Тәуелсіздік туралы эссе?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Тәуелсіздік туралы эссе.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Гингта 4 мая 2021 г., 17:15:50

«Тәуелсіздік».

Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды.

Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді.

Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз.

Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға - апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді.

Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе!

Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алмағаны қаншама!

Сонау 1776 жылдың 4 шілдесінде Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдады, ал осы кезде қазақ халқының тағдырына егеменді ел болу үшін жоңғар, қалмақтармен соғысу жазды.

Бұл күндері Қазақстан - егемендігін алған жас мемлекет, алайда, оның үш мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе, біреу біле бермейді.

Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін.

Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз, яғни тәуелсіздік атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін.

Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары.

Ендігі алаңдайтын мәселе, әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекет ішінде болып жатырған қақтығыстар, төңкерістер жүректі ауыртады.

Жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, қасиетті аталардың жанын қиған оқиғалар қалған еліміз тыныш болсын деп тілейміз.

Әлемнің алпауыт елдерінде өтіп келе жатырған ЕХРО - ның 2017жылғы көрмесі өзіміздің Астана қаласында өтетіні белгілі болды.

Бұл бағындырған биік белестерҚазақстандай жас елдің күннен - күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді.

Бір кездері арман болған азаттықтың жоғары жетістіктері жанымызды жадыратады.

Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында.

Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс.

22833713 7 мая 2021 г., 08:35:18 | 5 - 9 классы

Қамқорлық туралы эссе?

Қамқорлық туралы эссе.

Coinswm121 3 авг. 2021 г., 23:59:36 | 5 - 9 классы

Табиғат туралы эссе ?

Табиғат туралы эссе .

Гомес 13 июн. 2021 г., 10:38:40 | 5 - 9 классы

Мини эссе на тему тәуелсіздік 25 жыл казақстан?

Мини эссе на тему тәуелсіздік 25 жыл казақстан.

Gulyamovanigin 8 янв. 2021 г., 04:07:24 | 5 - 9 классы

Тәуелсіздік туралы тақпақ 2 - 3 столбика 18 баллов даю?

Тәуелсіздік туралы тақпақ 2 - 3 столбика 18 баллов даю.

НаттЧ 4 февр. 2021 г., 17:14:45 | 5 - 9 классы

Тәуелсіздік туралы шығарма жоспармен?

Тәуелсіздік туралы шығарма жоспармен.

0Кируська0 24 июл. 2021 г., 03:53:14 | 1 - 4 классы

2 сыныпқа эссе тәуелсіздік туралы?

2 сыныпқа эссе тәуелсіздік туралы.

Baydikovav 31 мар. 2021 г., 14:42:03 | 5 - 9 классы

Татулык туралы эссе?

Татулык туралы эссе.

HelpPeople 12 мая 2021 г., 06:55:00 | 5 - 9 классы

Эссе жылқы туралы?

Эссе жылқы туралы!

Zip19 3 дек. 2021 г., 05:32:26 | 5 - 9 классы

Астана - Тәуелсіздік жемісі эссе?

Астана - Тәуелсіздік жемісі эссе.

8888vov 7 окт. 2021 г., 11:04:26 | 5 - 9 классы

Атаконыс туралы эссе?

Атаконыс туралы эссе.

На этой странице сайта вы найдете ответы на вопрос Тәуелсіздік туралы эссе?, относящийся к категории Қазақ тiлi. Сложность вопроса соответствует базовым знаниям учеников 5 - 9 классов. Для получения дополнительной информации найдите другие вопросы, относящимися к данной тематике, с помощью поисковой системы. Или сформулируйте новый вопрос: нажмите кнопку вверху страницы, и задайте нужный запрос с помощью ключевых слов, отвечающих вашим критериям. Общайтесь с посетителями страницы, обсуждайте тему. Возможно, их ответы помогут найти нужную информацию.