Помогите написать сочинение на тему : - Елдің тағдыры?

Қазақ тiлi | 10 - 11 классы

Помогите написать сочинение на тему : - Елдің тағдыры.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Alexey16Zuzin 18 февр. 2020 г., 02:16:50

Қазақтың ұлы, тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша, халқына тыныштық пен жігер беріп, шыдамдылық пен төзімділіктің шегіне жеткізіп тәрбиелеп отыр.

Біз өткен күрестер жеңісінің арқасында бүгін тәуелсіз ел болып, еркіндікте жүрміз.

Елімізді бастап ұрпаққа жол көрсетер Президентіміз бар.

Президент – еліміздің, өміріміздің айнасы.

2012 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Ел бірлігін, Отан тыныштығын жан – жақты қарастырып отырады.

Біздің Президентіміз өте ақылды, көреген, келешекті болжағыш адам деп ойлаймын.

Бізді бейбіт тыныштық жолмен алып келеді.

Мұны да қалыптастыратын ақыл керек.

Біздің елімізде көптеген ұлттар мекен етеді.

Соның бәрінің басын қосып біріктіре білді.

Барлығын бірлікте ұстап, дұрыс жолға қойып, қамқор бола білді.

Елімізді әлем таниды.

Жиырма жылдың ішінде әлемге әйгілі, дүние жүзі таныған өркениетті ел қатарына қосып келеді.

Елбасы – тәуелсіздіктің тірегі.

Қазақстандағы барлық ұлттарды татулық пен келісімге шақырып, «Қазақстан халықтары ассамблеясын» құрып, ортақ келісімге қол жеткізуі де Елбасының көрген саясаты деп білемін.

Ұлттар бірлігін қамтамасыз ете отырып Елбасы өз халқына, ұлтына зор сенім жүктейді.

« Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы.

Ел де, жер де – қазақтікі.

Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында», деп өз халқының алдына ауыр міндет жүктейді.

Экономикалық, әлеуметтік дамуға қол жеткізіп, ТМД көлемінде көптеген көрсеткіштер жөнінен алға шығуымыз Елбасының сындарлы саясатының жемісі екені даусыз.

Әлемнің әміршісі – еңбек.

Тек еңбекпен ғана жеміс еңбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.

«Тарихты саясаткерлер жазады, ал тарихты ұлы адамдар жасайды» деген қанатты сөз бар, ал ондай адамдар өзгелерден ерекше жаратылады.

Олар жағдайды стратегиялық тұрғыдан бағалап, сараптамалық ой мен ғажайып жан иесі бола тұрып, талмас күш – жігерінің арқасында өз таңдауының дұрыстығына күмән келтірмей және жұртшылықты соңына ертіп, қажымай – талмай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарына жете біледі.

Өткен жиырма жыл осы қасиеттердің барлығының Ұлт көшбасшысында барлығын дәлелдеді.

Ғасырлар тоғысында Нұрсұлтан Назарбаев елдің алға дамуын жүзеге асырып қана қойған жоқ, сонымен бірге, әлемдік үдерістерге елеулі ықпал ете білді.

Бі з мықты басшысы бар күшті мемлекетпіз.

Бүгінде не жолы, не өндіріс орны, не тұрғын үйлері жоқ жерде жаңа жобалардың арқасында қызу тіршілік басталды.

Ел Президентінің барлық жоспарлары мен жобалары Қазақстанның біртұтас ұйысқан халқы қолдап тұрған соң жүзеге асып жатыр.

Бейбітшілік, келісім және тұрақтылық – дамудың қазақстандық жолының шешуші факторы.

Әр қазақстандық пен елдің бақытты тағдырының, ұлт мерейінің формуласы болашаққа талпынуда, жаңа белестерге ұмтылуда жатыр.

«21 – ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін», деп Елбасы айтқан сөзі біздер үшін, жас ұрпақ үшін зор парыз болмақ.

Өзін өз ұлтына, барлық қазақстандықтарға ақыл – парасатымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық деңгейдегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі.

Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде.

Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз.

WbRoKeN 10 мая 2020 г., 19:23:16 | 1 - 4 классы

Помогите сочинение написать на тему Қыс?

Помогите сочинение написать на тему Қыс.

MeloyanGohar 18 февр. 2020 г., 13:44:20 | 5 - 9 классы

Помогите написать сочинение на тему ДАУЫЛПАЗ?

Помогите написать сочинение на тему ДАУЫЛПАЗ.

Alexpolushkin2 4 июл. 2020 г., 16:18:18 | 10 - 11 классы

Помогите написать сочинение на тему - Білім жолы?

Помогите написать сочинение на тему - Білім жолы.

Пруерпыв 3 июл. 2020 г., 04:49:07 | 10 - 11 классы

Помогите написать небольшое сочинение на свободную тему?

Помогите написать небольшое сочинение на свободную тему.

Naraman 21 авг. 2020 г., 04:41:46 | 5 - 9 классы

Помогите написать сочинение на тему менің аулым?

Помогите написать сочинение на тему менің аулым.

Пекло 18 июл. 2020 г., 19:38:25 | 5 - 9 классы

Помогите написать сочинение на тему : Енші?

Помогите написать сочинение на тему : Енші.

Roseway 8 мар. 2020 г., 13:11:46 | 5 - 9 классы

Тағдыр сөзінің синонимі?

Тағдыр сөзінің синонимі.

Kungurstinol 28 дек. 2020 г., 16:46:09 | 1 - 4 классы

Саяxатшылар өздері келген елдің салт - дәстүрін сақтауға міндетті ме?

Саяxатшылар өздері келген елдің салт - дәстүрін сақтауға міндетті ме?

Помогите написать эссе.

Кристина121212 22 нояб. 2020 г., 19:11:16 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста написать эссе на тему "Саяхатшылар өздері келген елдің салт - дәстүрін сақтауға міндетті ме?

Помогите пожалуйста написать эссе на тему "Саяхатшылар өздері келген елдің салт - дәстүрін сақтауға міндетті ме?

".

VQLY 11 окт. 2020 г., 15:34:43 | 1 - 4 классы

Помогите написать сочинение на тему Менің Отаным?

Помогите написать сочинение на тему Менің Отаным.

Вы зашли на страницу вопроса Помогите написать сочинение на тему : - Елдің тағдыры?, который относится к категории Қазақ тiлi. По уровню сложности вопрос соответствует учебной программе для учащихся 10 - 11 классов. В этой же категории вы найдете ответ и на другие, похожие вопросы по теме, найти который можно с помощью автоматической системы «умный поиск». Интересную информацию можно найти в комментариях-ответах пользователей, с которыми есть обратная связь для обсуждения темы. Если предложенные варианты ответов не удовлетворяют, создайте свой вариант запроса в верхней строке.