Помогите составить пять или шесть предложений на казахском языке про канбак шал?

Қазақ тiлi | 1 - 4 классы

Помогите составить пять или шесть предложений на казахском языке про канбак шал.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Ildanelmira 12 апр. 2020 г., 16:34:51

Бар екен де, жоқ екен, Ертек - ертек, ерте екен.

Ешкілері бөрте екен, Қырғауылы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен.

Бұрын, бұрын, бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты.

Мал мен басқа зар болыпты.

Кедейліктен шықпапты.

Ол ау салып, балық ұстап, тамақ асырапты.

Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен.

Содан оған Қаңбақ шал деп ат қойылған екен.

Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі, әлімжеттік қып тартып жей береді екен.

Түлкінің қорлығына шыдай алмай, шал бір күні екінші жерге көшем деп, дүние - мүлкін арқалап, жолға шығыпты.

Шаршаған соң, оны бір жерге көміп кетіпті ; бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек - қарнын көміп кетіпті ; бір жерге қарындағы айранын көміп кетіпті.

Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді.

Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге түсіпті.

Қараса, бір дәу екі тауды біріне - бірін шақпақ қылып, ұрып тұр екен.

Дәу : – Қайда бара жатқан шалсың?

Кел, екеуіміз күш сынасайық!

– деп, қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де, қайта қағып алып : – Ал, шал, сен де осылай қақпақыл етші!

– дейді.

Шал сасқалақтап, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.

Сонда дәу : – Е, неғып тұрсың?

Лақтыр!

– дейді.

Шал тұрып : – Аспанға лақтырсам, «аспан айналып жерге түседі - ау!

» деп, жерге қақпай түсірсем, «жер ортасынан ойылып түсе ме?

» деп, қауіп қылып тұрмын!

– дейді.

Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да : – Ақсақал, лақтырмай - ақ қой, текке қырылармыз!

– деп жалынып қойғызады.

Дәудің ақылы таяздығын біліп, шал ерленіп, оған : – Кел, жердің ішек - қарнын шығарайық!

– дейді.

Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады.

Жер тізеден ойылады.

Ештеңе шықпайды.

Шал өзі бұрын көміп қойған, қан - жыны арылмаған ішек - қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек - қарын шыға келеді.

Дәу жаман қорқады.

Сосын шал : – Кел, енді жердің миын шығарайық, – дейді.

Дәу пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады.

Жер тағы да тізеден ойылады.

Ештеңе шықпайды.

Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді.

Дәу одан бетер қорқады.

«Мына шал не деген орасан күшті», – деп, шалдың айтқанын істей береді.

Ақыры, шал одан қалай құтыларын білмей : – Енді кайт!

Ертең бізге қонаққа кел, – дейді.

Дәу : – Жарайды, – деп кетіп қалады.

Шал үйіне келіп, кемпіріне : – Ертең дәу қонаққа келеді, – дегенде : – Ойбай, немізді береміз?

–деп сасады кемпір.

Шал тұрып : – Ертең дәу келеді.

Мен есіктің алдында отырармын.

Сонда сен оның көзінше : «Не істеймін, шал?

»– деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып, тұра ұмтыл!

– деп, кемпіріне үйретіп қояды.

Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады.

Сол кезде кемпір отырып : – Шал, нені асамын үйдегі қонаққа?

Түк жоқ!

– депті.

Сонда шал тұрып : – Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе, досым дәудің өзін ас!

– дегенде, кемпір пышағын алып, тұра ұмтылады.

Үш дәу тым - тырақай қаша жөнеледі.

Досы лашық үйін басымен көтеріп, алып кетеді.

Шал айқайлап : – Әй, досым, лашығымды тастап кет!

Қайда барсаң да, құтылмайсың!

– дейді.

Дәу лашықты тастай сала, қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.

– Тақсыр, қайдан қашып келесің?

– дейді түлкі.

– Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, – дейді дәулер.

Түлкі : – Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме?

Менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, – деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен.

Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады : – Ей, түлкі - ау?

Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар еді, үш дәуді соның үшін бергелі келе жатырсың ғой!

Бәрібір онымен бітпеймін!

– деп дауыстайды.

Сонда дәу қорқып : «Бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой!

»– деп ойлап, түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды - артына қарамастан қаша жөнеледі.

Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

Spacevika 5 дек. 2020 г., 11:22:21 | 5 - 9 классы

Написать шесть предложения на казахском языке про природу?

Написать шесть предложения на казахском языке про природу.

Mоnster 19 февр. 2020 г., 21:53:31 | 5 - 9 классы

ПомогитеПомогите сочинить 5 вопросов по сказке Канбак ШалПРОШУ ДО ЭТОЙ СУББОТЫ5 КЛАСС?

Помогите

Помогите сочинить 5 вопросов по сказке Канбак Шал

ПРОШУ ДО ЭТОЙ СУББОТЫ

5 КЛАСС.

Альира 8 мар. 2020 г., 11:59:11 | 10 - 11 классы

Составить пять предложений на казахском языке про весну?

Составить пять предложений на казахском языке про весну.

Rassel 24 апр. 2020 г., 16:48:29 | 1 - 4 классы

Помогите составить предложения на казахском языке шылау?

Помогите составить предложения на казахском языке шылау.

Dassgr 20 мар. 2020 г., 13:06:38 | 5 - 9 классы

Помогите составить приглашение в гости для друга на казахском языке?

Помогите составить приглашение в гости для друга на казахском языке.

Нужно пять предложений.

ПОМОГИТЕ, НУЖНО СРОЧНО!

Дерзкая5044 5 апр. 2020 г., 19:38:13 | 1 - 4 классы

Помогите написать пять предложений на казахском языке про санки?

Помогите написать пять предложений на казахском языке про санки.

Кирик4 22 сент. 2020 г., 08:32:28 | 1 - 4 классы

Помогите составить пять предложений о спорте на казахском языке?

Помогите составить пять предложений о спорте на казахском языке.

Dama4ka 19 апр. 2020 г., 11:43:50 | 5 - 9 классы

На казахском языке составить шесть вопросов и ответов на тему одежда?

На казахском языке составить шесть вопросов и ответов на тему одежда.

East81 4 нояб. 2020 г., 17:10:00 | 1 - 4 классы

Помогите пожалуйста составить текс из пяти предложений про школу(школа №7) на казахском языке?

Помогите пожалуйста составить текс из пяти предложений про школу(школа №7) на казахском языке.

Большое спасибо!

Serzheg 28 нояб. 2020 г., 07:24:51 | 1 - 4 классы

Пять предложений о зиме на казахском языке?

Пять предложений о зиме на казахском языке.

Если вам необходимо получить ответ на вопрос Помогите составить пять или шесть предложений на казахском языке про канбак шал?, относящийся к уровню подготовки учащихся 1 - 4 классов, вы открыли нужную страницу. В категории Қазақ тiлi вы также найдете ответы на похожие вопросы по интересующей теме, с помощью автоматического «умного» поиска. Если после ознакомления со всеми вариантами ответа у вас остались сомнения, или полученная информация не полностью освещает тематику, создайте свой вопрос с помощью кнопки, которая находится вверху страницы, или обсудите вопрос с посетителями этой страницы.