Жаңа сөздер мысалдар 20 50 балл?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Жаңа сөздер мысалдар 20 50 балл.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Pavlovakarisha 6 авг. 2021 г., 15:36:50

Жаңа сөздер(неологизмдер).

Абайқазақ тілінің төл сөздері мен тұрақты тіркестерін еркін және өнімді пайдаланумен қатар лексикалық қорды көптеген жаңа сөздермен және фразеологизмдермен толықтырды.

Бұған ақынның шығармашылық қорларының кең тақырыптығы, прозажанрына, оның ішіндепублицистикамен ғылыми жанрларға баруы, орыс әдебиетінен аударма жасауы және поэтика қажетін өтейтін тың элементтерді іздеу әрекеттері себеп болды.

Абайтіліндегі жаңа қолданыстарды тілдік немесе лексикалық және стильдік жаңа сөздер деп айырып қарастыру қажет.

Абай - өз заманын жан - жағынан алып сөз еткен қаламгер.

Сондықтан ол, бір жағынан, өз дәуіріндегі қазақ қоғамының рухани және заттық дүниесіне енген жаңалықтарды, соған орай лексикалық қазынасына енген жаңа сөздерді өз тұсындағы тіл тәжірибесінен алып қолданса, екінші жағынан, сол қазынаға біраз жаңа қорды өзі жасап қосты.

ӘсіресеАбайқаламынан туған жаңа сөздердің дені болып келетін дерексіз ұғым атаулары - оныңтеология, философия, этика, моральтақырыптарын сөз етуінің жемісі.

«Қара сөздер» деп аталатын прозалық туындысында қоғам өмірі, қоғамның заң - законы, адамның мінез - құлқы сияқты тақырыптарды сөз ету үстінде бұрынғы кейбір атауларды жаңаша ұсынуға, жоқтарын жасауға, барларының мағынасын айқындап бір ұғымда тұрақтандыруға мәжбүр болды.

Жаңа сөздер жасаудаАбай1 - көзекте жұрнақ, жалғау, содан соң мағына жаңғырту, сөз тіркестіру амалдарын пайдаланды.

Олардың бірқатарын тұрақтандырып, терминдік дәрежеге көтерді.

Мысалы, - лық жұрнағы арқылы тоқтаулылық, байлаулылық, тиянақсыздық, қорғалауықтық, күлкішілдік, өршілдік т.

Б. , мақ жұрнағы арқылы сөзбек, сүймек т.

Б. тәрізді туынды тұлғалар жасап, оларды нақты дерексіз ұғым атаулары етеді.

Мысалы, «әрбір нәрсеге қызықпақтық», «Арылмас әдет болды күлкішілдік», «Өршілдікпен лағынетке болған душар», «Адамзатқа не керек : сүймек, сөзбек, кейімек».

«Ішпек, жемек, кейімек, күлмек, көңіл кетермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мәнсап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар».

Абайқаламынан туған жаңа элементтердің бір тобы - лексикаланған тіркестер, яғни көбінесе екі сөздің тіркесінелық жұрнағы жалғасып, бір дерексіз ұғымды білдіретін күрделі атаулар.

Мысалы : қызбабастық, әсемсалдық күлкі тоқтық, өнер жоқтық, есі барлық, зор болғандық, адам жаулағандық сияқты тіркестер қазақ әдеби тіліндеАбайғадейін көздеспеген тұлғалар.

Абаймұндай жаңа тіркестерді өлеңдерінде де, прозасында да жүйелі түрде қолданып, лексика қазынасына қосқан.

Абайтіліндегі жаңа сөздер тек дерексіз зат есімдер емес, етістіктер тобында да бар.

Мысалы, қайраттысу, әсемсу, сәнсу, қалжыңшылсу, жарамсақсу, серкесу, жер тәңірсу, қалжың бассу, еңбөгі жоқ еркесу сияқты қимыл атаулары текАбайтекстерінен табылатын жаңа қолданыстар.

Грамматиканызерттеушілер түркі тілдеріндегі жұрнағы есім тұлғаларынан сөйлеуші өзін не өзге біреуді біреуге немесе бірдеңеге балап көрсететін, я болмаса бір нәрсені істеген - істемеген етіп танытатын етістіктер жасайды деп анықтайды.

Мысалы, мырзасу, батырсу, білгенсу, жазғансу дегендерде сөйлеуші өзін не басқа біреуді мырзаның, батырдың қылығын, сипатын иеленген жанға, немесе бірнәрсені білген, жазған адамға балау мағынасы бар.

Сонымен қатар бұл жұрнақ жалғанған сөздің мағынасында семантикалық қосымша реңкі және болады, ол сөйлеушінің өзін не өзгені біреуге не бір денеге жай балай салу емес, ұқсауға тырысу немесе көлгірсу реңкін қоса береді.

Абайсыжұрнақты туынды сөздердің осы реңкін жақсы пайдаланған.

