режиме on-line. Если ни один из предложенных ответов не устраивает, сформулируйте новый вопрос в поисковой строке, расположенной вверху, и нажмите кнопку.