Аңыз әнгіме асанқайғың туралы?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Аңыз әнгіме асанқайғың туралы.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Kalininaanya 1 июн. 2021 г., 10:03:36

Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді.

«Елді сол жерге қоныстандырсам!

» - деп, арман етеді.

Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады.

Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды

көргенде : «Әттеген - ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен.

Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола алмас», - деген екен.

Асан қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты.

Асанның екі баласы : «Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?

» - дегенде, Асан қайғы : «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас», - депті.

Жетісуды көргенде : «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсықоныс екен», - депті.

Баянауыл тауын көргенде : «Баянға жаймай, қой

семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.

Қаратал өзенінің өлкесін көргенде : «Ей, сарқырап аққан Қаратал, артың кең, алдың тар - ау!

» - депті.

Өйткені бұл өзен құмға сіңіп жатады екен.

Осы күнгі Мерке ауданындағы Аспараны көргенде : «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!

» - деп жүріп кетіпті.

Шу өлкесін көргенде : «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты!

Тегінде бір шулағаның болмаса, ну қамысың еліңді жұтқа бермес», - депті.

Шудың аяғында Сарысу елі шөп жимай, Шудың қамысын қыстап, жаз Арқаны жайлайды екен.

Әулие - Атаның (қазіргі Тараз қаласы) шығысынан аққан Талас, батысынан аққан - Келес дейтін өзендерді көргенде, малға жайлы екенін біліп : «Ей, екі Талас, бір Келес, малсыз күнің кенелмес.

Жері де жайылған малға жұт болмас!

» - деген екен.

Жуалы жеріндегі Ауан дейтін қара топырақты, егістік аймақты көргенде : «Шөбің семіз, қарың мол, топырағың май екен, кәдіріңді егін салған ел білер», - депті.

Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде : «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен!

Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!

» - депті.

Қарсақбай аймағын көргенде : «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!

» - деп жүріп кетіпті.

Нарын - Самар аймағын көргенде : «Е, Нарын, тайың

айғырдай, тайлағың бурадай екен!

Қысыңұзақ : шаруаңа сақ бол!

» - депті.

Шыңғырлау өзенін көргенде, түсе қалып, Желмаясын оттатып : «Жылқының өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірген екенсің!

» - деп, қонып кетіпті.

Бірақ Асан ол кезде шұрайлы, қоныс, нулы өлке таба

алмапты.

ОлҰлытау жаққа келіп өліпті.

Almazgalimzyan 17 апр. 2021 г., 13:21:33 | 1 - 4 классы

Қамқорлық туралы әнгіме?

Қамқорлық туралы әнгіме.

Нюрка 5 авг. 2021 г., 23:46:26 | 1 - 4 классы

Жыл құстары туралы әнгіме?

Жыл құстары туралы әнгіме.

Panya543 26 февр. 2021 г., 17:48:09 | 1 - 4 классы

Күз туралы әнгіме кұрау?

Күз туралы әнгіме кұрау.

PutinZhyv 9 мар. 2021 г., 01:58:56 | 1 - 4 классы

Бұлт туралы әнгіме көмектесендер?

Бұлт туралы әнгіме көмектесендер.

Niki2sXavONE 9 мая 2021 г., 08:28:23 | 1 - 4 классы

Қысқы еңбек туралы әнгіме, шығарма?

Қысқы еңбек туралы әнгіме, шығарма.

LLIapNk228 4 авг. 2021 г., 11:36:38 | 1 - 4 классы

Инеліктер туралы әнгіме?

Инеліктер туралы әнгіме.

Gtt5t 8 февр. 2021 г., 11:49:29 | 1 - 4 классы

Бірлік туралы әнгіме?

Бірлік туралы әнгіме.

Pravdivtseva20 29 июн. 2021 г., 14:21:33 | 1 - 4 классы

Тиін туралы әнгіме құрау?

Тиін туралы әнгіме құрау.

Pasha06509 30 апр. 2021 г., 07:32:12 | 1 - 4 классы

Білім туралы әнгіме?

Білім туралы әнгіме.

Nikitoskor 20 сент. 2021 г., 01:13:43 | 1 - 4 классы

Білім туралы әнгіме?

Білім туралы әнгіме.

На этой странице находится вопрос Аңыз әнгіме асанқайғың туралы?, относящийся к категории Қазақ тiлi. По уровню сложности данный вопрос соответствует знаниям учащихся 5 - 9 классов. Здесь вы найдете правильный ответ, сможете обсудить и сверить свой вариант ответа с мнениями пользователями сайта. С помощью автоматического поиска на этой же странице можно найти похожие вопросы и ответы на них в категории Қазақ тiлi. Если ответы вызывают сомнение, сформулируйте вопрос иначе. Для этого нажмите кнопку вверху.