Мысалы, «Ұққыш жансып шабынар», «Жер тәңірісіп кермағыз» дегендеріңде ұққыш жанға, жер тәңіріне жай ғана ұқсау емес, ұққыш жан, жер тәңірі емес екенін, тіпті оларға ұқсамаса да ұқсап баққан көлгірсіген реңк бар.

Туынды етістік жасайтынсы жұрнағын пайдаланудаАбайдыңжалпы халықтық тіл нормасынан сәл ауытқитын ерекшелігі бар.

Абайбәлсіну, сәнсіну, керексіну деп, жалпы тіл нормасында қалыптасқан тұлғаларды емес бәлсу, сәнсу, керексу деп жұрнақты түбір сөзге тікелей жалғайды, сол арқылы бұл туынды тұлғалардың мағыналық бояуын қалыңдатады.

Мысалы, «Ел керексу» дегені елді керексіну деудің орнына келіп түр.

Бір қарағанда мұңдай тұлғалар тосын, нормадан ауытқу сияқты болып көрінгенмен, бірде экспрессивтік мән алып, бірде ұйқас, өлшем құрауға жәрдемдесіп, жиі қолданылғандықтан және өлеңнің идеясын ашуда кедергі, яғни тұсініксіздік тудырмай тыңдықтан, Абайтілінің бір ерекшелігі ретіңде орын алады.

Абайшығармалары тілінде көптеген тел сөздердің мағыналары жаңғыру (ауысу, тарылу не кеңею) арқылы айқындалып, біразы терминдік дәрежеге көтерілді.

Бұл ретте әсіресе қоғамның әлеуметтік топтары мен экономика, сауда - саттық, заң, әкімшілік салаларына қатысты ұғым.

Зат атауларын білдіретін төл немесе кірме сөздер көзге тұседі.

Олардың ішінде кейбіреулері (Мысалы, болыс, жатақ, шаруа, закон, законшік, арыз, іс, қызмет, шығыс, өсім, өсімкер, алыпсатар, атқамінер, пайда, кеспе т.

Б. нақтылы ұғым атауы ретінде терминге айналды.

JULIANAvolcova 3 янв. 2021 г., 20:06:01 | 1 - 4 классы

Сөздер құрамдағы əріптерді пайдаланып, жаңа сөздер құрастыр?

Сөздер құрамдағы əріптерді пайдаланып, жаңа сөздер құрастыр.

Сөйлем құра.

Ойнау, жаттықтырушы, қорғаушы, қақпа, бастау.

AsenaKern 25 мая 2021 г., 18:02:05 | 1 - 4 классы

Әдеби кітаптан 5 жаңа сөздер?

Әдеби кітаптан 5 жаңа сөздер.

Biganshta 5 мая 2021 г., 02:58:15 | 5 - 9 классы

Көнерген сөздер мысалдар керек?

Көнерген сөздер мысалдар керек.

Влад123226 7 мая 2021 г., 02:20:52 | 1 - 4 классы

50 жаңа сөздер ?

50 жаңа сөздер !

Өтинемін.

DiDiNoir 24 мая 2021 г., 14:37:35 | 5 - 9 классы

Жаңа сөздер, мысал жазыңдаршы?

Жаңа сөздер, мысал жазыңдаршы.

Анастасия17050 14 февр. 2021 г., 03:48:11 | 5 - 9 классы

Помогите пожалуйста даю 13 балловЕгістікке мысалдар келтіріндер?

Помогите пожалуйста даю 13 баллов

Егістікке мысалдар келтіріндер.

Adelinkazuzu 18 апр. 2021 г., 02:41:14 | 5 - 9 классы

Табу сөздер мысалдар коркем адебиеттен эфемизм жазу?

Табу сөздер мысалдар коркем адебиеттен эфемизм жазу.

Крисгрос 6 мар. 2021 г., 21:25:36 | 5 - 9 классы

Помогите пожалуйста : Айтыс?

Помогите пожалуйста : Айтыс.

Басқа тілден енген сөздер мысалдар жазу.

Прошу пожалуйста.

Каринасушанская 2 сент. 2021 г., 08:10:24 | 5 - 9 классы

Қосарлы сөздер 5 мысалдар?

Қосарлы сөздер 5 мысалдар.

Yasmina951 21 февр. 2021 г., 06:54:31 | 5 - 9 классы

" Жаңа " сөзінен сөйлемдер құрап айт ?

" Жаңа " сөзінен сөйлемдер құрап айт .

Жаңа жыл , жаңа кун , жаңа киім Помогите пожалуйстаСрочно!

На этой странице сайта, в категории Қазақ тiлi размещен ответ на вопрос Жаңа сөздер мысалдар 20 50 балл?. По уровню сложности вопрос рассчитан на учащихся 5 - 9 классов. Чтобы получить дополнительную информацию по интересующей теме, воспользуйтесь автоматическим поиском в этой же категории, чтобы ознакомиться с ответами на похожие вопросы. В верхней части страницы расположена кнопка, с помощью которой можно сформулировать новый вопрос, который наиболее полно отвечает критериям поиска. Удобный интерфейс позволяет обсудить интересующую тему с посетителями в комментариях.