Казак тили такырыбына шыгарма?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Казак тили такырыбына шыгарма.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Ефломория 28 авг. 2020 г., 15:42:26

. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.

Тіл болмаса сөз болмайды.

Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән - маңыз болмайтыны белгілі.

Демек, тілдің, сөздің орны ерекше.

Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.

Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны.

Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.

Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.

Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды.

Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді.

Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады.

Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам - қарекетсіз болған емес.

Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі.

Ата - бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру.

Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.

О, туған ана тілім!

Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде.

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз.

Ол – Қазақ тілі.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.

Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады.

Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай.

Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей.

Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз.

Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді.

Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш.

Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.

Анамның тілі – ардақтым менің.

Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің.

Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің.

Жел болып кекілімнен сипадың.

Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім.

Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді.

Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім.

Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін!

Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық!

Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады.

Нинуся29 23 апр. 2020 г., 06:03:19 | 1 - 4 классы

Куз такырыбына шыгарма?

Куз такырыбына шыгарма.

Tazteam171 12 мая 2020 г., 23:05:30 | 1 - 4 классы

Менин сыйлыгым такырыбына шыгарма?

Менин сыйлыгым такырыбына шыгарма.

DanilBorSer56 9 сент. 2020 г., 00:43:32 | 5 - 9 классы

"КӨКТЕМ"такырыбына шыгарма керек)))?

"КӨКТЕМ"такырыбына шыгарма керек))).

Cat005 14 янв. 2020 г., 22:33:02 | 1 - 4 классы

Шыгарма казак тили табигат?

Шыгарма казак тили табигат.

Levkov14 30 июн. 2020 г., 22:39:51 | 5 - 9 классы

Табигатка шыгу шагын шыгарма (казак тили)?

Табигатка шыгу шагын шыгарма (казак тили).

Sanjarazizov 28 февр. 2020 г., 13:59:05 | 5 - 9 классы

Казак тили Акыл мен байлык туралы шыгарма керек тез?

Казак тили Акыл мен байлык туралы шыгарма керек тез.

Goty11 22 дек. 2020 г., 23:48:24 | 5 - 9 классы

Копелген тауелденген септелген жыктелген зат есымдерды катыстыпыр казак жери такырыбына шыгарма керек?

Копелген тауелденген септелген жыктелген зат есымдерды катыстыпыр казак жери такырыбына шыгарма керек?

Roмчик 23 окт. 2020 г., 09:31:43 | 1 - 4 классы

Казак тили шыгарма кыс такырыбына 1кл?

Казак тили шыгарма кыс такырыбына 1кл.

Andrik89 27 окт. 2020 г., 00:17:07 | 1 - 4 классы

Казак тили шыгарма Менин мектебим?

Казак тили шыгарма Менин мектебим.

Wania 5 дек. 2020 г., 22:18:32 | 1 - 4 классы

2сынып казак тили "Байконыр - гарыш айлагы" такырыбына матин курау?

2сынып казак тили "Байконыр - гарыш айлагы" такырыбына матин курау.

Перед вами страница с вопросом Казак тили такырыбына шыгарма?, который относится к категории Қазақ тiлi. Уровень сложности соответствует учебной программе для учащихся 1 - 4 классов. Здесь вы найдете не только правильный ответ, но и сможете ознакомиться с вариантами пользователей, а также обсудить тему и выбрать подходящую версию. Если среди найденных ответов не окажется варианта, полностью раскрывающего тему, воспользуйтесь «умным поиском», который откроет все похожие ответы, или создайте собственный вопрос, нажав кнопку в верхней части страницы.