Где можно найти сочинение про маму на казахском языке?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Где можно найти сочинение про маму на казахском языке.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
174987654321 3 янв. 2020 г., 18:07:28

Бұл жазбаны осы жолы жазуыма бірнеше адамның сұраныстары себеп болды деуге де келетін шығар.

Оның үстіне өзім дежазғым келген.

Бірақ қу басқа түрлі ойлар келіп сол бойына жазылмай қалған болатын… Сосын ойландым.

Анамның бойындағы бар қасиетін жазудың қандай кінәраты бар!

Әрі оған деген перзенттік махаббатты жеткізудің несі айып!

Әрине, анаға деген құрмет жазумен өлшенбейді!

Бірақ жазудың да мақсат - мұраты бар.

Бұл кішігірім әңгімемді қүйбең тірліктің тасасында жүрген бауырларым оқыса, бәлкім олардың да анасына деген махаббаты түлеп, еселенер деген оймен бір шешімге келдім.

Себебі, өзім де ана туралы өлең, әңгімелерді оқып, не болмаса ән тыңдай отырып, соны қалдырған жазушының (автордың) кейпіне еніп алып жаным рақат тауып қалатын.

Менің анам қатал.

Бізді жиі ұрсатын.

Сондықтан да бала күнімде кейде кейбір жолдастарымның аналарына қызыға қарайтынмын : Неткен жақсы, баласын ешқашан ұрыспайды.

Баласы не істегісі келсе, соны істейді.

Баласының айтқанын екі етпей орындайды… Ал менің анам бізді еркімізге жібермей, тек өзінің темірдей тәртібінің шеңберінде ғана ұстайтын.

Әрбір ісімізге, жүріс - тұрысымызға қатты көңіл бөлетін.

Ол уақытта мұның бәрі бізге ұнамайтын.

Алайда осының бәрін тек іштей ойлаймыз.

Себебі, «Мама неге бұлай…» деп айтуға ешқайсысымыздың батылымыз жетпейтін.

«Сенің анаң қатал иә?

» дейтіндер де болды.

Сонда «менің мамам жұрттың жүзіне неліктен ыржиып қарамайды екен» деп ойлайтынмын…Қазір барлығымыз кейде «баланың аты – бала екен ғой…» деп өткенді айтып күліп аламыз.

«Кім нені көргісі келсе, соны көреді» демекші, тек анамызды айдаһардай көрген біз екенбіз.

Енді қазір бұрынғы көрқарасқа кереғар ойлаймын : Менің анам неткен жұмсақ.

Не деген дана.

Неткен ақылды!

… дейтін болдым.

Бізді анамыздың туралығы тәнті етеді.

Қайратты, жігерлі жан.

Жүрегі кең, қолы жомарт адам.

Әкем адамкөңіліне көп қарайды.

Ал анам шындықты айтушы.

Барды – бар, жоқты – жоқ дейді.

Сол үшін де жұмсақ сөзге үйір басқаларға ұнамайтын шығар деп қоям.

Алайда, менің анам сияқты салмақты, сабырлы, турашыл, кеңпейіл қасиетке көбіміз кедейміз.

Кейбір туыстарымның балаларына көңілім толмай қараймын.

Сонда «шіркін, анамның тәрбиесіне салып алар ма еді, осыларды» деп кейде пенделікпен ойлап та қоямын.

29 жасында 6 балалы болған анам, расымен де батыр ана.

Машақаты бітпейтін ауылдың ауыр тірлігі көпшілікке мәлім.

Үлкені небәрі 10 - да, ал кішісі – мен жөргекте… Шұрқыраған алтаудың алты түрлі тілегі бар… Алтауы да жыласа алты түрлі дауыспен жылайды… Алтауы алты түрлі тамақ жегісі келеді… Алтауын бірдей шомылдыру… Алтаудың тәрбиесімен айналысу… Мұнымен бітпейді.

Әкем іс - сапарымен кеткенде даланың шаруасы осы пейнетке келіп қосылады…Осыларды қазір ойласам, анамды арқама салып алып, аяғын жерге тигізбей көтеріп жүргім келеді.

Бірақ біздікі сөз күйіндегімахаббат… Сол себептен де анамыздың бізге берген бір қасық асын өтеу әзірге қиын болып жүр.

Адамдар арасында ананың балаға деген махаббатынан артық, күшті сезім жоқтай көрінеді.

Жұмсақ тәртіп көрсек, бәлкім анамыздың қадірін де білмес пе едік!

Егер өмірден бірдеңе үйреніп, сәл де болса жалғанның сырын түйсініп жатқан болсақ, осының бәрінде де асыл анамыздың үлкен үлесі жатыр…Өмірдің осыншама қиындықтарын көрген анама мен аяушылықпен қарамаймын.

Себебі өмір әркімді бір - біріне ұқсамайтын сынағына салады.

Арманым – анам біздің емес, Алланың бағалауына іліксе.

Ал тілегім – Алла анамның құлшылығын қабыл етсе.

Ал бұл жалғанда менің ата - анам бақытты жандар деп ойлаймын…

Алпысқа таяған анам, әзірге бір келін, үш күйеу балалы, бірнеше немерелі болды.

Қазір менің елге оралғанымды сарғая күтіп жүр.

89872731926 31 июл. 2020 г., 17:41:47 | 5 - 9 классы

Помогите?

Помогите.

Сочинение на казахском языке про маму.

Kabancik2010584 6 июл. 2020 г., 00:22:40 | 5 - 9 классы

Сочинение на казахском языке о маме?

Сочинение на казахском языке о маме.

Абдул9 13 июн. 2020 г., 12:21:04 | 5 - 9 классы

Сочинение на казахском языке про маму?

Сочинение на казахском языке про маму.

Даша16041 31 авг. 2020 г., 12:58:56 | 5 - 9 классы

Сочинение на тему "Подарок маме" На Казахском языке?

Сочинение на тему "Подарок маме" На Казахском языке.

P0n4uk 16 мар. 2020 г., 04:46:25 | 1 - 4 классы

Сочинение по казахскому языку как я хожу в магазин с мамой?

Сочинение по казахскому языку как я хожу в магазин с мамой.

1010998877 15 мар. 2020 г., 14:57:58 | 5 - 9 классы

Сочинение про маму на казахском языке с переводом на русский?

Сочинение про маму на казахском языке с переводом на русский.

Лаптий 24 июл. 2020 г., 03:36:48 | 5 - 9 классы

Сочинение на КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ "МАМА"?

Сочинение на КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ "МАМА".

Вова363 24 нояб. 2020 г., 00:18:29 | 5 - 9 классы

Мини сочинение на казахском языке мама моя радость?

Мини сочинение на казахском языке мама моя радость.

Inga1103 14 нояб. 2020 г., 23:20:40 | 5 - 9 классы

Сочинение про маму на казахском языке?

Сочинение про маму на казахском языке.

Erlsegiz 2 окт. 2020 г., 19:39:54 | 1 - 4 классы

Сочинение " Как я помогаю маме" на казахском языке?

Сочинение " Как я помогаю маме" на казахском языке.

Вы находитесь на странице вопроса Где можно найти сочинение про маму на казахском языке? из категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса рассчитан на учащихся 5 - 9 классов. На странице можно узнать правильный ответ, сверить его со своим вариантом и обсудить возможные версии с другими пользователями сайта посредством обратной связи. Если ответ вызывает сомнения или покажется вам неполным, для проверки найдите ответы на аналогичные вопросы по теме в этой же категории, или создайте новый вопрос, используя ключевые слова: введите вопрос в поисковую строку, нажав кнопку в верхней части страницы.