Түбір?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Түбір.

Негізгі түбір, туынды түбір.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
KATE765 3 апр. 2020 г., 17:43:12

Ответ : Түбір.

Негізгі түбір.

Туынды түбір.

Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

Негізгі түбір - сөздің өзекті, мағыналы бөлігі.

Негіз түбір арқылы жасалады, белгілі бір сөз табының құрамына еніп, оның барлық тұлғалық категориясын қабылдайды.

Негізде зат немесе құбылыстың лексикалық мағынасы көрініс табады, ол денотаттық және сигнификаттық мағынаға ие.

Негіз түбір арқылы пайда болатын екінші тұлға.

Ол көмекші тұлғалардан толық лексикалық мағынасы арқылы ажыратылады.

Мысалы, балалық, балаша, балалықта деген сөздерде түбір сөз – бала, негіз сөз – балалық, балаша ; көмекші формант – та.

Негіз түбірмен салыстырғанда құрамы мен мағынасы жағынан күрделі құрылымдық бірлік саналады.

Себебі Негіз түбірдің мағыналық дамуы арқылы, екі не бірнеше тұлғалардың бірігуі не қосарлануы, сондай - ақ жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.

Негіздің жасалуы мен негіз сөз арқылы жасалған өзге атаулар сөзжасамдық тәсіл арқылы пайда болған екіншілік мағыналы туынды сөз ретінде танылады.

Сөзжасам саласында әдетте мұндай тұлға себепші негіз ретінде қарастырылады.

Негіз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді : дара Негіз бір ғана тұлғадан тұрса (мысалы, балалық, ойшыл, оқулық), күрделі Негіз екі не үш тұлғадан құралуы мүмкін (мысалы, Сарыарқа, дарабоз, жерұйық, балабақша).

Дәстүрлі тіл білімінде негіз термині әр түрлі аталады : түп негіз, туынды негіз, негізгі түбір, негіз түбір, т.

Б. Негіз кейбір түбірлер сияқты өлі тұлға емес, жаңа сөз тудырып, туынды сөзге ұйытқы болып, сөзжасамдық ұяны толықтырады.

Негіз морфологиялық термин ретінде қарастырылады.

Негіз ұғымы үлкен және кіші парадигмаларды айқындауда маңызды рөл атқарады, яғни сөздің септелуіне не жіктелуіне бір ғана негіз қатыса алады.

Негіз лексема ұғымымен тығыз байланысты.

Туынды түбір – белгілі бір жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өніп өрбіген сөздерді айтамыз.

Мысалы : Бұр, күй, біл, би, бас, аз, қыс сияқты түбір сөздерге –ғы, - ім, - мақ, - тық, - ай, - қаш жұрнақтарын жалғау арқылы бұрғы, білім, күйші, бастық, қысқыш тәрізді туынды түбір жасауға болады.

Туынды түбір сөздер қазақ, орыс тілдерінде кең қолданылады.

Туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалып, туынды лексикалық мағынаны білдіреді : өнер - паз, өн - ім, бал - гер, сән - қой, сан - а, жас - ар, тау - лы, же - м, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.

Б. Туынды түбір екі морфемадан құралады, олар : негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ.

Туынды түбірдің лексикалық мағынасы негіз сөздің мағынасынан жасалады, сондықтан негіз сөз бен туынды түбірдің лексикалық мағынасы байланысты болады.

Мысалы, ас – асхана, әсем – әсемпаз, өнер – өнерлі, қол – қолда(у), жаз – жазғы, біл – гір, мәсі – мәсішең, бұр – бұрғы, күре – күрек, аш – ашқыш т.

Б. Туынды түбірлер тілдің сөздік қорын байытады.

Туынды сөздер мен туынды түбір бір емес.

Туынды түбір тек жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөздер ғана болса, ал туынды сөз тек түбір сөзден ғана жасалады, сонымен бірге туынды түбірдің өздерінен де өрби береді.

Мысалы : біл, білім, білімпаз, білгіш деген сөздер.

Сөйтіп негізгі түбірге бір жұрнақ жалғанып, туынды түбір жасауға оның үстіне тағы да жұрнақ жалғап, туынды сөз тудыруға, одан әрі де келесі жұрнақты жалғап өрбіте беруге болады.

Мысалы : өн – өнген, өнбе, өнбес , өндірген, өнгіз, өнгізер, өндір, өнім, өндіріс, өнімпаз т.

Б. Мұндай сөздер бір - бірімен түбірлес сөздер деп аталады.

YESE 29 сент. 2020 г., 10:23:53 | 10 - 11 классы

Түбір мен косымшаның өзара үндесуіне бағынатын бірнеше туынды сөзге мысал келтіріңдер?

Түбір мен косымшаның өзара үндесуіне бағынатын бірнеше туынды сөзге мысал келтіріңдер.

Alex2919 8 окт. 2020 г., 21:03:08 | 5 - 9 классы

Помогите найти слова по схемам түбір + жұрнак + жалғау + жалғау түбір + түбір + жалғау түбір + жалғау түбір + түбір?

Помогите найти слова по схемам түбір + жұрнак + жалғау + жалғау түбір + түбір + жалғау түбір + жалғау түбір + түбір.

Kamilla07 28 авг. 2020 г., 00:30:38 | 10 - 11 классы

Негізгі түбір сөзді табыңыз көрсету ойық ақылды айлакер түн?

Негізгі түбір сөзді табыңыз көрсету ойық ақылды айлакер түн.

Ира1305 26 сент. 2020 г., 08:10:12 | 5 - 9 классы

Түбір сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?

Түбір сөзінің ауыспалы мағынасы қандай.

Nanizay27 8 мар. 2020 г., 22:12:59 | 5 - 9 классы

Туынды түбір деген не?

Туынды түбір деген не?

Pyuol224 9 янв. 2020 г., 11:42:45 | 5 - 9 классы

Түбір қосымша деген не?

Түбір қосымша деген не?

Түрлерін ата.

АндрейАксенов99 25 мар. 2020 г., 22:24:37 | 5 - 9 классы

Туынды түбір деген не?

Туынды түбір деген не?

Жек14 18 сент. 2020 г., 19:51:30 | 5 - 9 классы

Дүниежүзілік сөзінің түбір жұрнақ жалғауын жазып беріңіздерші?

Дүниежүзілік сөзінің түбір жұрнақ жалғауын жазып беріңіздерші.

Typoi14 24 дек. 2020 г., 04:07:10 | 1 - 4 классы

Түбір сөз дегеніміз не?

Түбір сөз дегеніміз не.

TAMILAYAKUBOVA 7 сент. 2020 г., 15:06:22 | 1 - 4 классы

! Егіншілер қайсы жалғау және түбір және қосымша?

! Егіншілер қайсы жалғау және түбір және қосымша!

Если вам необходимо получить ответ на вопрос Түбір?, относящийся к уровню подготовки учащихся 5 - 9 классов, вы открыли нужную страницу. В категории Қазақ тiлi вы также найдете ответы на похожие вопросы по интересующей теме, с помощью автоматического «умного» поиска. Если после ознакомления со всеми вариантами ответа у вас остались сомнения, или полученная информация не полностью освещает тематику, создайте свой вопрос с помощью кнопки, которая находится вверху страницы, или обсудите вопрос с посетителями этой страницы.