Сочинение по казахскому языку образ кенесары и нурызбая ?

Қазақ тiлi | 5 - 9 классы

Сочинение по казахскому языку образ кенесары и нурызбая !

(на казахском языке!

).

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Kim7575 25 апр. 2020 г., 22:46:17

Бұл дастанды Кенесары Қасымов бастаған ұлт - азаттық кетерілісіне бастан - аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған.

Нысанбай көлемді, тарихи - реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт - азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген.

Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған.

Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек кезі ретінде пайдаланған.

Ұлт - азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние.

Жыр алғаш рет 1875 ж.

С. Жантөрин мен Т.

Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3 - ші белімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж.

Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса - и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарык көрді.

Ә. Диваев жинаған Ж.

Басығарин нұсқасы X.

Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж.

Ташкентте, Н.

Төреқұловтың алғы сезімен 1924 ж.

Мәскеуде жарияланды.

Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды : көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті.

Е. Ысмайылов пен Қ.

Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж.

Өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді.

Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж.

Нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж.

ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашкынбай Қараевтан жазып алған нұсқа.

Жыр Кенесары - Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді.

Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң - шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды.

Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды.

Тарихшы - ғалым Е.

Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді.

Сталиндік әкімшіл - әміршіл жүйенің ескі мұра атаулыға қарсы саясаты бұл бағалы тарихи жырды жарты ғасыр уақытқа дейін жылы жауып қоюға мәжбүр етті де, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты «Кенесары - Наурызбай» жыры да халқымен қайта кауышты.

Apport1966 17 мая 2020 г., 21:27:52 | 1 - 4 классы

Мини сочинение на казахском языке на казахском языке про свой город?

Мини сочинение на казахском языке на казахском языке про свой город.

Радугааа 13 июн. 2020 г., 06:37:10 | 5 - 9 классы

Мне нужно сочинение на казахском языке мой язык?

Мне нужно сочинение на казахском языке мой язык.

Квітка15 19 дек. 2020 г., 08:24:01 | 1 - 4 классы

Сочинение по казахскому языку на тему "Весна" на казахском?

Сочинение по казахскому языку на тему "Весна" на казахском.

Шеколад 20 сент. 2020 г., 23:07:14 | 5 - 9 классы

Сочинение на казахском языке мой родной язык?

Сочинение на казахском языке мой родной язык.

Сашп111 31 мая 2020 г., 02:10:08 | 1 - 4 классы

Сочинение про казахскую валюту на казахском языке?

Сочинение про казахскую валюту на казахском языке.

Фархад10 29 авг. 2020 г., 08:40:03 | 5 - 9 классы

Надо сочинение про здоровый образ жизни на казахском языке?

Надо сочинение про здоровый образ жизни на казахском языке!

Пожалуйста помогите!

Svetik142 12 окт. 2020 г., 02:30:01 | 5 - 9 классы

Сочинение на казахском языке мой любимый урок казахский язык?

Сочинение на казахском языке мой любимый урок казахский язык.

Gimr623 16 сент. 2020 г., 16:30:41 | 5 - 9 классы

Сочинение на казахском языке?

Сочинение на казахском языке.

Здоровый образ жизни и что ты о нем думаешь.

Mnadin06 25 окт. 2020 г., 17:45:31 | 1 - 4 классы

Сочинение на тему кабинет казахского языка?

Сочинение на тему кабинет казахского языка!

НА КАЗАХСКОМ!

Alinakiska99 25 нояб. 2020 г., 04:41:23 | 1 - 4 классы

Сочинение на казахском языке на тему казахских традиции?

Сочинение на казахском языке на тему казахских традиции.

Если вам необходимо получить ответ на вопрос Сочинение по казахскому языку образ кенесары и нурызбая ?, относящийся к уровню подготовки учащихся 5 - 9 классов, вы открыли нужную страницу. В категории Қазақ тiлi вы также найдете ответы на похожие вопросы по интересующей теме, с помощью автоматического «умного» поиска. Если после ознакомления со всеми вариантами ответа у вас остались сомнения, или полученная информация не полностью освещает тематику, создайте свой вопрос с помощью кнопки, которая находится вверху страницы, или обсудите вопрос с посетителями этой страницы.