Тұрар Рысқұлов мінездеме жазу керек?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Тұрар Рысқұлов мінездеме жазу керек.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Losevaolg2014 16 мар. 2020 г., 10:41:44

Тұрар Рысқұловқа мінездемеҚазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады.

Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде.

Әсіресе, солардың ішінде экономика және қаржы - қаражат мәселелеріне арналған еңбектерін ойшылдар мен жас ғалымдар әлі күнге дейін іздеп оқиды.

Қазақ әдебиетінде Тұрар бейнесін жасау жолында алғаш қалам тартқан Мұхтар Әуезов еді.

Тұрар Рысқұловтың көзі тірісінде - ақ жазылған «Қараш - қараш оқиғасы» повесі жұртшылықтан жоғары баға алған болатын.

Оны оқыған Т.

Рысқұловтың ағыл - тегіл егіліп жылағанын жазушы Шерхан Мұртаза өз кітабында шебер суреттейді.

Шындығында, оқырман қауым Т.

Рысқұлов жайлы біраз жағдайларға қанық болғанымен, оның өмір жолын түгел қамтитын, ұлт мақтанышы бейнесін жоғарыдан көретін туынды әлі дүниеге келе қоймаған еді.

Сол кезеңде зиялысынан адасып қалған ұрпақты ардақтысымен қауыштыра Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы әдебиет әлемінің есігін ашты.

Ол туралы Т.

Мәмесейіт былай дейді : «Біздің жоғалтқанымыз қазақ деген соры қайнаған халықты қайтсем бақытқа жеткіземін деп жанпидалықпен күрескен арыстарымыз еді алдымен.

Олар біздің өткеніміз, тегіміз, руымыз еді ғой.

Зорақы заман бізді содан айырғысы келді.

Мәңгүрт жасағысы келді.

Міне, сол оталған арыстарымыздың бірі және бірігейі Тұрар Рысқұлов еді.

«Қызыл жебе» хамсасы» арқылы біз алдымен сол Рысқұловты таптық және таныдық.

Ал, Рысқұлов тағдыры халық тағдыры.

Өйткені, оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар халық тағдырындағы, тарихындағы шындықтарды елестетер еді.

Сондықтан да, Рысқұловты тану халықты тану деген сөз.

Халықты тану өзіңді тану» Осы реттен келгенде, «Қызыл жебе» ұлттың рухын түлеткен, рухани ұстазына, көш бастар көсеміне айналған шығарма болды.

Аталмыш романның негізгі кейіпкері Тұрар Рысқұлов.

Автор оның жас шағынан бастап өскен ортасын, өмірден көрген - түйгенін, алған әсерін жан - жақты кең, байсалды суреттейді.

Жастайынан көрген қиыншылық, жеген таяқ, аянышты тіршілік пенде атаулының пешенесіне жазыла бермейтін қатал тағдырды танытады.

Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды өзіне үлгі етіп өсті.

Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын мінезін ұғып өсті.

Оқырман алғашқы кітаптан - ақ, болашақ большевиктің мінезі қандай ортада, қалай қалыптасқандығы туралы жанымен ұғып, көңілмен танитын мол мағлұматтар алады.

Posredargo1 26 янв. 2020 г., 04:32:30 | 5 - 9 классы

Жел аяқ сөзіне тұрақты тіркестерді пайдаланып мінездеме жазу?

Жел аяқ сөзіне тұрақты тіркестерді пайдаланып мінездеме жазу.

Stuardessa17 23 нояб. 2020 г., 13:34:34 | 5 - 9 классы

Жаз туралы шығарма керек?

Жаз туралы шығарма керек.

Yaroslava 25 февр. 2020 г., 17:38:39 | 1 - 4 классы

Досыма хат жазу керек?

Досыма хат жазу керек.

Ореаеопп 20 янв. 2020 г., 06:02:16 | 1 - 4 классы

Калай достарға Хат жазу керек?

Калай достарға Хат жазу керек.

Abdurafievadash 4 июл. 2020 г., 03:04:38 | 1 - 4 классы

Бала Тұрар?

Бала Тұрар.

Скажите какой Тұрар.

Помогите пожалуйста!

Vinchestet809 20 сент. 2020 г., 10:03:06 | 5 - 9 классы

Саяхатта мәтін жазу керек?

Саяхатта мәтін жазу керек.

Danik22910 27 мая 2020 г., 10:06:02 | 1 - 4 классы

Алғыс сөзіне жазу керек?

Алғыс сөзіне жазу керек.

Каролина68 26 дек. 2020 г., 07:05:30 | 1 - 4 классы

Достық мəтің жазу керек?

Достық мəтің жазу керек.

Lionessa13 20 дек. 2020 г., 15:32:33 | 1 - 4 классы

Отирик ойлен жазу керек?

Отирик ойлен жазу керек.

Kuzmichevarita 18 сент. 2020 г., 06:05:25 | 1 - 4 классы

Жаз турала такпак керек?

Жаз турала такпак керек!

На этой странице находится вопрос Тұрар Рысқұлов мінездеме жазу керек?, относящийся к категории Қазақ тiлi. По уровню сложности данный вопрос соответствует знаниям учащихся 10 - 11 классов. Здесь вы найдете правильный ответ, сможете обсудить и сверить свой вариант ответа с мнениями пользователями сайта. С помощью автоматического поиска на этой же странице можно найти похожие вопросы и ответы на них в категории Қазақ тiлi. Если ответы вызывают сомнение, сформулируйте вопрос иначе. Для этого нажмите кнопку вверху.