Сочинение про астану на казахском с переводом?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Сочинение про астану на казахском с переводом.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Saniya150686 2 авг. 2020 г., 10:18:46

«Астана - отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.

Ә. Назарбаев Астана - ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала.

Біздің дәуіріміздің ХІ - ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген.

Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты.

Бозақ - қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде.

Қалашық Х - ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған.

Сондай - ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған.

Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік.

1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады.

Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала - Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек - жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті.

Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар.

Астана дамып, көркейе түсті.

Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО - ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана - сәулеті келіскен алып шаһар.

Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара - Бәйтерек.

Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған.

Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз - елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл.

Астана қазақты ғаламға, Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.

Әбілдақызы жырлағандай, Астана - Елбасының ғажайып ерлігі.

Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы - теңдессіз қайсарлық.

Әр елді Астанасы - сол елдің төлқұжаты.

«Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында : - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады.

Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты.

Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде : «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз.

Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды.

Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы.

«Біз жаңа астананың негізін салдық.

Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала.

Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала.

Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.

Ә. Назарбаев.

Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес.

Елбасы бізбен бірге.

Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

Лесья123 26 июл. 2020 г., 14:11:20 | 5 - 9 классы

Сочинение про Астану с переводом на русский?

Сочинение про Астану с переводом на русский.

Кристи181 12 июн. 2020 г., 05:20:16 | 5 - 9 классы

Сочинение про Астану на казахском языке даю 10?

Сочинение про Астану на казахском языке даю 10.

Cherniga87 5 июн. 2020 г., 06:05:35 | 5 - 9 классы

Пожалуйста помогите?

Пожалуйста помогите!

Сочинение про астану на казахском языке.

Recardo228 13 нояб. 2020 г., 19:47:02 | 5 - 9 классы

Напишите пож текст про астану на казахском желательно с переводом срочно?

Напишите пож текст про астану на казахском желательно с переводом срочно.

Sundukova79 26 окт. 2020 г., 13:03:45 | 5 - 9 классы

Написать сочинение на казахском языке про Астану?

Написать сочинение на казахском языке про Астану.

MSYarik1 27 сент. 2020 г., 05:19:40 | 5 - 9 классы

Сочинения по казахскому языку про астану?

Сочинения по казахскому языку про астану.

Аоьлпрош 16 февр. 2020 г., 09:56:54 | 5 - 9 классы

Маленькое сочинение про Астану на казахском языке?

Маленькое сочинение про Астану на казахском языке.

Alexandragrig 20 нояб. 2020 г., 07:14:03 | 1 - 4 классы

Сочинение про Астану на казахском языке?

Сочинение про Астану на казахском языке.

Svetlana5177 18 дек. 2020 г., 13:06:20 | 1 - 4 классы

Текст про Астану на казахском языке с переводом на русский?

Текст про Астану на казахском языке с переводом на русский.

Titomas 7 сент. 2020 г., 21:21:17 | 10 - 11 классы

Маленькое сочинение о Астане на казахском?

Маленькое сочинение о Астане на казахском.

Вы перешли к вопросу Сочинение про астану на казахском с переводом?. Он относится к категории Қазақ тiлi, для 10 - 11 классов. Здесь размещен ответ по заданным параметрам. Если этот вариант ответа не полностью вас удовлетворяет, то с помощью автоматического умного поиска можно найти другие вопросы по этой же теме, в категории Қазақ тiлi. В случае если ответы на похожие вопросы не раскрывают в полном объеме необходимую информацию, то воспользуйтесь кнопкой в верхней части сайта и сформулируйте свой вопрос иначе. Также на этой странице вы сможете ознакомиться с вариантами ответов пользователей.