Пожалуйста помогите)написать сочинение на Казахском языкеНа тему моя семья?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Пожалуйста помогите)

написать сочинение на Казахском языке

На тему моя семья.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Murza2007 19 окт. 2020 г., 08:28:58

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы.

Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез - құлық нормаларын игереді.

Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Ата - ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.

Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог - ғалымдар С.

Қалиев, М.

Смайылова, М.

Оразаев, С.

Ұзақбаева, К.

Қожахметова, Ж.

Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан - жақты сөз болған.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген.

Көне заманнан - ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған.

Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл - ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген.

Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан - жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.

Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.

Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды.

Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады.

Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді.

Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс - әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.

Сондай - ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл - ой тәрбиесі деп есептелінді.

Ақыл - ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс - әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.

Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген.

Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ, ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан.

Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік - сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады.

Бұл ата - бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады.

Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.

Mamus77 8 сент. 2020 г., 20:55:04 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста написать сочинение на тему : Менің досым на казахском языке?

Помогите пожалуйста написать сочинение на тему : Менің досым на казахском языке.

Spearmint 30 авг. 2020 г., 14:07:45 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста написать сочинение на казахском языке на тему ауылда?

Помогите пожалуйста написать сочинение на казахском языке на тему ауылда!

Жужончик 12 нояб. 2020 г., 21:31:18 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста написать сочинение на тему "Если бы я была Президентом РК" на казахском языке?

Помогите пожалуйста написать сочинение на тему "Если бы я была Президентом РК" на казахском языке.

Мария29092002 20 окт. 2020 г., 16:34:02 | 10 - 11 классы

Сочинение но тему моя семя по казахскому языку?

Сочинение но тему моя семя по казахскому языку.

Shlykovami 9 июн. 2020 г., 04:41:37 | 1 - 4 классы

Пожалуйста помогите с сочинением на казахском языке на тему моя семья для 5 класса?

Пожалуйста помогите с сочинением на казахском языке на тему моя семья для 5 класса.

Umerowa 22 дек. 2020 г., 03:56:27 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста написать сочинение на казахском языке про отношения в семье?

Помогите пожалуйста написать сочинение на казахском языке про отношения в семье.

01luba1999 15 июл. 2020 г., 06:05:56 | 10 - 11 классы

Помогите пожалуйста написать не большое сочинение на казахском языке на тему қолөнер?

Помогите пожалуйста написать не большое сочинение на казахском языке на тему қолөнер.

Dark471 5 апр. 2020 г., 16:41:59 | 5 - 9 классы

Как написать сочинение на тему моя семья на казахском?

Как написать сочинение на тему моя семья на казахском.

Thgf 8 сент. 2020 г., 20:24:20 | 5 - 9 классы

Сочинение на казахском языке на тему моя семья?

Сочинение на казахском языке на тему моя семья.

КосмическийКотик135 27 нояб. 2020 г., 00:32:27 | 1 - 4 классы

Написать на казахском языке сочинение на тему друг семьи?

Написать на казахском языке сочинение на тему друг семьи.

Вы находитесь на странице вопроса Пожалуйста помогите)написать сочинение на Казахском языкеНа тему моя семья? из категории Қазақ тiлi. Уровень сложности вопроса рассчитан на учащихся 5 - 9 классов. На странице можно узнать правильный ответ, сверить его со своим вариантом и обсудить возможные версии с другими пользователями сайта посредством обратной связи. Если ответ вызывает сомнения или покажется вам неполным, для проверки найдите ответы на аналогичные вопросы по теме в этой же категории, или создайте новый вопрос, используя ключевые слова: введите вопрос в поисковую строку, нажав кнопку в верхней части страницы.